Туа біткен гипотрофияның алдын алу үшін аналық мал басын азықтандыру және ұстау бойынша зоогигиеналық талаптарды сақтау қажет
Рациондар тек жалпы қоректік жағынан ғана емес, сондай-ақ барлық басқа компоненттердің, әсіресе буаздықтың екінші жартысында толық болуы керек
Аналық мал басына жүйелі серуендеу қажет
Гипотрофияның алдын алуда шағылыстыру науқанының дұрыс ұйымдастырылуы, өндірушілерді ұтымды таңдау, асыл тұқымдық қатынасқа толық дайын емес аналықтарды уақтылы іріктеу, ұрықтандыруға физиологиялық жетілмеген жас ұрғашыларды жібермеу маңызды.
Постнаталдық кезеңде гипотрофияның алдын алу төлді және аналық мал басын азықтандыру мен ұстау нормаларын қатаң сақтауға негізделеді
Туу кезінде гигиена ережелерін сақтау қажет
Әлсіз және ұсақ торайлар әдетте уызбен көп қамтасмасыз етілуі қажет.
Қозылар мен торайлар жетіспеген жағдайда уақытында жасанды сүт-қоректітерімен тамақтандыру керек. Ақуыз гидролизаттарын 10-40 мл көлемінде жануарға 4 күн қатарынан пайдалану, содан кейін аптасына 2 рет салу жақсы нәтижелер береді (К. К. Мов - сум-Заде және т. б.).