Бөлім бойынша жиынтық бағалауға арналған
әдістемелік ұсыныстар
Жаратылыстану
1-сынып
2
Әдістемелік ұсыныстар мұғалімге 1-сынып білім алушыларына «Жаратылыстану»
пәні бойынша жиынтық бағалауды жоспарлау, ұйымдастыру және өткізуге көмек құралы
ретінде құрастырылған. Әдістемелік ұсыныстар (қазақ тілінде білім беретін) бастауыш
сыныптың (1-4-сыныптары) «Жаратылыстану» пәні бойынша оқу бағдарламасы (орта білім
беру мазмұнын жаңарту аясындағы) мен оқу жоспарының негізінде дайындалған. 1-сыныпта
жиынтық бағалау 3 және 4-тоқсандарда өткізіледі.
Бөлім / ортақ тақырып бойынша жиынтық бағалаудың тапсырмалары мұғалімге білім
алушылардың тоқсан бойынша жоспарланған оқу мақсаттарына жету деңгейін анықтауға
мүмкіндік береді.
Әдістемелік ұсыныстарда бөлім / ортақ тақырып бойынша жиынтық бағалауды
өткізуге арналған бағалау критерийлері мен дескрипторлары бар тапсырмалар ұсынылған.
Сондай-ақ, жинақта білім алушылардың оқу жетістіктерінің мүмкін деңгейлері (рубрикалар)
сипатталған. Тапсырмалар мен рубрикалар ұсыныс түрінде берілген.
Әдістемелік ұсыныстар бастауыш сынып мұғалімдеріне, мектеп әкімшілігіне, білім
беру бөлімінің әдіскерлеріне, критериалды бағалау бойынша мектеп, өңірлік
үйлестірушілеріне және басқа да мүдделі тұлғаларға арналған.
Әдістемелік ұсыныстарды дайындау барысында ресми интернет-сайттағы қолжетімді
ресурстар (суреттер, фотосуреттер, мәтіндер, аудио және бейнематериалдар) қолданылды.
3
Мазмұны
3-ТОҚСАН БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУҒА АРНАЛҒАН ТАПСЫРМАЛАР .... 4
«Жер және ғарыш» бөлімі бойынша жиынтық бағалау ............................................................ 4
«Табиғат физикасы» бөлімі бойынша жиынтық бағалау .......................................................... 8
4-ТОҚСАН БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУҒА АРНАЛҒАН ТАПСЫРМАЛАР 111
«Табиғат физикасы» бөлімі бойынша жиынтық бағалау ...................................................... 111
4
3-ТОҚСАН БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУҒА АРНАЛҒАН ТАПСЫРМАЛАР
«Жер және ғарыш» бөлімі бойынша жиынтық бағалау
(«Саяхат» ортақ тақырыбы аясында)
Бөлімше
4.1 Жер
4.2 Ғарыш
4.3 Кеңістік және уақыт
Оқу мақсаты
1.4.1.1 Жердің пішінін моделі негізінде анықтау
1.4.2.1 Астрономияны ғарыш туралы ғылым ретінде
сипаттау
1.4.2.2 Ғарышты зерттеуге арналған құрылғылар мен ұшу
аппараттарын сипаттау
1.4.3.2 Уақытты өлшеу құралдарын анықтау
Бағалау критерийі
Білім алушы
•
Жердің пішінін және жасанды моделін анықтайды
•
Ғарыштық денелерді анықтайды
•
Ғарышты зерттеу құрылғыларын сипаттайды
•
Уақытты өлшеу құралдарын атайды
Ойлау дағдыларының
деңгейі
Білу және түсіну
Қолдану
Орындау уақыты
15 минут
Тапсырма
1. Суреттен Жердің пішініне ұқсас затты тауып, белгіле ().
2. Жердің жасанды моделін белгіле ().
5
3. Cұрақтарға жауап жаз.
•
Астрономия нені зерттейді? _________________________________
•
Ғарышта қандай аспан денелері бар?
1)
___________________________________________
2)
___________________________________________
4. Суреттегі құралдарды не үшін пайдаланады? Жаз.
6
Бағалау критерийі
Тапсырма
№
Дескриптор
Балл
Білім алушы
Жердің пішінін және
жасанды моделін
анықтайды
1
Жердің пішініне ұқсас затты анықтайды;
1
2
Жердің жасанды моделін анықтайды;
1
Ғарыштық денелерді
анықтайды
3
астрономия ғылымы зерттейтін саланы
атайды;
1
ғарыштық денелерді атайды:
- бірінші денені;
- екінші денені;
1
1
Ғарышты зерттеу
құрылғыларын
сипаттайды
4
телескоптың қолданылу мақсатын
сипаттайды;
1
Уақытты өлшеу
құралдарын анықтайды
сағаттың қолданылу мақсатын сипаттайды.
1
Барлығы
7
7
«Жер және ғарыш» бөлімі бойынша жиынтық бағалаудың нәтижесіне қатысты
ата-аналарға ақпарат ұсынуға арналған рубрика
Білім алушының аты-жөні: _______________________________________________________________
Бағалау критерийі
Оқу жетістіктерінің деңгейі
Тапсырма
№
Төмен
Орташа
Жоғары
Жердің пішінін және
жасанды моделін
анықтайды
1 - 2
Жердің пішінін және жасанды
моделін анықтауда қиналады.
Жердің пішінін / жасанды моделін
анықтауда қателеседі.
Жердің пішінін және жасанды
моделін дұрыс анықтайды
Ғарыштық денелерді
анықтайды
3
Астрономияның нені
зерттейтінін түсіндіруде және
аспан денелерін атауда
қиналады.
Астрономияның нені зерттейтінін
түсіндіруде/ аспан денелерін
атауда қателіктер жібереді.
Астрономияның нені
зерттейтінін түсіндіреді және
аспан денелерін атайды.
Ғарышты зерттеу
құрылғыларын
сипаттайды
Уақытты өлшеу
құралдарын
анықтайды
4
Ғарышты зерттеу және
уақытты өлшеу құралдарының
қолданылу мақсатын
сипаттауда қиналады.
Ғарышты зерттеу / уақытты өлшеу
құралдарының қолданылу
мақсатын сипаттауда қателіктер
жібереді.
Ғарышты зерттеу және
уақытты өлшеу құралдарының
қолданылу мақсатын дұрыс
сипаттайды.
8
«Табиғат физикасы» бөлімі бойынша жиынтық бағалау
(«Дәстүр және ауыз әдебиеті» ортақ тақырыбы аясында)
Бөлімше
5.4 Жылу
5.5 Электр
5.6 Магниттілік
Оқу мақсаты
1.5.4.1 Жылыту құрылғыларын анықтау
1.5.5.1 Адамның күнделікті өміріндегі электр энергиясының
маңызын түсіндіру
1.5.6.1 Магниттік қасиеті бар денелерді анықтау
Бағалау критерийі
Білім алушы
•
Жылытуға арналған құралдарды көрсетеді
•
Адамның күнделікті өміріндегі электр қуатының
маңызын сипаттайды
•
Магниттік қасиеті бар денелерді анықтайды
Ойлау дағдыларының
деңгейі
Білу және түсіну
Қолдану
Орындау уақыты
15 минут
Тапсырма
1. Жылытқыш құралдарды белгіле ().
2. Сұраққа жауап бер. Екі жауап нұсқасын жаз.
•
Үйде электр қуаты сөніп қалса, қандай жағдай болуы мүмкін?
1) _______________________________________________________________________
2) _______________________________________________________________________
9
3. Магнитке тартылатын заттардың суретін қоршап сыз.
Бағалау критерийі
Тапсырма
№
Дескриптор
Балл
Білім алушы
Жылытуға арналған
құралдарды көрсетеді
1
жылу беретін құралдарды белгілейді:
- бірінші құралды;
- екінші құралды;
1
1
Адамның күнделікті
өміріндегі электр
қуатының маңызын
анықтайды
2
электр қуаты сөніп қалған жағдайдың
салдарына мысалдар келтіреді:
- бірінші мысал;
- екінші мысал;
1
1
Магниттік қасиеті бар
денелерді таңдайды
3
магниттік қасиеті бар заттарды
анықтайды:
- бірінші затты;
- екінші затты;
- үшінші затты.
1
1
1
Барлығы
7
10
«Табиғат физикасы» бөлімі («Дәстүр және ауыз әдебиеті» ортақ тақырыбы аясында) бойынша жиынтық бағалаудың нәтижесіне
қатысты ата-аналарға ақпарат ұсынуға арналған рубрика
Білім алушының аты-жөні: _______________________________________________________________
Бағалау критерийі
Тапсырма
№
Оқу жетістіктерінің деңгейі
Төмен
Орташа
Жоғары
Жылытуға арналған
құралдарды көрсетеді
1
Жылу беретін құралдарды
анықтауда қиналады.
Жылу беретін құралдарды
(жылытқыш / алауошақ)
анықтауда қателеседі.
Жылу беретін құралдарды
дұрыс анықтайды.
Адамның күнделікті
өміріндегі электр
қуатының маңызын
анықтайды
2
Электр қуаты сөніп қалған
жағдайдың салдарына мысал
келтіруде қиналады.
Электр қуаты сөніп қалған
жағдайдың салдарына мысал
келтіруде қателеседі.
Электр қуаты сөніп қалған
жағдайдың салдарын дұрыс
анықтайды.
Магниттік қасиеті бар
денелерді таңдайды
3
Магниттік
қасиеті
бар
заттарды
анықтауда
қиналады.
Магниттік қасиеті бар
заттарды анықтауда (шеге /
қайшы/ қағазқыстырғыш)
қателеседі.
Магниттік
қасиеті
бар
заттарды дұрыс анықтайды.
11
4-ТОҚСАН БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУҒА АРНАЛҒАН ТАПСЫРМАЛАР
«Табиғат физикасы» бөлімі бойынша жиынтық бағалау
(«Тағам және сусындар» ортақ тақырыбы аясында)
Бөлімше
5.2 Жарық
5.3 Дыбыс
Оқу мақсаты
1.5.2.2 Жарықтың табиғи және жасанды көздерін ажырату
1.5.3.2 Дыбыстың табиғи және жасанды көздерін ажырату
Бағалау критерийі
Білім алушы
•
Табиғи және жасанды жарық көздерін анықтайды
•
Табиғи және жасанды дыбыс көздерін ажыратады
Ойлау дағдыларының
деңгейі
Қолдану
Орындау уақыты
15 минут
Тапсырма
1.Табиғи жарық көзі бейнеленген суретті белгіле ().
2. Жасанды жарық көзі бейнеленген суретті белгіле ().
3. Берілген дыбыстар қай дыбыс көзіне жатады? Сәйкестендір.
құстың сайрауы
қоңыраудың үні
баланың күлкісі
балғаның дыбысы
жаңбырдың сыбдыры
телефонның шылдыры
табиғи дыбыс көздері
жасанды дыбыс көздері
12
Бағалау
критерийі
Тапсырма
№
Дескриптор
Балл
Білім алушы
Табиғи
және
жасанды
жарық
көздерін таниды
1
табиғи жарық көзін белгілейді;
1
2
жасанды жарық көзін белгілейді;
1
Табиғи
және
жасанды
дыбыс
көздерін
ажыратады
3
табиғи дыбыс көздерін анықтайды:
- құстың сайрауы;
- баланың күлкісі;
- жаңбырдың сыбдыры;
1
1
1
жасанды дыбыс көздерін анықтайды:
- қоңыраудың үні;
- балғаның дыбысы;
- телефонның шылдыры.
1
1
1
Барлығы
8
13
«Табиғат физикасы» бөлімі бойынша жиынтық бағалаудың нәтижесіне қатысты ата-аналарға ақпарат ұсынуға арналған рубрика
Білім алушының аты-жөні: _______________________________________________________________
Бағалау критерийі
Тапсырма
№
Оқу жетістіктерінің деңгейі
Төмен
Орташа
Жоғары
Табиғи және
жасанды жарық
көздерін таниды
1
Табиғи және жасанды жарық
көздерін анықтауда
қиналады.
Табиғи / жасанды жарық
көздерін анықтауда қателеседі.
Табиғи және жасанды жарық
көздерін дұрыс таниды.
2
Табиғи және
жасанды дыбыс
көздерін ажыратады
3
Табиғи және жасанды дыбыс
көздерін ажыратуда
қиналады.
Табиғи /жасанды дыбыс
көздерін ажыратуда қателіктер
жібереді.
Дыбыстарды табиғи және
жасанды дыбыс көздеріне
дұрыс жіктейді.
14
Достарыңызбен бөлісу: |