31 желтоқсан 2010 жыл
Дт Кт
7330 2030 1732 теңге
немесе
5440
2030
Әділетті құн – бұл баланста көрсетілетін сома. Әрбір есеп беру
мерзіміне облигациялар оларды иеленуден алынған табыстың немесе
шығыстың сомасын түзете отырып әділетті құны бойынша көрсетіледі.
Әділетті құнның корректировкалануын инвестициялық портфель
бойынша көрсетейік. Мысалы: «Арман» корпорациясында 2010 жылғы 31
желтоқсанда сатуға арналған қолда бар бағалы қағаз ретінде есепке алынған
қарыздық бағалы қағаздардың екі түрі болды делік. Бұл бағалы қағаздардың
әділетті құнының корректировкалануы төмендегі кестеде келтірілді.
Сатуға арналған қолда бар қарыздық бағалы қағаздар
портфелі
31 желтоқсан 2010 жыл
Инвестициялар
Амортизацияланушы құн
Әділетті құн
Бағалы қағазды
иеленуден алынған
пайда (зиян)
«Капитал»
корпорациясының
8%-
дық
облигациялары
93537
103600
10063
«Достық»
корпорациясының
10%-
дық
облигациялары
200000
180400
(19600)
Инвестициялық
портфельдің
жиынтығы
293537
284000
(9537)
Бағалы қағаздардың
әділетті құнының
корректировкалануы
(9537)
Компаниядағы сатуға арналған қолда бар қарыздық бағалы қағаздар
бойынша инвестициялық портфельдің жалпы әділетті құны 284000 теңгені
құрады. Бағалы қағаздарды иеленуден алынған жалпы пайда – 10063 теңге,
ал шеккен зиян – 19600 теңге болды. Бұл кәсіпорынның бағалы қағаздарды
иеленуден 9537 теңге таза зиян шеккенін көрсетеді. Яғни, сатуға арналған
қолда бар қарыздық бағалы қағаздардың әділетті құны амортизацияланған
құнынан 9537 теңгеге аз болып отыр.
71
«Арман» корпорациясында сатуға арналған қолда бар қарыздық бағалы
қағаздардың құнының азаюы және одан кәсіпорының шеккен зияны
төмендегі бухгалтерлік жазу арқылы көрсетіледі:
31 желтоқсан 2010 жыл
Дт Кт
7330 “Қаржылық құралдардың
әділетті құнының өзгеруінен болған шығыстар” 9537
2030 “Сатуға арналған қолда бар
ұзақ мерзімді қаржылық инвестициялар” 9537
Достарыңызбен бөлісу: