Күз
Тамыз айының аяқ кезінде күн салқындайды. Оны, әсіресе, таңертең ерте сезуге болады.Қырқүйекте кейде жеңіл
аяздар да болып қалады.Ертеңгісін шөптер мен үй шатырына қырау түседі.
Дала барған сайын жалаңаштана береді.Гүлдер қурап,шөптер сола бастады. Ағаштардың жапырақтары түрлі - түсті. Тек қарағай, шыршалар ғана жап – жасыл.
Күздік бидай даланы көркейтіп барқыттай жайқалып тұр. Уақытында бәрі де солады. Бірақ күздік егін үсілмейді. Ақша қардың астында қауіпсіз көктемге шейін жатады.
Жыл құстары жылы жаққа ұшып кетті. Адамдар құстармен қимай қоштасты. Көктемге дейін оларды сағынышпен күтеді.
Күз – жыл мезгілдерінің ең бір тамаша уақыты. Күзгі табиғат адамның көңіл күйіне де көп әсер етеді.
Күз
Міне қыркүйек туды. Күн қысқарып, түн ұзарды. Аспаннан бұлттар қаптап, сіркіреп жаңбыр да жауып тұр. Күн сирек көрініп, аз жылытады. Анда-санда таңертең салқын болып қояды. Өткір суық жел арық малды, жұқа киімдіні қыса бастады. Жұрт күземі алған, киізін де басып алды. Маса, шыбын, құрт-құмырсқа жоқ болып кетіпті, құстар да жылы жаққа ұша бастады. Қарлығаштар көптен көрінбейді. Аспанда тырналарда ұшып барады. Ағаштардың жапырақтары сарғайып түсіп, шөптер де қурап қалған. Егіншілер астығын жинап алды. Шабындыда әр жерде ғана жаңбарға сарғайған шошақтар тұр.
Ел тегіс биесін ағытып, пысық әйелдер желі-ноқтасын кептіріп алды. Жазды күні көп байлағаны есіне түсіп, шалдар арық құлынын аяп отыр. Ер азамат қыстауды түзеп, кемпір мен шал, балалар отбасында отыр. Жаз рахат болса, киіз үйдің күздігүні суығын-ай.
Күз
Күз келді. Күз тамаша уақыт. Биыл күз жақсы. Жеміс, көкөніс мол. Колхоз, совхозда адамдар қызу еңбекте. Күзгі егінді төкпей, шашпай жинап алу жолында еңбек етуде. Күздің алғашқы белгісі-кейбір ағаштардың жапырақтары ептеп сарғая бастайды. Мысалы қарақаттың жапырағы бірінші болып сарғаяды. Ауа-райы да бұзылып, суыта бастайды. Жиі жаңбыр жауып, ағаштың жапырағын жұлып жерге түсіреді. Құрт-құмырсқа өздеріне тамақтарын тасып індеріне тығылады. Құстар да жылы жаққа қарай топ-топ болып ұшып кетеді.
Жыл мезгілдері
Бір жылда төрт мезгіл бар: қыс,көктем,жаз,күз.Бір мезгілде үш ай бар. Үш ай - бір тоқсан.
Жылда он екі ай бар. Қыс айлары – желтоқсан, қаңтар, ақпан; көктем айлары – наурыз, сәуір, мамыр; жаз айлары – маусым, шілде, тамыз; күз айлары – қыркүйек, қазан, қараша.
Көктем – тамаша кез. Көктемде күн жылы, салқын мес, кейде жаңбырлы, кейде құрғақ.
Жаз – ең жақсы кез. Жазда күн ыстық, жаңбыр аз. Жаз – демалыс кезі.
Күзде күн салқын, жаңбыр көп. Күзде жеміс – жидек, көкөніс өте көп.
Қыста күн суық, қысқа, ал түн ұзақ. Қыс - өте әдемі, ақ қарлы, керемет кез!
Әр айда төрт апта, әр аптада жеті күн бар. Олар: дүйсенбі, сейсенбі, сәрсенбі, бейсенбі, жұма, сенбі, жексенбі. Демалыс күндері – сенбі, жексенбі, қалған күндер – жұмыс күндері.
Қазақстанда мереке күндері қаңтарда, наурызда, мамырда, тамызда, қазанда және желтоқсанда. Бір тәулікте 24 сағат бар. Қазір сағат екі. Бізде сағат он бесте жиналыс бар. Сау болыңыздар!
Тырна
Қар еріп сай-сала бұлақ сылдырына толғанда, көгілдір көктемнің көктегі жаршысындай болып тыраулап тырналар келеді. Оның алыстан талып жеткен үнін естігеніңмен, көзіңе бірден шалына қоймайды.
Көк аспандағы әсем үн бірте-бірте айқындала түседі. Сонау көз ұшында тізбектеле ұшқан тырналарды сонда ғана көресің. Олар өткен күзде тастап кеткен мекеніне қарай бір-бірімен тыраулай, қалықтап бара жатады.
Күн аясына қона, тырналар аялдама жасайды. Ұзақ жолдан шаршаған олар түні бойы қонақтап, ертеңгі сапарға күш жинайды. Бәріміз осындамыз ба дегендей-ақ таңертең бір-біріне дауыс беріп, түгендеп, хабарласып алады да, аспанға қайта көтеріліп, сап түзеп, кете барады. Тырна өте сақ құс. Күзетте тұрған кәрі тырна жақындап келе жатқан адамды сезіп қалса болды, тыраулап қатер белгісі бере қояды.
Механизатор
Егін де пісті. Астықты алқапта қаздай тізіліп, комбайндар кетіп барады. Комбайн бидайды орып, оны бастырады. Таза дән комбайнмен қатар келе жатқан автомашинаның қорабына құйылады.
Қазір егіс алқабындағы барлық жұмысты бүтіндей дерлік машиналар атқарады. Сонда осы машиналарды жүргізетіндер кімдер? Әрине механизаторлар.
Механизатор машинаның, трактор двигателінің, комбайнның құрылысын жетік меңгерген. Егер бұл машиналардың біреуі бұзылып қалған күйде, қалай жөндеу керектігін ол жақсы біледі. Егін егу немесе астық жинау науқаны қызған шақта машиналар бос тұруға тиіс емес. Барлық бригадалар мен колхоздың машина парктерінің ойдағыдай жұмыс атқаруы механизаторға байланысты. Астықты дер кезінде жинап алудың барлығын машиналар мүлтіксіз жұмыс істегенде ғана жүзеге асады. Бұл күнде механизатор мамандығының ауыл шаруашылығындағы құрметті мамандықтың бірі болып есептелуі де сондықтан.
Ауа райы
Жылдың төрт мезгілі бір – біріне ұқсамайды. Қыста қатты аяз, жазда ыстық, күзде қоңыр салқын күндер жиі болады. Көктемде күн жылына бастайды.
Жазда желсіз, аспан көбінесе бұлтсыз ашық болады. Жаңбыр онша көп жаумайды. Жазда күн ұзақ, түн қысқа болады. Маусымның 22 сінде күн мен түн теңеледі.
Жаздан кейін қоңыр салқын күз де келіп жетеді. Қараңғылық ерте түседі. Аспанда қара бұлт қаптап, жауын да жиі – жиі жауады. Қар аралас жауын – шашын болады.
Қыста дала, орман үйлер ақ қар жамылады. Өзендер мен көлдердің бетін көгілдір мұз жабады. Күн аязды, жер тайғақ болады. Бұл кезде енді күн қысқа, түн ұзақ болады.
Қыстан кейін көптен күткен көктем де келеді. Бұл кезде күн жылына бастайды. Табиғат қысқы ұйқысынан оянады. Түн қысқарып, күн ұзарады. Күннің көзі жарқырайды. Кейде жылы жаңбыр жауып, оңтүстіктен жылы жел еседі. Енді көктем өз орнын жазға береді.
Жылдың әр мезгілінен ауа райы өзгеріп тұрады. Сондықтан адамдар ауа райының болжауын радиодан, теледидардан біледі. Ауа райын бір-екі күн, апта, ай бұрын алдын ала болжауға болады. Мұнымен метеорология ғылымы айналысады. Ауа райын болжайтын қарапайым аспаптардың бірі – барометр. Ал, Жердің жасанды серіктері жоғарыдан ауа райының жағдайын, өзгерісін бақылайды да, радио арқылы Жерге хабарлап отырады.
Ауа райының құбылысын алдын ала біліп отыру кеме капитандарына, ұшақтарға, автомобиль жүргізушілеріне, теміржолшыларға, құрылысшыларға, егіншілерге және малшыларға аса қажет.
Қолшатыр
Қолшатырды басына көтеріп жүру бұдан бірнеше мың жыл бұрын Шығыс елдерінде пайда болған. Оны байлығын көрсету үшін, Египет фараондары, Қытай алпауыттары ұстайды екен. Қолшатыр алтынмен , асыл тастармен, гүлдермен, тіпті құс қауырсындарымен де әсемделген.
Европада қолшатыр пайда болғанына бірнеше ғасыр болды. Ол күннен, жауыннан қорғайтын тамаша құрал саналады. Алғашқы қолшатыр теріден жасалды, әрі ол ауыр болған.
ХІХ ғасырдың ортасында осы күнгі қолшатырды енгізгені үшін ағылшын Г.Фокске патент берілген.
Жапонның Камо қаласында ең ірі қолшатыр жасалды. Оның диаметрі – 5,7 метр, сабы – 7 метр.
Жайлау
Жылда төрт маусым бар, әр маусымда үш ай,яғни тоқсан күн болады.Көшпелі халық әр маусымға қарай мал жайылымын өзгертіп, қоныс аударып отырған. Оны: көктеу, жайлау, күзеу, қыстау деп атаған.
Ерте кезде малшылар көктем айларында қыстаудан алыс жерге көктеуге көшіп малын төлдететін. Содан кейін жайлауға көшіп, маусым, шілде, тамыз айларын сонда өткізетін. Жайлау – қыстаудан алыс жатқан жердегі жазғы қоныс. Оның шөбі жақсы, суы мол жерден таңдайды. Онда жылдың үш маусымында ешкім болмайды. Қыстан арықтап шыққан мал жайлауда тойынып, семіреді. Мал ғана емес адамдар да рахаттанады. Бие байлап, қымыз ішеді, айран ұйытып, құрт, ірімшік қайнатады. Қысқа арнап азық-түлік әзірлейді.
Біздің Республикамызда табиғатты аса сұлу жерлер мен тау жайлаулары бар.Олар – Қарқара,Асы,Шөлкөде
-
Болжау стратегиясы Төмендегі мәтін оқылады және сұрақтар қойылады.
|
Қылмыс пен жаза
Алтын күз. Алма, өрік, алмұрт пісті. Жеміс жидектер жиналуда. Серік пен беріктің бауындағы жеміс ағаштары биыл жақсы өнім берді. Көкесі: «Алмаларды бірер күнде жиып, қысқа сақтап қоямыз»-деген.
Бірақ көрші тұратын Дауылбай деген бала бірнеше рет велосипедіне мініп, алмаларын ұрлап қоймады.
Серік пен Берік үлкен магнит темір тапты.
Дауылбай тағы алма ұрлауға келді. Көйлегінің ішін алмаға толтырды.
Дәл осы кезде Серік пен Берік магнитпен велосипедті тартты. Ұрлықшы жерге құлап түсті. алмалары шашылды. «Ұрлық түбі-қорлық» деген осы.
Мәтін бөлініп оқылады, әр бөлігі оқылған сайын сұрақтар қойылып отырады.
Осы үзіндіні оқығанда сіз қандай сезімде болдыңыз?
Әңгімедегі негізгі мәселе не деп ойлайсыз?
Қандай мәселе тұйықта тұр?
Неге олай ойлайсыз?
Не сезіп отырдыңыз?
Сіз Серік пен Беріктің орнында болғанда өзіңізді қалай сезінер едіңіз? Не істер едіңіз? Неге?
Қандай жақсы жағы болды?
Қандай жағымсыз жағы болды?
Енді не болады деп ойлайсыз?
Оған қандай дәлел бар?
Әңгімедегі үлкен мәселе не деп айта аласыз?
Мәтіндегі «Ұрлық түбі-қорлық» дегенді қалай түсінесіз?
-
Болжау стратегиясы Төмендегі мәтіндер бөліктерге бөлініп оқылады және одан әрі не болуы мүмкін деген сұрақтар қойылып, мәтін талданады.
|
Абай жолы
Шытырманда
(үзінді)
Қарашоқыны бөктерлеп, Аймаңдай аттың жол жорғасымен жүріп отырып, Абай:
Шыңғыстың бөктері тегіс көктепті-ау!-деп айналаға көз жіберіп келе жатты.
Аласа, ал күрең бетеге даланы да, бөктер, беткейді де тегіс көгертіп, жасарта бастаған. Бірақ аспан ашық емес.
Жалғыз-ақ осы бір суық жел мен бұлт айықпайды екен!-деді.
Екі-үш күннен бері бұл өңірде күн бұлыңғыр болған. Және қыстың соңғы салқын тынысы сияқтанып бір суық жел білінуші еді.
Е, сәуір жаңа туды ғой. Сәуірдің басы осылай бұлтты суық болатын әдеті ғой!-деп, Қарабас қыстыгүні қар болатынын айтқандай, мерзім айтты.
- Неге? Сәуір қыстың айы емес! Жаздың айы емес пе? Жылда бүйтеді деймісің?
- Жылда сүйтеді. Сәуірді осы жұлдыөша не дейді?
- Апрель дейді.
- Ендеше сол апрелің осы. «Сәуір болмай, тәуір болмас» деп, бұрынғылар текке айтпаған. Сәуірдің басындағы суық бітпей, жаз шықпайды дегені,-деп, Қарабас Абайға ай-айдың мәнін айта бастады.
Бұл жөнінде Қарабас атшабарда Абай сезбей жүрген көп білім бар екен. Сәуір-бұл айдың арапша аты. Қазақша-мамыр. Одан соң маусым... Абай қазақша ай атының бәрін сұрап, қайта-қайта қайырып жаттап алды.
Бірақ сәуір турасындағы жаңағы сөзді алғаш есіткені осы еді. Жазға салымның ең жайсыз кезін әнеугүні әжесі «отамалы» деп атап еді.
Осы «отамалы» немене? Не деген сөз еді?- деп, Абай соны сұрады.
Отамалы көкек айының он бірінде кіріп, он жетісінде шығады. Желсіз, борансыз өтпейді. Қыстың ең соңғы зәрі
сонда. Отамалы деп атанғаны бір байдың Отамалы деген қойшысы болған екен. Сол бақыр күн қайырады екен-ау! Көкектің суығы басталған уақытта, әлгі қойды жайылысқа шығармайық, боран болады. Қойдың қыстан титықтап шыққан кезі малыңнан айырыласың десе, байы бір діні қатты кәпір екен. Сен тығыршылық қып алдап отырсың деп, Отамалыны сабап-сабап қойды жайылысқа шығартады. Сол күні, құдай көрсетпесін, бір қатты боран басталып, тақ үш күн, үш түн соғысып, бар қой ығып кетіп қырылыпты да, қойдан қалмаймын деп, Отамалы бақыр да, үсіп өліпті. Көкектің суығы- «отамалы» атанғаны содан дейді. Әжең соны біледі ғой,-деді Қарабас.
Қарға қызықпа
Көшенің жоғары басында айналасын балапан теректер қоршаған үш қабат биік үй тұр. Бұл-мектеп. Мектептен сөмке ұстаған үш бала жүгіріп шықты. Бұлар мектеп оқушылары- Айман, Ажар, Жұлдыз. Ажар тоқтай қалып, қарға еңкейді. Кіп-кішкене саусақтарымен суық қарды шеңгелдей уыстап алды да, тілімен жалап жей бастады.
Айман, айнымаған балмұздақ, қандай жақсы!-деп қояды.
Бөспе. Балмұздақ тәтті.
Иә, саған. Балмұздақ та осындай аппақ, суық, жегенде тісің тоңады.
Бәрібір тәтті.
Қант қосса, бұл да тәтті болады.
Айман да қарды асап-асап жіберді. Бұларға қарап келе жатқан Жұлдыз:
Осы қардың барлығы балмұздақ болса, бәріміз ауырып қалар едік,-деді.
Жоқ ешкім ауырмайды,- деді Айман.
Ауырмаса, мына Ажар алты балмұздақ жеп, қалай ауырды? Ұмытып қалдың ба?
Ауырғанмен, жазылып кетесің.
Оның несі жақсы?..
Ажар жауап бере алмады. Күздегі ауырғаны есіне түсіп:
Енді жемеймін,-деп жүре берді.
Айман да тоңып, қызарып кеткен саусақтарын аузына апарды.
Бұдан мұз жақсы, қытырлатып жейсің.
Сол кезде гүрілдеген дыбыс естілді. Ажардың әкесі машинасымен келді де, үшеуін мінгізіп алып кетті.
Ажардың шешесі Бану:
Мынаған не болған, кіртиіп отырғаны несі, неге шайыңды ішпейсің? – деп сұрады.
Үстелдің бір шетінде басы ғана қылтиып көрінген Ажар:
Тамағым,- деді жыламсырап, үлкен қара көзінде жас мөлтілдеп, төгілгелі тұр.
Не болды?- деді анасы, маңдайына қолын апарып.- Күйіп тұр. Су іштің бе?
Жоқ.
Енді не екен, Ә?-деп таңырқады анасы. – Қар жеп пе едің?
Иә, аузыма салып ем,-деді жұтына алмай.
Бәсе,- деп күйгелектеген анасы дәрі іздеп, әбігер болды. Тамақ ішілмей қалды. Сондай көңілсіз.
Әлі мектепке бармаған Айдар Ажардың қасына келіп:
Қар, мұз жеуге, қайнамаған су ішуге болмайтынын неге білмейсің?-деді.
Ажардың өңі өте аянышты еді.
Берілген мәтіндерге Болжау стратегиясымен бірге «Терминдер арқылы болжау» стратегиясын қолдануға болады». Мәтінге қатысты кез келген бірнеше сурет көрсетіледі. Мынау не деп ойлайсыз? Оқиға не туралы болады деп ойлайсыз? Жұпта әңгіме құрады, дәптерге түсіреді. Сызба толтырады
Не болады деп ойлайсыз
|
Оған қандай дәлел бар
|
Не болды
|
|
|
|
|
Төрт мезгіл
(Ертегі)
Ерте-ерте ертеде атақты жыл ақсақалдың екі ұлы, екі қызы болыпты.
Төртеуінің мінезі төрт түрлі екен.
Үлкені Қыс тентек, ашулы, қатал болып өсіпті.
Одан кішісі Көктемгүл көңілді, ашық-жарқын мінезімен, асқан сұлулығымен көрген жанды таңырқатыпты. Жүрген жерін майдай ерітіп, гүл жазираға, әсем әнге бөлейді екен.
Одан кішісі жазгүлдің даңқы жайдары, салмақты мінезімен шығыпты. Жүрген жері думан екен. Бұл да мәртіктен алдына жан салмапты.
Кенжесі Күз, ерке болып өскендікі ме, мінезі сылбыр, әрі жылауық болыпты. Болмашы нәрсеге өкпелеп, аузы бұртиып, қабағы түйіліп, көзінен мөлт-мөлт жас тамшылапшыға келеді екен. Бірақ, бір жақсысы, қолы ашық, жомарт болыпты.
Жыл ақсақал төртеуін де өте жақсы көріп, қанаттыға қақтырмай, тұмсықтыға шоқытпай бағып-қағып, еркін өсіріпті.
Перзенттері де оны қатты құрметтеп, сыйлайды екен.
Ұлдары мен қыздары есейгеннен кейін, Жыл ақсақал оларды алдына шақырыпты.
Ұлдарым мен қыздарым! Ақылдарың толыты, буындарың бекіді. Оң-солды таныдыңдар. Енді мен сендердің келешектеріңе үлкен сенім артып, зор міндет жүктегелі отырмын. Бұған не дейсіңдер? – деп, ол ұлдары мен қыздарына сынай қарапты.
Мен дайынмын! – депті қызу қанды Қыс қатулы қабағымен сүзе қарап.
Мен де, - депті Көктемгүл сұлу қасын кере түсіп.
Мен де, - депті Жазгүл жайдары, ашық даусымен.
Мен де, - депті жылауық Күз аузын бұртитып.
Жыл ақсақал ұлдары мен қыздарына сүйсіне қарап, риза болады.
Ендеше, біліп қойыңдар. Біздің арғы атамыз – Уақыт. Одан – Ғасыр, Ғасырдан туған – мен «Жыл». Мен сендерге сол он екі Айды үш – үштен теңдей бөліп, енші бергім келіп отыр, - деп, Жыл ақсақал салалап, іркіліп қалады.
Алақай, - деп, қол шапалақтайды қуаныштан жүздері бал – бұл жанған Көктемгүл мен Жазгүл.
Мен дайынмын! – дейді салқын қанды Қыс сыр бергісі келмей.
Мен де, - дейді жылауық Күз көз жасын сүртіп жатып.
Жыл ақсақал алып денесін тіктеп алады.
Ендеше былай. Мына әр қағазға Ай аттары жазылған. Әрқайсың үш – үштен алатын болыңдар, - деп ол ораулы он екі қағазды шашып жіберіпті.
Ұлдары мен қыздары шашылған қағаздарды таласып – тармасып алып жатады.
Желтоқсан, қаңтар, ақпан, - деп оқыпты Қыс.
Наурыз, сәуір, мамыр, - деп оқыпты Көктемгүл.
Маусым, шілде, тамыз, - деп оқыпты Жазгүл.
Қыркүйек, қазан, қараша, - деп оқыпты Күз.
Жыл ақсақалы қол көтеріп, «тынышталыңдар!» деген белгі береді. Қайта жым – жырттық орнап, ұлдары мен қыздары ақсақалдың аузына қарайды.
Сонымен үш ай кезекпен жұмыс істейтін боласыңдар. Ал жолдарың болсын! Бірақ та бір ескертерім сол, әрқашан халық үшін, адамдар үшін қызмет ететіндеріңді ұмытпағайсыңдар, - дейді де, Жыл ақсақал орнынан тұруға ыңғайланады.
Содан бері жылдың төрт мезгілі – көктем, жаз, күз, қыс адамдарға қалтқысыз қызмет етумен келеді.
«Төр мезгіл» ертегісі бөліктерге бөлініп оқылады. Бөліктердің арасында «Одан әрі не болады»-деп ойлайсың деген сұрақ қойылып, жауаптары мәтінмен салыстырылып отырады. Мысалы:
Ұлы мен қыздарының аттары кім деп ойлайсың? Оған қандай дәлелің бар.
Кімнің мінезі қандай деп ойлайсың?
Жыл ақсақал ұлдары мен қыздарын алдына шақыртқанда не туралы айтуы мүмкін деп ойлайсың?
Арғы аталары кім болуы мүмкін?
Шашылған 12 қағазда не жазылуы мүмкін?
Айларды ұл, қыздарына бөліп бергеннен соң, Жыл атасы не деп айтты деп ойлайсың?
Оқып отырғанда қандай сезімде болдың?
Ертегі несімен ұнады? т.с.с
Басқа берілген мәтіндерді осы жобалас сұрақ қойып отыру арқылы талдауға болады.
|
Терек пен алма ағашы
(ертегі)
Қарт бағбан ерте көктемде бақтың ортасынан ыңғайлы жер сайлап, терек пен алма ағашының талдырмаш шыбықтарын отырғызыпты. Құнарлы жерге түскен, күтімі жақсы жас ағаштар демде ақ көгеріп, бүршік атып, жапырақ жая бастапты. Бірнеше жылдан соң олар жайқалған үлкен ағаштар болып шығады. Терек өзінің ұзын бойын сидитып, сылана көкке өрлейді. Ал алма ағашы болса бұтақтарын кең жайып, ақ гүл жарады.
Есейе келе, бұлардың арасындағы бұрынғы достық суыса түседі. Терек өзінің биіктігін мақтаныш тұтып, алма ағашына менмендіпен кекірейе қарайтын болады. Тіпті ол бала жастан бірге өскен досына өктем сөйлейтінді шығарады.
Алма ағашы өте әдепті екен. Ақылсыз досының бұл мінезін кешіріп, әрдайым терекке күн шапағымен бірге амандасады екен.
Алма ағашы күні бойы жас гүлдерін мәпелеп, тіпті уақыттың қалай өткенін білмей қалады. Ал терек жіп-жіңішке мойнын көкке созып, айналасына мақтанумен болады. Бірақ терекке ешкім көңіл бөліп таңырқамайды. Бақтың маңынан өткен жұрт қайта момақан алма ағашының жемісіне ынтыға қарап, мақтасумен болады. Бұған долданған терек бір күні:
Айналада қандай қызық оқиғалар, сұлу көріністер бар, соның бәрін көріп-біліп тұрамын. Табиғатты өзімді
осындай бойшаң етіп жаратқанына дән ризамын. Ал сенің күйің қандай аянышты, алма досым! Мықырайған бойың мынау, мен көрген тамашалардың бәрінен әр кез құр қаласың. Тіпті жаным ашиды,-деп, алма ағашын аяғансып ширатыла сөйлейді.
Алма ағашы әдептілікпен жай ғана:
Жаның ашып, достық көңіл білдіргеніңе рақмет! Бірақ мен үшін босқа күйінесің, бауырым. Менің өмірім де қызықсыз өтіп жатқан жоқ. Бақ ішінде бізден де аласа қанша достарымыз бар. Әрқайсысының сен білмейтін сырлары қанша! Ертелі – кеш ескен ерке самалдың дүниенің төрт бұрышына жеткізіп құлағына сыбырлайтын әңгімесі қандай қызық! Міне солармен сырласудан тіпті қолым да тимейді, - деп, сыпайы жауап береді.
Терек алма ағашының бұл сөзінен тосылып, өзінше іштей қысылып қалады. Оны мұқату үшін айтқан сөзінің ойынан шықпағанына күйінеді. Алма ағашын бұрынғыдан да жаман күндей түседі.
Бағбанның апалы – сіңлілі өрімдей сұлу екі қызы бар екен. Алма гүл жарғаннан бастап, олар күнде келіп, мәпелеп күтумен болады – нәрлі, нәзік гүлдеріне көбелек қондырмай, мақпалдай қою жапырақтарына құрт жолатпай, нәресте сияқты аялайды. Ал сидиған терекке олар тіпті көз қиығын да салмайды. Терек тағы да алма ағашына:
Сені қанша әлпештегенмен, маған жету қайда.Ақымақ қыздар кімнің қадірін білмек еді, - деп, ызаланып кекірейді.
Әр нәрсе өз қасиетіне лайықты адам еңбегін сыйға алады. Мен олардың төкке терін жыл сайын өтеп отырмын. Ең болмаса осыған түсінсеңші, досым! – депті мұңайып.
Күншіл терек алма ағашына безере бір қарап, теріс айналыпты. Арадағы осы сөзден кейін, терек алма ағашымен
сөйлесуден қалыпты. Тентек самал көтерілсе – ақ бұтақтарын сумаңдатып, алма ағашының нәзік гүлдеріне үрей төндіреді. Сусылдап, айналаға алманы жамандай бастайды. Алма досының әділетсіздігінен ауырып, ауыр мұңға батады.
Бұл жағдайды көптен сезіп жүрген бағбан бір күні қолына балтасын алып келіп, терекке былай депті:
Өмірде адам еңбегі босқа кетпеуі тиіс. Оны немен болса да өтеу керек. Әр заттың қажетті орны бар. Міне, сен де сол орныңа жұмсалуға тиістісің.
Бір қауіпті сезген терек өзін мәпелеп өсірген қартқа қахарын шашып, түксие қалыпты. Бағбанды үрейлендірмекші болып, құзар басын шайқалта шұлғып, бұтақтарын сусылдатады. Бірақ бағбан асықпай, теректің діңін шаба бастайды. Тамырынан қиылып, әлсіреген терек шайқалып барып, бақ шетіне құлап түседі. Терек сол орнында үнсіз қалпымен сұлық жатады.
Күншіл де болса, жанындағы досынан алма ағашы қатты қайғырады. Ол күн сайын таң шапағымен өзінің досын еске алып, қамығады екен. Шынында солай, ерте тұрып, алма ағашының жапырағына абайлап қарасаң, моншақтай мөлдір тамшыларды көресің.
Осыдан соң ешбір бағбан алма ағашы мен теректі бірге екпейтін болыпты.
Көктем сәні
Таң атты. Барлық жан – жануар ұйқыдан оянды. Қартайғандікі ме, аң патшасы Арыстан кешеуілдеп тұрды. Керілді, созылды. Айналаға көз салды. Дала жайнап тұр екен. Көңілденіп сала берді.
Жар салдыр, - дейді Жолбарысқа. – Аң біткен жиналсын!
Арыстан үйшігінің алдына аң біткен шүпірлеп толып кетті.
Бәріңе бір сұрақ беремін, - дейді Арыстан, жиналғандарға жағалай қарап алып. – Көктем сәні неде?
Жасыл желек, - деді Ақбөкен.
Тоғай, - деді Қоян.
Тау мен тас, - деді Арқар.
Дала, - деді Шошқа.
Ашық аспан, - деді Түлкі.
Салқын самал, - деді Бұғы.
Еңбек, - деді Піл.
Шалқыған көңіл, - деді Аю.
Шаттық, - деді Керік.
Күлкі, - деді Борсық.
Жігер, - деді Қодас.
Шуақ, - дді Саршұнақ.
Аңдар айтып біттік дегендей, іркіліп қалды.
Арыстан оқты көзін үнсіз отырған Елікке қадады:
Елік лып етіп орнынан тұрды да, Арыстанның алдына келіп:
Тақсыр! Мен айтатын ештеңе қалған жоқ. Меніңше, көктем сәні – осы айтылғандардың бәрі. Солардың бәрін қоссақ, көктемнің сәні шығады.
Еліктің сөзіне бәрі қол соғып, риза болды. Аңдар көңілді тарасты.
Әдеби үйірме стратегиясы Жоғарыда берілген мәтіндер бойынша сынып 4 топқа бөлінеді
Сілтеме табушылар (мәтіннің қызық жерін табады)
Сұрақ қоюшылар (мазмұнын ашатын сұрақтар дайындайды)
Реттеушілер (оқиға қалай басталды, қалай өрбіді, соңы қалай болды)
Із кезушілер (оқиғаның ішінен мақал-мәтел болатын негізгі ойды түйіндеу)
|
Нобайлау стратегиясы Параққа тақырып жазып, оқушы әр сөйлемнен кейін бір сөйлемге орын тастап жазады.парақтарын алмастырып жұптағы оқушы ойды жалғастырып сөйлем жазады. Толық мәтіндері оқылады.
|
Наурыз
Наурыз- халықтың көктемгі мерекесі. __________________________________________ . Наурызда күн жылынады, қар ери бастайды. __________________________________________ . Құстар ұшып келеді. __________________________________________ . Ағаштар бүршік жарады. _________________________________ .
Қыс бойы ұзақ ұйқыдан аралар да, жәндіктер де оянады. __________________________________________ .
Малдар төлдейді. ______________________________ . Наурыз мерекесінде қазақтар дәстүр бойынша ағаш, гүл егеді. ____________________________________ . Бидай көже жасайды. ______________________________ .
Жастар алтыбақан тебеді, өлең айтады, би билейді. __________________________________________ . Наурыз күнін шаттықпен өткізеді.
Жаңа жылды қарсы алу
Жаңа жылды былай қарсы алады: __________________________________________ . Шыршаға әдемі ойыншықтар, түрлі-түсті электр шамдарын іледі. __________________________________________ . Отбасы мүшелері дастархан басына жиналады. __________________________________________ . Олар түнгі сағат он екіде бір-бірін құттықтап жақсы денсаулық, бақыт тілейді. __________________________________________ . Жаңа жыл-қуанышты мереке. __________________________________________ . Балалар үшін үйлерде, мектепте театрларда шырша орнатылады. ______________________________________ . Олар шыршаны айналып билейді. ______________________________ . жаңа жылдық мерекеге Аяз ата мен Ақшақар келеді. __________________________________________ . Олар балаларға сыйлықтар таратады.
Жыл мезгілі
Бұл мезгілде күн ыстық және ұзақ, ал түн қысқа. __________________________________________ . Аспан ашық, жаңбыр аз. __________________________________ . Меніңше, бұл ең жақсы кез. _________________________________
Бұл мезгілде күн өте суық және қысқа, ал түн ұзақ. __________________________________________ . Ол өте әдемі және ақ қарлы кез! __________________________________________ .
Бұл мезгілде күн салқын, жаңбарлы, бірақ кейде жылы, құрғақ. __________________________________________ .
Бұл өте тамаша кез. __________________________________________ . Бұл кезде жеміс-жидек, көкөніс өте көп. __________________________________________ .
Бұл мезгілде күн жылы, салқын емес, кейде жаңбырлы, кейде құрғақ. ______________________________________. Бұл өте керемет кез. __________________________________________ .
Нобайлау стратегиясын диалогта да қолданамын. Бір оқушы берілген тақырыпқа сұрақ дайындап, жауабына орын қалдырып отырады, жұбымен алмастырып бір-бірінің сұрағына жауап береді.
|
Әр жылда неше мезгіл бар?
__________________________________ .
Бір мезгілде неше ай бар?
__________________________________________ .
Бір жылда неше ай бар?
__________________________________ .
Қыс айлары қандай?
__________________________________________ .
Көктем айлары қандай?
__________________________________ .
Жаз айлары қандай?
__________________________________________ .
Көктемде күн қандай?
__________________________________ .
Жазда күн қандай?
__________________________________________ .
Күзде күн қандай?
__________________________________ .
Қыста күн қандай?
__________________________________________
Әр айда неше апта бар?
__________________________________ .
Әр аптада неше күн бар?
__________________________________________
Олар қай күндер?
__________________________________ .
Демалыс күндері қай күндер?
__________________________________________
Жұмыс күндері қай күндер?
__________________________________ .
Қазақстанда мереке күндері қашан?
__________________________________________
Бір тәулікте неше сағат бар?
__________________________________ .
Жыл мезгілдері туралы мақал-мәтелдерді Нобайлау стратегиясына қолдануға болады.
|
Жыл Мезгілдері туралы мақал – мәтелдер
Қыс туралы
Қыс азығын жаз жина Ақ қар көп болса,
Ақ нан көп.
Арбаңды қыста сайла. Қысың қарлы болса,
Шанаңды жазда сайла. Жерің ылғалды болады.
Қыс қарлата, Жерің ылғалды болса,
Дауылдата келеді. Еккенің нәрлі болады.
Көктем көлдете,
Жауындата келеді. Қыстың көзі қырау
Көктем туралы
Сәуір болса, Қысына қарай көктемі,
Күн күркірер. Диқанына қарай кетпені.
Күн күркіресе көк дүркірер.
Сәуірдегі жауын – Наурыз айы - түске дейін мүйіз,
Сауып тұрған сауын. Түстен кейін киіз
Сәуір болмай, жауын болмас,
Жауын болмай тәуір болмас.
Жаз туралы
Жаздың қамын қыс ойла, Жазда шөпті жинасаң -
Бір ойлама, үш ойла. Қыста мал азығы.
Жазда сөкті жинасаң -
Жаз келді, Қыста бала азығы.
Үйрек ұшып, қаз келді.
Жаздың бір күні, қыстың мың күні. Қаз келсе, жаз келер,
Қарға келсе, қатқақ келер.
Шағала келмей, жаз болмас Жаз сайға қонба,
Шаңқан келмей, боз болмас Қыс қырға қонба.
Күз туралы
Егіндікті күз суар, Жаз – береген,
Күз суарсаң, жүз суар. Күз – алаған.
Көктемде түскен бір дән –
Күзде болар мың дән.
Семантикалық карта стратегиясы
жыл мезгілдері
|
айлары
|
күндер
|
түндер
|
адам еңбегі
|
ауа райы
|
мақал-мәтел
|
Жаз
|
|
|
|
|
|
|
күз
|
|
|
|
|
|
|
қыс
|
|
|
|
|
|
|
көктем
|
|
|
|
|
|
|
Қозғалмаңыз, қатып қалыңыз стратегиясы (шеңбер бойымен айналып жүріп «Қозғалмаңыз қатып қалыңыз» дегенде ішкі шеңбер оқушылары сыртқы шеңбер оқушыларына сұрақ қояды, сыртқы шеңбер оқушылары жауап береді, шеңберлер бір-бір біріне сұрақ беріп, жауап алып отырады )
Қыс
|
Көктем
|
Қар жауады
|
Жаңбыр жауады
|
Қарама-қайшы элементтер стратегиясы (Мәтіннің ішіндегі сөздерді алуға болады, немесе жыл мезгілдеріне байланысты басқа сөздермен алмастыруға тіпті мүмкін.)
Жаз
|
Күз
|
Күн ыстық болады
|
Күн салқын болады
|
Қарама-қайшы элементтер стратегиясы
Жыл мезгілдерін оқытқанда «Кубизм» стратегиясын қолданған оңтайлы.1. Қыс туралы(немесе жыл мезгілдеріне байланысты басқа сөздермен алмастыруға болады ) ойды қағазға түсі. 2. Сол ойды жұпта бөлісіп, топта талқылайды Кубиктің алты қабырғасында 6 тапсырма жазылады, кубикті лақтырғанда топқа қай тапсырма түседі соны орындайды. Тапсырмалар:
1.Талқылаңыз 2. Қолданыңыз 3. Зерттеңіз 4. Ойыңызбен байланыстырыңыз 5.Ссуреттеңіз 6. Салыстырыңыз
|
Найзағай
Жаздың адам төзгісіз қапырық ыстық күні. Көк жүзіндегі түйдек-түйдек қою бұлттар барған сайын киіздей ұйысып, әп-сәтте көгілдір аспан мен жарқырап тұрған күнді бүркеп алды. Сәл тыныштықтан кейін кенеттен құйып ойнап, аспаннан ірі-ірі жаңбыр тамшылары тамшылай бастады. Содан соң шелектеп құйып берді. Найзағай ойнап, күн күркіреді.
Аспандағы бұл не құбылыс? Неліктен найзағай ойнайды?
Жер бетінен шыққан бу биікке көтерілгенде, қатты салқындап, су тамшыларына айналады. Су тамшылары қосылып, іріліне түседі. Ал ауа ағысы оларды біресе жоғары, біресе төмен жөңкілте қуалайды. Жоғарылаған сайын салқындап, су мұз түйіршіктеріне айналады. Мұз түйіршіктері тамшыларға соқтығысып, су оларды қабыршықтап орап алып, қата бастайды. Мұз түйіршіктері ауырлай береді де, бұлттың «төменгі қабатына» түсіп, онда жылырақ болғандықтан еріп кетеді. Бірақ олар құйын екпінімен тағы да жоғары көтеріліп, мұз түйіршіктерімен қайта соқтығысып, су қайтадан қайтады, түйіршіктер ұлғайып, ауырлай береді.
Енді мұз түйіршіктері бұлтпен бірге қалқып тұра алмай, төмен қарай құлайды. Жерге жақындағанда еріп, жаңбырға айналады. Кейде олар еріп үлгермегендіктен, жерге майда мұз түйіршіктері күйінде түседі. Сөйтіп, бұршақ жауады.
Ал қалың бұлт арасындағы су тамшылары мен мұз түйіршіктерінің қозғалысы тоқтамайды. Олар бір-біріне ұрылып, соқтығысып, үйкеледі. Сөйтіп, электр тогімен зарядталады. Бұлттың жоғарғы бөлігінде оң, ал төменгісінде теріс электр заряды пайда болып, олардың арасынан ұшқын шығады. Найзағай жарқылдайды. Найзағай сол мезетте айналадағы ауаны қыздырып, ол тез ұлғаяды да, жарылыс болып, күн күркірейді.
Найзағай тоқтап, қою бұлт сейілгенде, ауа тазарып, тынысың кеңи түседі. Нөсер жаңбыр жерді де, аспанды да жауып өтеді.
білемін
|
білдім
|
білгім келеді
|
|
|
|
Жыл маусымы
Қаңтар-январь – (лат. Januarius) римдердің Янус құдайының атынан алынған. Янус (Janus)- барлық істің басы, аяғы дегенді білдіреді. Қаңтар жылдың бірінші айы. Бұл айда адамдар өткен жылдағы жетістіктер мен жаңа жылда болатын жаңалықтарға қарайды. Римдіктер Жаңа жылды құдайдың өзі берген мереке деп қараған.
Ақпан-февраль-римдердің Februarius деген сөзінен алынған Бұл сөздің мағынасы садақа беріп, күнәден тазалану дегенді білдіреді.
Наурыз-март- көне римдердің Марс (Mars) деген соғыс құдайының атынан алынған. Римдіктер мұны нажағайдың ойнауы күннің күркіреуімен байланыстырады. Марстың суретінде адамның тас төбесінде нажағайдың жалт-жұлт еткен суреті берілген. Италияда бұл сөз шторм айы дегенді білдіреді.
Сәуір-апрель (лат.Aprilis) Бұл сөздің мәні белгісіз. Мүмкін, «ағаштың бүр жаруы» дегеннен шыққан болар.
Мамыр-май римдіктерде Май (Maius)–дала құдайы- молшылық, жеміс-жидектің гүл ашу, түйін тастау дегенді білдіреді.
Маусым-июнь (лат.Junius)- римдердің Юнона деген құдайының атына қойылған. Юнона- Юпитер әйелі деп түсіндіреді.
Шілде- июль (лат.Julius) – бұрынғы календарь бойынша Квинтилис-наурыз айының бері қарайғы бесінші дегенді білдіреді. Юлий цезарьдың туған айы. Сондықтан Юлий цезарьдың атымен аталып кетіпті.
Тамыз- август (лат.Augustus)- Юлий Цезарьдың немересі Августың атына берілген. Бұл сөздің мағынасы «қайырымды», «парасатты» деген ұғымды білдіреді.
Қыркүйек- сентябрь (лат.September)- латынша «жетінші ай» деген ұғымда жұмсалады. Римдердің көне календары бойынша жетінші ай деген ұғымды білдіреді.
Қазан-октябрь (лат.October)– латынның «сегіз» деген ұғымынан алынған.
Қараша- ноябрь (лат.November)– латынның «тоғыз» ұғымынан алынған.
Желтоқсан- декабрь (лат.Desember) – латынша «он» деген ұғымда жұмсалады.
білемін
|
білдім
|
білгім келеді
|
|
|
|
Жұптасып суреттеу стратегиясы
- Сынып топтарға бөлінеді. Әр топ мүшелері рөлдерге бөлінеді
суретші
идея беруші
бақылаушы немесе реттеуші
жазушы
- Топтарға жыл мезгіліне байланысты сұрақ беріледі. Мысалы:
1. Өз аймағыңның ауа-рауын өзге қонақтарға қалай таныстырар едің
- Әр топ өз жұмысын қорғайды
|
Интервью стратегиясы
- 2 минут ішінде өзін ойландыратын, қызықтыратын
5 тақырып таңдалады
- 5 тақырыптың ішінен 1 тақырып таңдауға жұбы көмектеседі
- таңдағалған тақырыпты өзі әңгімелейді )
немесе
5 тақырыпты жұбыбен алмастырады
жұбы сол тақырыптардың бірін таңдап, әңгімелеп береді.
Әңгімесін автордың орындығында оқу (стратегия)
|
Сыни тұрғыдан ойлау стратегияларының оқушыларды еркін сөйлеуге, сөз ұшқырлығын ұштауға, өз ойын қысылмай жеткізе білуге мол әсері бар. Бұған сын тұрғысынан ойлау сабақ құрлымы да әсер етеді.
Сабақ құрылымы үш кезең бойынша жүзеге асырылады:
Қызығушылығын ояту;
Мағынаны ашу;
Толғаныс
Осы үш кезең арқылы оқушыларды ойлауға жетелеп, қызығушылығын оятып, шығармашылық қаблеттерін арттыруға, белсенділікке ынталандыруға болады.
Сабақ құрылым жоспары:
1.Қызығушылығын ояту 2.Мағынаны ашу 3.Толғаныс
стратегиялары стратегиялары стратегиялары
Ой қозғау Ассоцияция Автор орындығы
Топқа бөлу Венн диограммасы Бірлескен жоба
Топтастыру бес жолдық өлең Эссе
Ал грамматикалық материалдарды және лексикалық тақырыптарды оқытуда стратегия түрлерінің қолданылуы арқылы тілді дамытуға, сөздік қорды молайтуға, бір – бірімен қарым – қатынас ( сөйлеу, жазу, айту, оқу,) жасауғы, ойлау қабілетін дамыту, ойын еркін шешен жеткізу білуге үйретеді.
Қазақ тілі сабақтарында сын тұрғысынан ойлау оқушыны тәрбиелеп , білім біліктілігін артырып қана қоймай , шәкірттерге еркін ойлауға мүмкіндік береді; ақыл ойы дамиды, шығармашылық деңгейі артады,топтық іс-әрекетке тәрбиеленеді, тіл байлығы жетіледі, өзі жан – жақты жетіледі,өз ойын жеткізеді.
Оқыту мен тәрбиелеу үрдістері арқылы тұлға қалыптасуына әсер етіп қана қоймай, оқушы шығармашылығын дамытудың тағы бір қажеттілігі қоғам талабынан туындайды.
Сын тұрғысынан ойлау технологиясын қазақ тілі сабақтарында қолдана отырып тұлға қалыптастырудың тиімді жақтары өте көп екендігіне көз жеткіздік.Нақтылай қорытынды жасасақ.
Оқушылар күні бұрын берілген тапсырма мен де сабақ үстінде берілген тапсырмалармаен қосымша ізденеді, өзбетімен дайындалады.
Оқушы ой қиялының дамуына, пікір айтуына еркіндік беріледі
Өз өміріне , қоршаған ортаға сын көзбен қарауға үйренеді.
Өзгенің пікірін тыңдап, оған өз көзқарасын қоса білуге үйренеді.
Шыншылдық, әділдікке дағдыланады.
Өзгенің пікірімен санасуға үйренеді.
Әр түрлі шығармашылық жұмыстарға дағдыланады.
Өз пікірін қорғай дәлелдей алады.
Топпен жұмыс істеуге үйренеді.
Жан дүниесін тәрбиелейді.
Қазіргі кездегі мамандық атаулының барлығы бейімділікті, ептілікті, шапшаңдықты, ерекше ой қызметін, мол шығармашылық мүмкіндікті, өзін қоршаған түрлі жағдайларға тез икемделіп қана қоймай, оларды керекті бағытына шығармашылықпен бұра білу қаблеттілігін қажет етеді.
Сондықтан психологтардың өзі тұлға қалыптастырудың қажеттілігін тұтас бір кешенді қасиеттермен байланыстырады. Қазақ тілі сабақтарында сын тұрғысынан ойлау технологиясы тіл дамыту мен қатар тұлға қалыптасытруда маңызы зор екендігі тәжербие негізінде дәлелденуде. Сын тұрғысынан ойлау технологиясы - ойлаумен ұштастыра білім алуды бағыттайтын оқыту технологясы.
Достарыңызбен бөлісу: |