-
басқадай түсімдер.
2.
Ақша қаражаттарының шығуы:
-
материалдық емес активтерді, негізгі құралдарды және басқа ұзақ
мерзімді активтерді сатып алу;
-
қаржылық инвестициялар алу;
-
басқа заңды тұлғаларға несие беру;
-
басқадай төлемдер.
Инвестициялық қызмет бухгалтерлік баланстың ұзақ мерзімді активтер
бөлімінде көрсетіледі. Оған бухгалтерлік баланстың ағымдағы активтер
бөлімінде көрсетілетін қаржылық инвестицияға әсер ететін операциялар да
жатады. Инвестициялық қызмет акцияларды, негізгі құралдарды және т.б.
сатып-өткізуден болатын табыс немесе зиян (шығыс) көрініс табатын
кәсіпорынның қаржы шаруашылық қызметінің нәтижесі жөніндегі
қорытынды есепте де көрсетіледі.
Қаржылық қызмет
–
кәсіпорынның нәтижесі меншікті капитал және
қарызға алынған қаржылардың құрамы мен мөлшерінің өзгеруі болып
табылатын қызметі.
Ақша қаражаттарының легі (қозғалысы) кәсіпорын қызметін
қаржыландыру көздерін анықтауға және де алынған несиелер бо-йынша
қаржы мекемелеріне кредиторлық борыштарды жою үшін төленетін болашақ
төлемдердің мөлшерін болжауға мүмкіндік береді.
Қаржылық қызметтің нәтижесінде болатын ақша қаражатта-рының
қозғалысын төмендегі операциялар айқындайды:
1.
Ақша қаражаттарының келіп түсуі:
а) акцияларды және басқа бағалы қағаздарды шығарып, сатып-өткізуден;
ә) банк несиелерін алу;
б) басқадай түсімдер.
2.
Ақша қаражаттарының шығуы:
а) банк несиелерінің қайтарылуы;
ә) меншікті акцияларды қайта сатып алу;
б) дивиденд төлеу;
в) басқадай төлемдер.
Достарыңызбен бөлісу: