Тақырыптық карталармен танысып, жіктеп болған соң, таратпа материалдағы тапсырмаларды орындайды. (15 мин)
А деңгей
Тақырыптық карталар дегеніміз не?
Жалпыгеографиялық карталар мен тақырыптық карталардың айырмашылығы неде?
Тақырыптық карталардың негізі екі түрін ата.
А картасында не бейнеленген, картаны оқыңыз
В картасынан қандай ақпарат алуға болады?
Тақырыптық карталардың тағы қандай түрін атай аласың?
С суретіне мұқият қара. Жалпы географиялық картада не бейнеленгенін сипатта.
В деңгей
D, E, F, G, суреттерін қолдана отырып, тақырыптық карталарда қолданылатын әдістерге сипаттама бер.
Тақырыптық карталардың қосымша элементтеріне нелер жатады?
Н картасына назар аудар. Қосымша элемент ретінде Қазақстанның жер бедеріне байланысты қандай суретін қоятын едің?
Н картасындағы кестені тік бағаналы диаграмма түрінде және Диаграмманы кесте түрінде көрсет. (осы тапсырманы орындау кезінде информатика пәні мұғалімі диаграммалардың түрлері және жасау жолдарын көрсетеді)
Н картасын шартты белгілерді және қосымша элементтерді қолдана отырып, толық сипаттап айтып бер
|
Арнайы ресурстар арқылы жаңа тақырыпты талдайды
Жұп бойынша
Жеке, өзара тақырыпты түсінгендерін мұғалімге қол көтеру арқылы білдіреді
Слайдта көрсетілген ресурстарды талқылайды
Видеороликтан тақырыпқа сай берілген түсініктерді дамыту арқылы, мәтіндегі тапсырмаларды орындау барысында ой өрісін жетілдіру арқылы бәсекелеседі
Слайдта берілген сұрақ жауапты орындайды
Сұрақ жауап арқылы сұраққа жауап береді, логикалық ойлай білуі мен сыни көзқарасы таныта білу дағдылары қалыптасады
|