Іздену- ұйымдастыру
|
Жалпы дамыту жаттығулары
1. «Алға ». Б.қ.: аяқ сәл алшақ , рульмен қол кеудеде. О: рульмен қолды алға созу, «алға» деу; бастапқы қалыпқа оралу; «артқа» деу.
2. «Оңға, солға». Б.қ.:аяқ сәл алшақ, рульмен қол алда. Қолды
оңға, рульге қарау; бастапқы қалыпқа оралу; қолды солға, рульге қарау; бастапқы қалыпқа оралу.
3. «Алға,артқа» . Б.қ.: тізеге тұру, қол төмен. «Алға қарай кеттік»-қолды алға созып, тізерлеп алға қарау жылжу, қызыл түс-«тоқта». Артқа қарай жылжу.
4. «Жоғары». Б.қ.: Шалқадан жату, рульмен қол кеудеде. Рульді жоғары, оған қарау; бастапқы қалыпқа оралу.
5. «Бұрылыс». Б.қ.:аяқ сәл алшақ, рульмен қол кеудеде. «Жүріп келеміз, жүріп келеміз,жүріп келеміз»- «алда бұрылыс» бас пен иықты оңға еңкейте бұру; бастапқы қалыпқа оралу. «Жүріп келеміз, жүріп келеміз,жүріп келеміз»- «алда бұрылыс» бас пен иықты солға еңкейте бұру; бастапқы қалыпқа оралу.
6. «Наурыз мерекесін тойлайық». Рульді еденге қойып, музыка ырғағына сәйкес өзіндік би қимылдарын орындауға талпындыру;
(Балалардың шығармашылық қабілеттерін дамыту)
|
Достарыңызбен бөлісу: |