Күні. 15.02.2021 ж Оқу іс-әрекеті: «Таным» білім беру саласы.
Бөлімі: Математика негіздері
Тақырыбы: «Қызықты математика әлемінде»
Мақсаты: Геометриялық пішіндерді тану және атауын білуге, заттардың түстерін көлемін дұрыс атап ажырата білуге,үшке дейін санауды білуге үйрету.
Міндеттері: Балалардың заттардың саны туралы білімін бекіту және қорытындылау, сөйлегенде жиынтықты: «бір», «көп», «бірде-біреуі жоқ», «бір-бірден» сөздерімен білімдерін жетілдіру; топ бөлмесіндегі заттарды ажырата алуын, олардың санын– біреу, көп анықтай алу; көзбен ақпарат алу арқылы жұмбақ шешуге баулуды жалғастыру; көліктерді құрастыру арқылы логикалық ойлауын дамыту; балалар арасында достық қарым-қатынасқа, оқу қызметіне қызығушылығын тәрбиелеуді жалғастыру.