Бөлім тақырыбы: Терімшілер-аңшылардан бастап жер иеленушілер мен мал өсірушілерге дейін Сабақ тақырыбы: Алғашқы адам қалай пайда болды?



Дата11.09.2024
өлшемі3,72 Mb.
#204089
түріСабақ
Байланысты:
18-сабақ. Үйсіндер мен қаңлылардың материалдық мәдениеті

Бөлім тақырыбы: Үйсіндер мен қаңлылар Сабақ тақырыбы: Үйсіндер мен қаңлылардың материалдық және рухани мәдениеті


Қазақстан тарихы
5-сынып
Нұр-Сұлтан қаласы Білім беруді жаңғырту орталығы
Оқу мақсаты:

– ежелгі тайпалардың қолданбалы өнер ерекшеліктерін сипаттау;
– көшпелілердің әлемдік өркениетке қосқан үлесін түсіну;

Бағалау критерийлері:
-үйсіндер мен қаңлылардың мәдениетін сипаттайды;
Зерттеу сұрағы: үйсіндер мен қаңлылар мәдениетінің ерекшеліктері қандай?




Тірек сөздер


Тәті – төбесі мен шүйде тұсы ашық, кішігірім тәж тәрізді әшекейлі баскиім
1939 жылы Алматыға жақын жердегі Қарғалы қойнауынан үйсін ескерткіші табылды. Мұндағы екі жүзік, таутекелердің он мүсіні, тышқан бейнеленген сырға, қаптырмалар зергерлік өнердің ерекше дамығанын көрсетеді. Бұйымдардың көпшілігі алтыннан жасалған. Ерекше көзге түсерлік нәрсе – Қарғалы алтын тәтісі.
Шаш – Илақ аймағында қаңлылардың металл өндірісінің ірі орталықтары болған. Мұнда темір, алтын мен күміс өндіріп, түрлі бұйымдар жасаған.
Ежелгі үйсіндердің шаруашылығында да темір, мыс пен асыл металдарды қазып алу, қорыту және өндіру кеңінен тарады.
Қаңлы қалалары мен қоныстарында қолөнер кеңінен дамыды. Археологтар қоныстарды зерттеген кезде қыш ыдыстарды көп кездестірді.
Үйсіндерде ыдыстар тамақ ішетін, пісіретін және шаруашылыққа пайдаланатын болып бөлінген.
Қаңлылар табиғаттан тыс күштерге сенген және ата-баба рухына сыйынған. Олар тылсым күшке сеніп, оған арнап малдарын құрбандыққа шалған. Күн мен айға, жұлдыздарға табынған. Аспан денелеріне қарап уақыт мөлшерлеп, жыл қайырған, жүру бағдарын, дән себу мен жинау мерзімін анықтаған, діни жоралғыларын орындаған. Қаңлылардың жерлеу салты мен рәсімдері әр аймақта әртүрлі болып келеді. Мысалы, Қауыншы мәдениетіне жататын аймақтарда қайтыс болған адамды киімімен жерлеген.
Қауыншы мәдениеті Ташкент өңірінде тараған. Оларда тоқыма мен жіп иіру ісі жоғары дамыған. Отырар-Қаратау мәдениеті Сырдарияның орта тұсы бойындағы Қаратау беткейлерінен Талас өзеніне дейінгі аралықта тараған. Отырар-Қаратау мәдениетінде биік қорғанды қалалар салынған.

Зерттеуші Абель Ремюза ХІХ ғасырдың 20 –жылдарында Ертістегі үңгір ішіндегі және Зырян кеніші маңындағы жазбаларға зерттеу жүргізіп, оның үйсін тайпаларына жататын болжады. Қаңлы тайпаларында да жазу дәстүрі болған.
Қытай елшісі Сыма Цянь: «Патша ордасында оның заңдары мен жарлықтары ілулі тұрады екен», - деп жазған. 2006 жылы Оңтүстік Қазақстандағы Күлтөбе қалашығындағы қазба жұмыстары нәтижесінде қаңлы жазуы бар қыш тақтайшаларын тапты. Бұл қаңлыларда жазудың болғанын нақты дәлелдейді.
№1 тапсырма. Тест тапсырмалары
  • Үйсіндердің мәдениеті туралы ақпарат беретін ескерткіштер Қазақстанның қай өңірінен табылды?

  • А. Сарыарқа
    В. Баянауыл
    С. Жетісу
    2. Қарғалы тәтісі неше бөліктен тұрады?
    А. 2
    В. 3
    С. 4
    3. Қаңлы жазуы қайдан табылды?
    А. Күлтөбе қорымы
    В. Алтынтөбе қорымы
    С. Шаш – Илақ аймағы
    4. Қаңлыларда музыка өнерінің жақсы дамығанын қай өлеңнен біле аламыз?
    А. Әнші бикеш
    В. Күйші бикеш
    С. Биші бикеш

Өзіңді тексер
  • Үйсіндердің мәдениеті туралы ақпарат беретін ескерткіштер Қазақстанның қай өңірінен табылды?

  • А. Сарыарқа
    В. Баянауыл
    С. Жетісу
    2. Қарғалы тәтісі неше бөліктен тұрады?
    А. 2
    В. 3
    С. 4
    3. Қаңлы жазуы қайдан табылды?
    А. Күлтөбе қорымы
    В. Алтынтөбе қорымы
    С. Шаш – Илақ аймағы
    4. Қаңлыларда музыка өнерінің жақсы дамығанын қай өлеңнен біле аламыз?
    А. Әнші бикеш
    В. Күйші бикеш
    С. Биші бикеш

Қорытынды

  • Бұл сабақта біз:
  • Металл өндірісінің негізгі орталықтарын анықтадық;
  • Қолөнер бұйымдарының ерекшеліктеріне сипаттама бердік;
  • Қаңлы музыка өнерімен таныстық;
  • Үйсін және қаңлы жазуы туралы білдік;

Оқу тапсырмасы

  • Қаңлылар мен үйсіндердің мәдениеті туралы шағын әңгіме құрастырыңдар


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет