Бөлім жалпы психологияға кіріспе Тарау Психология ғылымының жалпы мєселелері. Психология пәні, оның міндеттері мен әдістері


Қозғалу дағдысының қалыптасу процесі және белсенділік принципі



бет23/99
Дата04.11.2023
өлшемі1,11 Mb.
#189303
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   99
Байланысты:
ПСИХОЛОГИЯ

Қозғалу дағдысының қалыптасу процесі және белсенділік принципі
Қозғалу дағдысының қалыптасуын Бернштейн өте жете қарастырған. Бұл процестерді қарастыра отырып ол үлкенірек кезеңдерге жіктелетін жеке фазаларды бөліп шығарады.
Бірінші кезеңде қозғалыспен алғашқы танысу кезеңі болады. Бернштейннің ойы бойынша, барлығы қозғалыстың құрамынан басталады, яғни оны неден бастау керек, қалай орындау керек, қозғалыстың қандай элементтері, қандай ретпен орындалу керек деген сияқты сауалдар.
Бұл фазадан кейін келесі фаза келеді, ол алғашқыға қарағанда еңбекті талап етеді – қозғалыстың ішкі картинасының анықталу фазасы.
Осы процестің кейін біз қозғалыстың автоматтануына тоқталайық. Осы период кезінде жеке компонентердің толық немесе толық қозғалыстың берілуі жүреді. Нәтижесінде жетекші деңгей жартылай немесе түгелдей бұл әрекет туралы міндеттен арылады. Соңғы, үшінші кезеңде стандартизация мен тұрақтанудың арқасында дағдының тегістелуі жүреді.
Жоғарыда сипатталған қозғалыс теориясы Бернштейннің белсенділік принципімен тығыз байланысты. Белсенділік принципі реактивтілік принципіне қарама-қайшы болып келеді.
Белсенділік принципінің бірнеше аспектілерін қарастырайық: нақты-физиологиялық, жалпыбиологиялық және философиялық. Нақты-физиологиялық тұрғыдан белсенділік принципі рефлекторлық сақиналы әрекетті басқару принципімен тығыз байланысты.рефлекторлық сақинаның қызмет етуінің басты шарты – орталық бағдарламаның болуы. Орталық бағдарлама мен басқарушы құрылғы болмаса, рефлекторлық сақина қызмет ете алмайды. Олай болса, адам қимылдарында реактивтілік пен белсенділікті қалайша үйлестіруге болады?
Бұл сұраққа жауап беру үшін Бернштейн адамдар мен жануарлардың әрекеттерін ойша алынған осьтің бойына орналастыруды ұсынады. Сонда бір полюсте шартсыз рефлекстер, мысалы жыпылықтау немесе түшкіру, сонымен қатар өмір барысында қалыптасқан шартты рефлекстер, мысалы, иттің қоңырау шырылына сілекейінің бөлінуі. Бұл әрекеттер шынында стимул арқылы іске асады және оның мазмұнымен айқыдалады.
Осы ойша алынған осьтің екінші бөлігінде іске асу мен мазмұны , яғни бағдарлама организмнің ішінен айқындалатын актілер мен қимылдар орналасады. Оларды ерікті актілер деп атаймыз.
Осылайша, қойылған сұраққа жауап бере отырып, белсенді және реактивті қимылдар бар деп нық айта аламыз. Бірақ қимылдардың барлығын ойша алынған оське орналастыра отырып ол не ось екенін айтпадық. Бұл ось белсенділік ось ретінде сипатталады. Бұл жағдайда шартсыз рефлекторлы реакциялар нөлдік белдсенділік акт ретінде қарастырылады., ал ерікті актілер – белсенді қимыл болып табылады.
Енді белсенділік принципінің жалпыбиологиялық аспектісіне тоқтала отырып мынандай сұраққа жауап берелік: жалпыбиологиялық деңгейде белсенділік принципінің куәлігі бар ма? Бұл сұраққа Бернштейн оң жауап береді.
Сонымен қатар белсенділік принципінің философиялық аспектісін айта кетейік. Философияның орталық сұрауларының бірі – ол өмір және тіршілік әрекеті дегеніміз не деген сауал. Әдетте бұл сауалға тіршілік әрекеті дегеніміз – қоршаған ортаға бейімделудің үздіксіз процесі деп жауап береді. Бернштейннің ойынша ол қоршаған ортаға бейімделудің үздіксіз процесі емес, ішкі бағдарламалардың іске асуы. Мұндай іске асу кезінде организм әр түрлі кедергілерді бастан кешіреді. Бейімделу процесі де жүреді, бірақ оның маңызы азырақ.
Қорытынды ретінде Бернштейн теориясының психологиядағы маңызына көңіл аударайық. Осы теорияның арқасында психологияда физиология тұрғысынан белсенділік принципінің әділдігі расталды. Яғни іс-әрекеттің психологиялық теориясы да мақұлданды. Бернштейн зерттеулерінің нәтижелеріне сүйене отырып психика – адам іс-әрекетінің белсенділігінің қайнар көзі деген қорытынды жасай аламыз, яғни белсенділік – тек физиологиялық емес, сонымен қатар әлеуметтік және психикалық деңгейде көрінетін әрбір адамға тән қасиет.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   99




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет