Ұйымдастырушылық ізденіс
|
-Балалар, қазір жылдың қай мезгілі?
-Қыс мезілінің ерекшеліктері қандай?
-Қыс мезігілінде неше ай бар?
-Бір аптада неше күн бар?
Тосын сый:
Дымбілмес топқа сйқырлы сандықпен кіреді.
-Мынау ненің дауысы? Алақай балалар ойнап жатыр.
-Сәлем балалар, ойын ойнап жатырсыңдар ма? Мен де ойнайыншы.
-Сәлеметсың ба, Дымбілмес! Біз ойнап жатқан жоқпыз, бізде сабақ болып жатыр.
-Ал мынау қолындағы не?Бізге сыйлық әкелдің бе?
Дымбілмес: -Жоқ, бұл ма бұл (мұңаяды). Мен тек кәмпит жегенді, ойнағанды ұнатамын. Сабақ оқығым келмейді. Мына сандықтың аузын ашайын десем ашылмайды.
Тәрбиеші: Дымбілмес бұл жай сандық емес, сиқырлы сандық. Бұл сандықтың аузы кілтпен емес, біліммен ашылады. Бұл- білім сандығы.Ал мына сандықтың үстіндегі хатты көрдің бе?
Дымбілмес: Ия, маған досымнаң хат келді, жауабын шеше алмадым. Сендер маған көмектесесіңдер ме?
Тәрбиеші: Олай болса, Дымбілмеске көмектесейік!
Хатты ашып ішіндегі тапсырмаларды орындау.
1-тапсырма: 1-ден 5-ке дейін тура және кері санау.
Сандарды тақтайшада түрлі-түсті резенкелермен жазу. В.В.Воскобович элементі бойынша.
2-тапсырма: «Сұрақ-жауап»
1.Бағдаршамның неше көзі бар?
2.Қолғапта неше саусақ бар?
3.Адамда қанша көз бар?
4.Жұлдыздың неше көзі бар?
5.Аспанда неше күн бар?
6.Бір жылда неше мезгіл бар?
7.Бір аптада неше күн бар?
8.Оң қолымызда неше саусақ бар?
9.Сол қолымызда неше саусақ бар?
Дымбілмес:Жарайды балалар, сендер бұл тапсырманы да жақсы орындадыңдар, шаршаған боларсыңдар, бой сергітіп алайық
Сергіту сәті:
Ал балалар тұрайық
Үлкен шеңбер құрайық
Оңға бір бұрылып
Солға бір бұрылып
Алақанды соғайық
Алға қарай бір адым
Артқа қарай бір адым
Жоғары төмен қарайық
Орнымызды табайық.
3-тапсырма: Геометриялық пішіннің түрлері мен түстерің атап тақтаға жапсыру.
Осы пішіндердең үйдің, аққаланың, шыршаның суреттерің құрастыру, бір бала тақтада, қалғандары орындарында.
В.В.Воскобович элементі бойынша.
4-тапсырма Ойын: «Қарама-қарсы сөздер»
1.Мақта жеңіл, ал тас (ауыр)
2.Қар суық, ал шай (ыстық)
3.Кітап қалың, ал дәптер (жұқа)
4.Қант тәтті, ал тұз (ашы)
5.Күн жарық, ал түн (қараңғы)
6.Құрт қысқа, ал жылан (ұзын)
7.Қар аппақ, ал жер (қара)
8.Сүт ақ, ал су (түссіз)
5-тапсырма: «Уақытты бағдарлау» жұмбақтар шешу.
1.Ұйқымыздан тұрамыз, беті қолды жуамыз. Анамызға ереміз, бақшамызға келеміз.Бұл қай кезде болады?
2.Біз тәртіпті боламыз, сабақты да оқимыз.Серуеге шығамыз,қыдырамыз.Бұл қай кезде болады?
3.Күн батады қызарып, анамызды күтеміз.Бұл қай кезде болады?
4.Үйлерде шам жанады, дем алады бар әлем, деп әлдилеп ақ әжем.Бұл қай кезде болады?
6-тапсырма: «Воскобович шаршысынан түрлі пішіндер жасау»
Дымбілмес: Ой, балалар, бұл тапсырманы да дұрыс орындадындар.Ақылды, білімді екенсіңдер. Мен сендердің көмектерінің арқасында көп нәрсені үйрендім. Балалар қарандаршы, тапсырманы дұрыс орындағандықтан сиқырлы сандықтың аузы ашылыпты. Алақай, жарайсындар. Сендер менің сиқырлы сандығымның кілтін таптындар, сендер көп біледі екенсіңдер.Қанекей ішінде не бар екен, ашып көрейік. Ішінде кампит балалар қуанады.
|
-Қыс мезгілі.
Қар жауады, күн суық болады, аяз, боран болады.
3.
7 Дүйсенбі, сейсенбі,сәрсенбі, бейсенбі,жұма,сенбі,жексенбі.
Балалар Дымбілмеспен амандасады.
-Ия.
Сандарды санап, жазады.
3
5
2
5
1
4
7
5
5
Балалар сергіту сәтін жасайды.
Пішіндерді атап, түстерін атайды.
Пішіндерді құрастырады.
Ойын ойнайды.
Ауыр
Ыстық
Жұқа
Ащы
Қараңғы
Ұзын
Қара
Түссіз
Таңертең
Күндіз
Кеш
Түн
Балалар екі топқа бөлініп түрлі пішіндер жасайды.
|