Жалпы балл: 13
1-ТОҚСАН
БӨЛІМ БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУ ТАПСЫРМАЛАРЫ
«Жылу құбылыстары» бөлімі бойынша жиынтық бағалау 2 вариант
|
Контейнерлерде бірдей газдың молекулалары берілген. Дөңгелекшелер газ молекулаларын, бағдаршалар газ молекулаларының қозғалыс бағытын және жылдамдығын сипаттайды. Ұзын бағдарша жоғары жылдамдықты сипаттайды.
Қай контейнердегі газдың тығыздығы жоғары және температурасы төмен? [1]
Абсолют нөл температураның мәні қандай? [1]
А) 273 °С
В) 100 °С
С) 0 °С
D) -273 °С
Массасы 7 кг күміс бөлігін 100 ºС-қа қыздыру үшін 15 кДж энергия берілді. Күмістін меншікті жылу сыйымдылығын анықтаңыз. (2)
1 суретте энергияның суда тасымалдануын зерттейтін екі тәжірибе көрсетілген.
Cурет 1
Тәжірибе 1
Суық су астынан бірқалыпты баяу қыздырылып жатыр. Жоғарыдағы мұз бөлігі су қайнамастан бұрын ериді.
|
Тәжірибе 2
Суық су жоғары жағынан бірқалыпты баяу қыздырылып жатыр. Арнайы тор көмегімен суда астында ұстап тұрған мұз бөлігі жоғарыдағы су қайнап бастаған кезде де қатты күйде болады.
|
а) Шыны арқылы энергияның (жылудың) тасымалдану процесі қалай аталады [1]
b) Бірінші тәжірибеде төмендегі судан жоғарыдағы мұзға энергияның берілуін сипаттайтын негізгі процестің атын жазыңыз. [1]
Жоғарыдағы (b) процесс қалай жүзеге асатынын сипаттаңыз. [1]
с) Неліктен 2-тәжірибеде, төмендегі мұз бөлігі жоғарыдағы су қайнап бастаған кезде де ерімеді? Екі себебін ұсыныңыз.
[2]
Массасы 700 г таскөмір толық жанғанда бөлінетін жылуды пайдаланып, су массасының қанша мөлшерін 25 ºС-тан 80 ºС-қа дейін қыздыруға болады? Судың меншікті жылу сыйымдылығы 4200 Дж/(кг·ºС), таскөмірдің меншікті жану жылуы 30 МДж/кг. [4]
Достарыңызбен бөлісу: |