Тарихи даталар: қосымша кітаптан ғылым мен техниканың даму тарихынан
1957ж 4 қазанда- ЖЖС ұшырылды.Жер серігімен Лайка атты ит ұшырылды.
1961ж. 12 сәуірдетұңғыш ғарышкер Ю.Гагарин 27 жасында ұшты.Ол 108 минут немесе 9 сағ 7 минут ұшты.
1963ж. 16 шілдеде әйел ғарышкер В.Терешкова ұшты.
1991ж. 2 сәуірде тұңғыш Қазақ ғарышкері Т.Әубәкіров ұшып, Арал теңізі аймағы бойынша жұмыстар жүргізіп келді,Қазақстанның 4 бұрышын түгелдей суретке түсіріп келді.
1994ж Т.Мұсабаев 135 тәулік бойы ұшты.
Қосымша материал: «Сен білесің бе?»
1.Космодром (ғарыш айлағы) дегеніміз не?
Жылдам қозғалып барып ұшатын орын.
2.Неліктен космодром «Байқоңыр» деп аталған?
1961 жылы 12 сәуірде Ю.А. Гагарин қазақ жерінен космос әлеміне ұшып шығып, бірден бірнеше дүркін дүниежүзілік рекордтар жасады. Сол күні халықаралық авиация және космонавтика ұйымдары Гагариннің рекордтарын ресми тіркеу үшін нақты қай жерден ұшып шыққанын айтыңыздар деп талап қойды. Сонда осы уақытқа дейін құпия болып келген Сырдария жағасындағы Төретам станциясынан ұшқанын білдірмеу үшін, сол жерден тура солтүстікке қарай орналасқан Жезқазған жеріндегі, Қарсақбай қасындағы Байқоңыр елді- мекені айтылды. Тұңғыш ғарышкер ұшып шыққан жер «Байқоңыр» деп аталып, қазақ сөзі әлемге тарап кетті.
2.Әлемдік рекордтарды тізетін Гиннес кітабына аты жазылған тұңғыш қазақ ғарышкері?
Т. Мұсабаев. 1994 ж. 126 тәулік бойы космос әлемінде ұшып жүрді. 1998 ж. Орбитада 7 ай бойы жүріп, 7 рет ашық аспан әлеміне шықты. Бас аяғы 30 сағатын космостың қара тұңғиығымен бетпе-бет өткізді.
3. Ғарышқа 5 рет ұшқан ғарышкер. В.А.Жәнібеков
4. Ғарышқа ұшқан ең жас ғарышкер. Г.Титов 25 жас
5. Ең алғаш рет Қытайда отшашуды көрсету үшін зымырандар пайдаланылған.
6. Ең алғаш рет зымыранды көлік құралы ретінде пайдалануды ұсынған орыс өнертапқышы Николай Иванович Кибалчич (1853–1881) болды.
Достарыңызбен бөлісу: |