6 – ұйымдастырылған оқу іс - әрекетінің технологиялық картасы Білім беру саласы: Қатынас
Бөлімі: Көркем әдебиет
Оқу іс-әрекетінің тақырыбы: Ынтымағы жарасқан отбасы. 14 – бет.
Оқу іс-әрекетінің мақсаты: отбасы туралы түсініктерін кеңейту, отбасындағы өзара сыйластық қарым-қатынас дағдыларын дамыту. Отбасына деген сүйіспеншілікке тәрбиелеу. Отбасылық, туыстық қарым- қатынастың мәнін түсіндіру.
Сөздік жұмысы:ынтымақ, жарасқан.
Оқу іс-әрекетінің көрнекіліктері: отбасы суреті. Ата-әже, әке-ана, аға-іні, әпке-сіңлі суреттері.
Қостілділік компонент: отбасы – семья, ата – дедушка, әже – бабушка, әке – отец, ана – мать.
Іс-әрекет
кезеңдері
Тәрбиеші әрекеті
Балалардың
іс-әрекеті
Мотивациялық-қозғаушылық
Ұйымдастыру кезеңі. 1. Шаттық шеңберіне тұрады, бір-біріне әдемі күлкілерін сыйлайды: Кел, балалар, күлейік, Күлкіменен түлейік!
Қабақ түйген не керек, Көңілді болып жүрейік!
Шаттық
шеңберін
жасайды.
Ұйымдастыру-іздестіру
2. Тыныштық сәті: Баяу музыка ойнап тұрады. - Бір сәтке көздеріңді жұмып, көз алдарыңа туған үйіңді, отбасы мүшелерін елестетіп көріңдерші. Туған үйіміз сондай ыстық. Отбасы мүшелері қандай сүйкімді, көңіл күйіміз өте жақсы! Көздеріңді жаймен ашыңдар. Балалар өз отбасы туралы әңгімелеп береді.
3. Дидактикалық ойын: «Менің отбасым».
Ойын шарты: балалар шеңберге тұрады. Допты бір-біріне лақтырып, готбасу туралы жақсы сөздер айтады.
- Менің отбасым ... (тату).
- Менің отбасым ... (көңілді).
Ойын осылайша жалғаса береді.
4. Дәптермен жұмыс:«Ынтымағы жарасқан отбасы» суретіне қарап, әңгіме құрау. Балалар жауап береді.
5. Сергіту сәті: Біздің үйде ән тарап,
Думандатар өмірді.
Біздің үйде салтанат,
Біздің үйде көңілді. (Қимылмен көрсетеді).
«Отбасым – бақыт мекені» - жоғары дауыста
орта дауыста
төмен дауыста айтылады.
Тыныштық сәтін жасайды.
Ойынды ойнайды.
Әңгіме құрап, түсінеді.
Сергіту сәтін жасайды.
Рефлексивті-түзетушілік
Оқу іс-әрекетін қорыту.
- Отбасы деген сөзді қалай түсінесіңдер?
- Отбасына кімдер жатады?
- Сенің отбасыңда неше адам бар?
- Өз отбасың туралы әңгімелеп бер.
Күтілетін нәтиже: Нені біледі: отбасы туралы түсініктерін кеңейту, отбасындағы өзара сыйластық қарым-қатынас дағдыларын дамыту.
Қандай түсініктерді игерді: отбасына деген сүйіспеншілікке тәрбиелеу.
Меңгерген дағдылары мен іскерліктері: отбасылық, туыстық қарым- қатынастың мәнін түсіндіру.