-дан/-ден, -тан/-тен, -нан/-нен
қосымшаларының жалғануы арқылы жасалады. Бұл қосымшалар
грамматикалық шығыс септігінің жалғауы ретінде танылғанымен,
сан есімдер құрамында өзінің септік жалғауы қызметіндегі
65
грамматикалық мағынасынан қол үзіп, топтау мағынасын үстейді.
Топтық сан есімдер дара жəне күрделі түрде болады. Мысалы:
еке-
уден, бестен, оннан
немесе
екі-екіден, бес-бестен, он-оннан,
т.б.
Топтық сан есімдердің басты ерекшелігі: олар түрленбейді, яғни
топтау мағынасында қолданылғанда көптік, септік, тəуелдік жəне
жіктік жалғауларын қабылдамайды.
Болжалдық сан есімдер зат пен құбылыстың санын дəл, нақтылы
түрде емес, тұспалдап, болжап, шамамен білдіру үшін қолданылады.
Болжалдық сан есімдер есептік жəне жинақтық сан есімдерден
синтетикалық жəне аналитикалық тəсілдер арқылы жасалады.
Синтетикалық тəсіл арқылы болжалдық сан есімдер есептік жəне
жинақтық сан есімдерге
-ер, -дай/-дей, -тай/-тей,-даған/-деген
қосымшаларының жалғануы арқылы жасалады. Мысалы:
бірер,
жүздей, ондаған, жүздеген,
т.б. Болжалдық сан есімнің құрамында
салыстыру мəнді қосымшалардың болуы заттың болжалдық сан
мағынасының бір затты екінші бір затпен салыстыру мағынасымен
байланыстылығын танытады. Сондықтан болжалдық сан есім жасау-
да салыстыру, теңеу мəнді
-дай/-дей
жұрнағы өнімді қолданылады.
Болжалдық сан есімдер есептік сан есім мен жинақтық сан
есімдердің қосарлануы жəне сан есімдерге
жуық, астам, тарта,
шақты, шамалы,
т.б. көмекші сөздердің тіркесуі арқылы да жаса-
лады. Мысалы:
бір-екі, үшеу-төртеу, жүзге тарта, оннан астам,
қырық шақты, елуге жуық,
т.б.
Болжалдық сан есімдердің ішінде, көп жағдайда, қосарлы түрлері
ғана заттануға бейім болып, көптік, септік, тəуелдік жалғауларымен
түрленеді. Бірақ түрленген жағдайда да олардың болжалдық
мағынасы айқындала түседі. Мысалы:
бес-алтауы, алпыс-жетпісті,
он-он бірге, жеті-сегіздерде,
т.б. Бұл болжалдық сан есімдердің
негізгі белгілерінің бірі ретінде түсіндіріледі.
Белгілі бір заттар мен құбылыстардың сандық бөлшегін, үлесін
білдіретін сан есімдер бөлшектік сан есімдер деп аталады. Сан
есімнің басқа топтарынан ерекшелігі, біріншіден, бөлшектік сан
есімдер таза математикалық ұғымды білдіреді. Сондықтан оның
жасалу жолы да математикалық амалдар арқылы жүзеге аса-
ды. Екіншіден, сан есімдердің бұл тобы морфологиялық құрамы
жағынан тек күрделі түрде болады.
Бөлшектік сандардың бастапқыда таза сандық мағынада
қолданылатын сөздердің заттық ұғымға ие болуы жолымен пайда
болуы олардың ілік, шығыс септіктері мен тəуелдік жалғауларын
5–1136
Достарыңызбен бөлісу: |