Білім беру саласы: Қатынас
Бөлім: Көркем әдебиет
Тақырыбы: Ы. Алтынсарин «Таза бұлақ» әңгісемі Мақсаты: Қолданатын әдіс - тәсілдер: көрсету, түсіндіру, көркем сөз, ойын ойнату, қайталау, мадақтау.
Көрнекіліктер: «Жайлау» макеті, бұлақтың, судың суреті, оюдың суреттері, АКТ, құрастырмалы оюлар жинағы
1.Ұйымдастыру кезеңі. Сабаққа психологиялық дайындық.
(Өлеңді хормен айтады.)
Армысың, алтын күн!
Көгілдір көк аспан!
Бармысың құстарым !
Қанатты достарым !
Суларым таза ма?
Талдарым аман ба?
Бас ием тауларға
Жамылған қарларға
Жайқалған даланы
Табиғат ананы
Көруге сағынып
Келген біз балаңыз.
2. Тақтадан бейне роликті тамашалау.
- Көңіл-күйлерін қандай? Алған әсерлері жайлы ой бөлісу
- Табиғаттан алған әсерлерін қандай ?
- Бұлақтың суы қандай екен?
- Бұлақ суының пайдасы бар ма?
- Бұлақ суының тазалығы, мөлдірлігі көз алдыңызға нені елестетеді?
Ыбырай Алтынсариннің «Таза бұлақ» әңгімесімен таныстыру.