Бөлім: қазақ А. Ж. Т: Қақарман Ж. Қ Тапсырма №2. 1 Адамзат дамуының ерте кезеңінде тәрбиені ұйымдастыру



Дата25.06.2020
өлшемі22,3 Kb.
#74486
Байланысты:
2- тапсырма отв


Мамандық: 6B01506 Информатика
Оқу деңгейі: Бірінші жоғары қысқартылған бiлiм
Курс: 1

Бөлім: қазақ

А.Ж.Т: Қақарман Ж. Қ

Тапсырма №2.1 Адамзат дамуының ерте кезеңінде тәрбиені ұйымдастыру

  1. Палеонтология, молекулярлық биология және археологиялық ғылымдардың  мәдени  мұралардың эволюциялық дамуын анықтауға қосқан үлесі.

  2. Ұлы Даланы мекендеген көшпенділер туралы тарихи деректер.

  3. Алғашқы қауым қоғамындағы бала тәрбиесі

Адамзат дамуының ерте кезеңінде тәрбиені ұйымдастыру

Ұстаз алдында тұрған маңызды мақсаттың бірі оқу құралдарын таңдай білу керек дейді. Кейбір авторлар өз оқулықтарына барлық ақпараттарды кіргізуге талаптанып, балалардың түсінуіне кесірін тигізеді. Яғни, көлемі шағын, қысқа жазылған оқу құралында ғылымның соңғы жетістіктерінің бәрінен мәлімет беруге тырысу оқушының білімге деген ынтасын қайтарады.

Ибн Халдун бойынша оқыту үрдісі әр уақытта оқуды қабылдаудың жалпы заңдылықтарымен қатар жүргізіліп, ешқашанда пәнді түсіндірген кезде қиын жағынан бастамау керек дейді. Мысалы, алғашқыда пән жайлы жалпы мәлімет, екіншісінде пән мазмұндарына жалпы сипаттама беріп, содан кейін оқу материалының түсініксіз пікірталас туғызатын бөлімдерін оқушылармен бірге отырып қарастыру, оқушылардың қисынды ойлау ерекшеліктерін дамытуға болады деп есептейді.

Жоғары басқыштағы бiлiм берудегi ең нәтижелi оқыту әдiсi - ғылыми мәселелердi талдау, олар бойынша пiкiрсайыстарын ұйымдастыру қажет деген пiкiрдi ұсынды. Оқушы тек тыңдаумен шектелiп, оқу сайысына қатыспайтын болса, оның жүйелi логикалық ойлау қабiлетi ұшталмайды. Сондықтан оқытушы пiкiр алмасуға қатыспаған шәкiрттердi әңгiмелесу сайысына қатысуға дайындауы керек.

Ибн Халдун ертедегi араб елдерiндегi қалыптасқан бiлiм iздеу салтын мойындаған. Әр ел ұстаздарының ғылыми ой-тұжырымдарымен танысу, олардың оқыту әдiстемелерiне көңiл қою, ғылымның мән-мағынасын, амал-тәсiлдерiн үйренуге жағдай туғызады деген пiкiр айтады.

Бұл кезде Араб халифатында IX-XIII ғ.ғ. ғылымның шарықтап дамыған кезi болды, адам және оны тәрбиелеу мәселесi, тәрбиенiң мақсаты мен құралдары, оның мазмұны мен жеке тұлғаны қалыптастырудағы рөлi - ғылыми бiлiм әдiстерi, оқытудың ұстанымдары мен амал-тәсiлдерi, оқытушы мен оқушылардың қарым-қатынастары жайлы жалпы педагогикалық және дидактикалық идеялардың мән-маңызы мен әдiс-тәсiлдерi туралы осы құнды тұжырымдамалар жасалды. Таяу және Орта Шығыста IX-XIII ғ.ғ. ислам дiнiнiң және оның дiни догмалары мен мұсылмандық құқығы үстемдiк құрып тұрғанның өзiнде ғалымдар тәрбиенiң гумандық тұжырымдамаларын ұсынып оларды бiлiм және тәрбие беру iсiнде жүзеге асыруға ұмтылды.

XVI ғасырдың басында Таяу Шығысты түрiктер жаулап алып, Осман империясының қол астына кiргіздi. Араб елдерiнiң төрт жүз жыл бойы түрiк иелегiнде болуы, бiлiм берудiң құрылымы мен мазмұнына айтарлықтай өзгерiс әкелген жоқ. Бастауыш мектеп, орта және жоғарғы медреселерде Құран, мұсылмандық құқық, түрiк, парсы, араб тiлдерi мен әдебиеттерiн оқытумен бiрге математикадан қысқартылған бағдарламалар бойынша бiлiм беру сабақтары бұрынғысынша жүргiзiлдi.

Медреселер арасындағы жоғарғы деңгейдегi мамандар (әкiмшiлiк) даярлау Стамбулдағы сегiз медресенiң құзырына берiлдi, ал қалған медреселер хатшы және сот қызметкерлерiн дайындады.

Араб халифатындағы ағарту саласының төмендеуiне IX ғасырдың соңы мен XIII ғасырдың аяғында христиан дiнiн уағыздаушылардың жорықтары және XIII ғасырдағы монғолдардың шабуылы бүкiл Орта Азия, Иран, Ирак және Сирияны талан-таражға салуы тiкелей әсер еттi. XIV ғасырдың соңында Ақсақ Темiрдiң жорығынан кейiн аттары аталған елдердiң қалалары бос қалып, сауда-саттық және мәдени байланыстар үзiлiп мемлекеттердiң мәдени деңгейлерi төмендеп кеттi. Сонымен, XIV- XV ғасырларда шығыс мұсылман елдерiнiң Батыс Еуропа елдерiне қарағанда әлдеқайда әлеуметтiк-экономикалық және тұрмыстық-шаруашылық жағынан артта қалуы тәрбие жүйесiне де керi әсер еттi. Бiрақ, Араб халифатының мәдениетi, ғылым және бiлiм саласындағы мұның алдындағы мол табыстары Батыс Еуропаның тәрбие мен бiлiм саласына игi ықпал жасады.

Үндістанда ортағасырлық мәдениет пен бiлiм беру Гуптi империясы (V ғ.) құлағаннан кейiн қайтадан жандана бастады. Бiрақ, қоғамдағы касталық жүйе сақталып, халықтың кейбiр жоғары касталық топтары ғана бiлiм алуға мүмкiндiк алды. Брахман балалары дiни қызметкер лауазымына дайындалса, кшатр (әскерилер) мен вайшы (саудагер, дихандар) балаларын практикалық iс-әрекеттерге оқытуға бағытталды. Мысалы, вайшы балалары егiн егу, жердiң құнарлығын, көлемiн анықтау, суландыру, т.б. әрекеттерге үйретiлуімен қатар, мектептерде жағрапия, шетел тiлдерiн бiлу, сауда-саттық операцияларын үйренумен шұғылданды.

Буддистiк бiлiм беру жүйесi демократиялық негiзде болғандықтан касталық бөлiнудi мойындамады. Буддистер үйде оқытудан бас тартып, бiлiм берудi монахтарға тапсырғандықтан, монастрларда балалар мен жеткiншектер 10-12 жыл оқыды. Оқыту дiни-философиялық негiзде жүргiзiлiп, оқыту бағдарламаларына грамматика, лексика, медицина, философия, логика пәндерi енгiзiлдi.

Бiртiндеп брахман және буддистiк педагогикалық дәстүрлер жақындап, бiркелкi мәдени бiлiм беру жүйесi қалыптасты. Бұл жүйе ХI-ХII ғ.ғ. Үндістанды мұсылмандар жаулап алғаннан кейiн төмендеп кеттi.

Мұсылмандарды оқыту мен тәрбиелеудiң басты шарты - араб тiлiнде Құранды оқу. XVI-XVII ғ.ғ. көптеген мектептерде оқыту парсы тiлiнде жүргiзiлiп, мемлекеттiк шенеунiктер мен ғалымдар осы тiлді жұмыстарында пайдаланады.

Мұсылмандардың бiлiм беру жүйесi орта ғасырдағы Үндістанда бүкiл мұсылман дүниесiндегi оқыту жүйесiмен ұқсас болған.

Оқушылар бiлiмдi үй мұғалiмдерiнен және мектептерден алған, ал мектептер болса мешiттердің қарамағында болды. Оқытуды көп жағдайларда жеке оқу орындары мен жалданған мұғалiмдер жүргiздi.

Мұсылмандар мектептерiнiң төрт түрi: бастауыш және жоғарылау бастауыш бiлiм, Құран мектебi (Қасиеттi кiтапты оқу, жазу және есептеу); парсы мектебi (есеп, парсы тiлiндегi Саади, Хафиз поэзия үлгiлерiн оқу және жазу); парсы тiлi және Құран мектебi (алдыңғы екi мектептер бағдарламасы бойынша); ересектерге арналған араб мектептерi (Құранды талдау және оқу, парсы дәстүрiндегi әдеби бiлiм оқушыларға жүйелi исламдық бiлiмдер берген).

Мұсылмандар жоғары бiлiмдi медреседе және монастырлық оқу орындарында - даргабахта алатын. Ең iрi даргаб Делиде, медреселер Хайрабадта, Жампурада, Фирозабадта болып, XVI-XVII ғ.ғ. бұл оқу мекемелер ағарту орталықтарына айналып, атақтары көршiлес мемлекеттерге кең тараған.

Медреселерде оқу парсы тiлiнде жүргiзiлiп, мұсылман-студенттер араб тiлiн оқыды. Оқу бағдарламаларына грамматика, риторика, логика, дiнтану, метафизика, әдебиет, заң негiздерi кiредi.

Оқыту көпшiлiгiнде ауызша жүргiзiлгенiмен, кейiн келе оқу әдебиеттерiнiң көбеюiне байланысты студенттер өздiгiнен бiлiмдерін толықтырып отырды.

Үндістандағы ортағасырлық мұсылмандардың бiлiм берудi реформалауы XVI ғасырға жатады. Оның басы-қасында ұлы Могол әулетiн құрған Бабыр (1483-1530 ж.ж.) мектептерінің алдына қойған басты мақсаты - мемлекетке шын берiлген қызметкерлер даярлау едi. Бұл ұстанымды император Акбар (1542-1605 ж.ж.) және оның сенiмдi кеңесшiсi Абдул Фазл Аллами (1551-1602 ж.ж.) бiлiм беруде және тәрбие жүйесiнде одан әрi жетiлдiрiп отырды.

Император Акбар зайырлы ғылым оқу жоспарларына арифметика, алгебра, геометрия, медицина, агрономия, басқару негiздерi, астрономия пәндерiн енгізіп, мiндеттi түрде оқытуға тапсырма берген.

Акбар мен Алламидың жоспарлары бойынша кастылары мен дiни сенiмдерiне қарамай оқушылардың бiркелкi зайырлы бiлiм алуларына жағдайлар жасауға талпынды. Бiрақ, материалдық-педагогикалық алғышарттардың болмауы, нақты бақылау жүргiзiлетiн бiлiмдi адамдардың аздығы белгiленген жоспарларды iске асыруға мүмкiндiк бермеді.

Қытай тарихында ортағасырлық дәуiр б.з.д. бiрiншi мыңжылдықтан XIX ғасырдың аяғына дейiнгi кең мағыналы кезеңдi алады. Бұл дәуiр бiрнеше кезеңдерге бөлiнiп, педагогикалық ойлар мен мектеп iстерiне байланысты біраз жетістіктерге қол жеткізді.

Мәселен, Цинь патшалығы (б.з.д. II ғасыр) кезiнде жазу таңбалары азайтылып, хат тануды, оқытуды жеңiлдеттi. Орталықталынған бiлiм беру жүйесi жасалынып, үкiметтiк және жеке меншiктi мектептерде бiлiм берiлдi. Бұл жүйе ХХ ғасырдың басына дейiн жұмыс жасады.

Хань патшалығы (б.з.д. II ғасырдан ж. з. II ғасыр аралығы) кезеңiнде қағаз шығып, оқу құралдарының дайындалуы оқу сапасын көтердi. Бұл кезеңде үш сатыдан тұратын бiлiм беру жүйесi - бастауыш, орта және жоғары мектептердiң бет-бейнесi айқындалып, оқытуда үлкен жетiстiктерге жеткен. Iрi қалаларда бiрiншi жоғары оқу орны мемлекеттiк мекеме деп есептелiп, ауқатты отбасылардың балалары оқып, осындай мектептерде 300-ге жуық студенттер бiлiм алды.

Хань дәуiрiндегi тәрбие мен бiлiм берудiң идеологиясы - Конфуцийдiң саяси-әлеуметтiк iлiмi болды. Мектептерде классикалық Конфуций трактаттары басты пәндер ретiнде жүргiзiлдi. Бұл пәндердің толық оқу курсы Конфуций қағидаларын ұғынып, түсiнуді қамтамасыз етті. Курсты бiтiргеннен кейiн білім алушылар емтихан тапсырып оларға ғылыми дәрежелер берiлетiн. Бұл мектептi бiтiрген жастар мемлекет аппаратына қызметке қабылданатын.

Біздің дәуіріміздің III-Х ғ.ғ. ортағасырлық Қытайда мәдениет пен бiлiм беру деңгейi көтерiлiп, "алтын ғасыры" аталып, онда оқу мекемелерiнiң саны өстi. Университет типтес алғашқы оқу орны ашылып, мемлекеттiк емтиханға әлеуметтiк жағдайларына қарамай тiлек бiлдiрген әрбiр адамдар жiберiлдi.

Жоғары оқу орындарында ғылыми атақтар Конфуцийдiң бес классикалық трактаттары бойынша: "Өзгерiс кiтабы", "Этикет", "Көктем және күз", "Поэзия кiтабы", "Тарих кiтабы" берiлдi.

"Алтын ғасырдың" аяғында бiлiм беру жүйесi практикалық қажеттiлiктi өтей алмайтын күй кештi. Конфуций идеологиясы догмаға, схоластикаға айналды, сондықтан бiлiм берудегi дағдарыстарды жою қажеттiлiгi туды.

Қытайдағы тәрбие мен бiлiм берудегi дағдарысты шешуде философ және педагог Чжу Си (1130-1200 ж.ж.) Конфуций идеясын жетілдіруді көздеді.

Монғол әулетi Юань (1279-1368 ж.ж.) кезiнде дәстүрлi қытайлық тәрбие және оқыту жүйесiмен қатар моңғол мектептерi мен жазулары жаппай тарай бастады. Жаратылыс және математикалық ғылымдардың дамуы арқасында математикалық, медициналық, астрономиялық және басқа арнайы мектептер ашылды.

Қытайдың ортағасырлық бiлiм беру тарихында, әсiресе, Мин әулетi (1368-1644 ж.ж.) басқару кезеңiнде жалпыға бiрдей бастауыш бiлiм беру мәселесi көтерiлiп, элементарлық оқу орындарының саны өстi. Пекин мен Нанкинде жоғары әкiмшiлiкке кадрларды даярлау мақсатында жоғары оқу орындары жұмыс жасай бастады.

Манчжурлық Цин әулетi (1644-1911 ж.ж.) кезiнде бiлiм беру саласында өзгерiстер болмай, тәрбие мен бiлiм беру тоқырауға ұшырады. Бiлiм гуманитарлық бағдар алып, сырт өмiрмен қатынасын үзiп, көршiлес және алыс елдер жайлы оқушылар ешқандай ақпараттар алмады. Балалардың санасына "Қытайдан басқа дүние жоқ" деген сенiмдердi қалыптастырды.

Ұл балаларды сауаттануға оқыту 6-7 жастан басталып, мемлекеттiк мектептерде аздаған қаражатқа оқыды, оқу 7-8 жылдарға созылды. Қыз балалар үйлерiнде тәрбиелендi, ал ауқатты отбасыларында мұғалiмдердi жалдап оқытса, кейбiреулерi жеке меншiктi мектептерге балаларын оқуға бердi.

Оқытудың алғашқы кезеңдерiнде 2-3 мың иероглифтердi (әрiптердi) жаттап алулары тиiс едi. Бастауыш мектепте емтихан тапсырғаннан кейiн, мектептің келесi сатысында бiлiмдерiн жалғастырады. Оқу бағдарламаларына философия, әдебиет, тарих, стилистика енгізiлдi. Оқу құралдары ретiнде Конфуцийдiң "Төрт кiтапшасы" мен "Бес кiтапшасын" пайдаланды.

Палеонтология ғылымның дамуына молекулярлықбиология мен археологиялық  ғылымдардың табыстары бұл ғылым саласының деңгейін көтеруге, жер шары халықтарының мәдени  мұраларының эволюциялық даму жолдарын анықтауға көп септігін тигізді.



Жалпы палеонтология оқулықтары бүгінгі күндері адам баласының құрлқағы пайдаболуы осыдан 1 миллион 600 мың жыл бұрын шамасында шыққан деген түсінік береді. Кейбір деректерде адамның жер бетінде пайда болуы 9 миллион жылдарға тең деген  болжам айтылады.

Белгілі археолог Кемел Ақышевтың басшылығымен шәкірттерінің зерттеу нәтижелері көрсеткендей, Ұлы даламыздың төсінде палеолит дәуірі кезеңіндегі Алматы обылысындағыҚарғалы және Шығыс Қазақстан облысындағы Тарбағатай елді мекендерінде алғашқы адамдардың жатақтары табылған

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет