Оқу қызметінің түрлері
|
Тәрбиешінің іс-әрекеті
|
Балалардың іс-әрекеті
|
Мотивация- қозғаушы
|
Педагогпен төмендегі тапсырмаларды орындатады:
Түкті тоны шұп-шұбар,
Өзі жап-жас ,мұрты бар.
Ет пен сұтке өте құмар.
Бұл не?
«Марғаулар». Жайлап адымдайды; «кішкентай марғаулар»- (жүмсақ жүру),арқылы күжірейте жүру; белгі бойынша сәл отыру, тұрып жүруді жалғастыру; аяқтын ұшымен заттарды аттай жүру. Қосарланып белгі бойынша бағытты өзгерте жүгіру. Көрнекі бағыт бойынша қатардан шеңбер құрып тұру.
|
Педагогті мұқият тыңдайды, дұрыс орындауға тырысады.
Мысықтың баласы- марғау.
|
Іздену- ұйымдастыру
|
Жалпы дамыту жаттығулары
1. «Табандарыңды көрсетіңдер». Б.қ.: н.қ., қол төмен. О: алақанды жоғары қаратып, қолды алға созып «міне, табандарымыз» деу, қолды артқа апарып: «табанды тығып қойдық» деу.
2. «Аяқтар». Б.қ.: н.қ., қол белде. «Мысықтар, аяқтарыңды көрсетіңдер» - тізеден бүгілген оң, сол аяқты кезек көтеру, жайлап түсіру.
3. «Марғаулар ұйықтап жатыр»
Еденде еркін қалыпта жату: пыр-пыр, пыр-пыр, пыр-пыр; бір-біріне арқаларын тигізіп, аунайды. Оянғылары келмейді: пыр-пыр, пыр-пыр, пыр-пыр; түстерінде: пыр-пыр, пыр-пыр, пыр-пыр
4. «Марғаулар ойнайды (тентек)» Барлық мысықтар арқаларына жатты пырылдап: мияу-мияу, мияу-мияу; бір-бірлерінің арқаларына сүйкеніп: мияу-мияу, мияу-мияу.
Табандарын тарбитып(табандарын жоғары, төмен тарбитып, аяқ, қолдарын айналдыру), тентек бола бастады.
Барлығы ойнап, пырылдап: мияу-мияу, мияу-мияу! – дейді.
5. «Бәріміз бірге тату-тәтті ойнаймыз». Екі күшік тағайындалады. Екі күшік қатты үреді «Әуп! Әуп! Әуп!». Мысықтарды үйге жібермейді. Мысықтарды ұстап алуға тырысады.
Барлығымыз дос болайық!
Барлығымыз бірге тәту-тәтті ойнайық.
Құйрығымызды бұлғандатамыз(денені қозғалту),
Әуп! Әуп! Мияу! Әуп!Мияу!Әуп! Мияу! Мияу! Мияу!
Құйрығымызды бұлғаңдатамыз(денені қозғалту).
|
Достарыңызбен бөлісу: |