№
|
Жүргізу қадамдары
|
1
|
Реакцияның толық атауы, қойылу мақсаты.
Қажетті жабдықтарды таңдап алу:
1.1. заттық әйнекше.
1.2. 1:20 қатынасына сұйытылған агглютинацияланатын диагностикалық сарысу.
физиологиялық ертінді.
қиғаш агардағы таза дақыл.
бактериологиялық ілмек.
от көзі (спиртовка).
заттық әйнекшелер қойылатын тұғыр (подставка).
дәкелі салфетка
пастер түтікшесі
Заттық әйнекшені салфеткамен сүрту.
|
2
|
Әйнекшенің бір шетіне бақылау үшін физиологиялық ертінді тамызу. Әйнекшенің екінші шетіне 1:20 қатынасына сұйытылған агглютинацияланатын диагностикалық сарысуды тамызу.
|
3
|
Бактериологиялық ілмекті әр зерттеу материалын алар алдында өңдеу.
|
4
|
Әр бір тамшыға өңделген бактериологиялық ілмекпен бактериялық гомогенді жүзгін пайда болғанша микроб дақылының шамалы мөлшерін араластыру.
|
5
|
Егер реакция оң болса бірнеше минуттан кейін тәжірибелік тамшыда бактериялар бір-бірімен жабысып түйіршіктену басталады, оны әйнекшені шамалы шайқап жылдамдатуға болады. Бақылау тамшы біркелкі лайланған күйінде қалады.
Нәтижесін қорытындылаңыз.
|