Ойлау дағдысының деңгейлері
|
Қолдану
|
Орындау уақыты
|
10-20 минут
|
Төбе сыры
Төбе – топырақтан, құм мен қиыршық тастан үйіліп қалған дөңес жер. Мұның үлкен мәні бар. Ертеде ел келе жатқан жауын да, досын да төбе басында отырып шолған. Ол – ол ма, өткен-кеткен әңгіме де, болашақ туралы кеңес те төбе басында айтылған.
Тарихқа үңілсек, әлемге әйгілі қалалардың бұл күнде төбе болып, үйіліп жатқанын білеміз. Соның бірі – Отырар қаласы, осы күнгі Отырар төбесі.
Отырар 1969 жылға дейін сол төмпешік төбе қалпында жатты. Қазу жұмыстарының нәтижесінде көп дүниенің орны, тоқыма сыры ашылды. Темір соғатын ұста дүкенінің орны , тоқыма станогының қалдықтары, қыш құмыралар, күміс білезік, мыс тиындар – Отырар қаласының төбеге айналған топырағының астында қалған тарихи деректер.
Біздің жерімізде табиғи төбелер де өте көп. Олар бітім тұлғасының өзгешелігіне қарай Қарауыл төбе, Көктөбе, Ақтөбе, Қостөбе деп аталады.
(112 сөз)
|
Достарыңызбен бөлісу: |