Іздену- ұйымдастыру
|
Жалпы дамыту жаттығулары
1. Қалқиған ұзын құлағы
Елеңдеп қорқып тұрады. Бұл не?
Қоян.
-Бүгін бізге не қонаққа келді?
Қоян келді.
Өздігінен уқалау:
Сүр қоян жуынып,
Қонаққа жиналып жүр.
Мұрнын жуды,
Құйрығын жуды,
Құлағын жуды,
Құрғақ етіп сүртті.
Сұр қоян қонаққа кетті!
2. «Қоянға жоғары». Б.қ.: шалқадан жату, қоян төмен. « қоян жоғары»- жоғары көтеру, қолды бастан асыра еденге тигізу; бастапқы қалыпқа оралу, «төмен» деу.
3. «Қоянды ұста» Б.қ.:аяқты бірге ұстап еденге отыру, Қоян кеуде тұсында. Аяқты алшақтатып, қоянды еденге түсіріп алу, бірден оны еденге тигізбей қағып алу; бастапқы қалыпқа оралу «ұстап алдым»деу.
4. «Тиіп кетпе» Б.қ.: аяқ алшақ ұстап, қолды артқа қойып тіреліп, еденге отыру, қоян өкше арасында. Аяқты бүгу және түзеп созу, «тимедім» деу. Басты төмен түсірмей, тік ұстау.
5. «Бұрылып қара». Б.қ.: аяқты алшақ, қолды белде ұстап, еденге отыру, қоян артта. Бұрылып қоянға қарау, «міне,қоян» деу; бастапқы қалыпқа оралу . Келесі жаққа орындау.
6. «Қоян демалып отыр». Б.қ.: аяқ алшақ, қол белде. 1-4 –отыру, 5-6 –тұру, шоқырақтап секіру, қолды еркін ұстап, еркін демалып, қоянның айналасында жүру.
|
Достарыңызбен бөлісу: |