БоөЖ 12 «Қазіргі заман жағдайында қазақ халқының ауызша мұрасы (тарихи дәстүрлер) мен жазбаша тарихнаманы (Мұхаммед Хайдар Дулати, Қадырғали Қасымұлы Жалайырдың шығармаларын) зерттеу». Эссе жазу



Дата08.02.2022
өлшемі16,51 Kb.
#98071
Байланысты:
БОӨЖ 12


БОӨЖ 12 «Қазіргі заман жағдайында қазақ халқының ауызша мұрасы (тарихи дәстүрлер) мен жазбаша тарихнаманы (Мұхаммед Хайдар Дулати, Қадырғали Қасымұлы Жалайырдың шығармаларын) зерттеу». Эссе жазу
XVI ғасырдың соңы мен XVII ғасырдың ең алғашқы жылдарында жазылған түркі ескерткіштерінің бірі – Жалаири Қадырғали Қосымұлының қолынан шыққан тарихи туынды «Жамиғат-ат тауарих» («Шежірелер жинағы»). 1602 жылы жазылып аяқталған бұл шығарма ғалымдар назарына ілігуі – XIX ғасырда өмір сүрген татардың ағартушы ғалымы Ибрагим Халфиннің есімімен тығыз байланысты. Ол еңбектің бір көшірмесін 1819 жылы Қазан университетінің кітапханасына тапсырады. Қадырғали би еңбегі – ортаазиялық тарихи шығармалар дәстүрінде жазылған еңбек. Сонымен қатар автор сол тарихи кезеңдегі мәдени дамудың деңгейі мен сипатына сай жазба тарихпен қатар, жатқа айтылған тарихты да жақсы меңгерген. Өйткені, ол өмір сүрген тарихи кезеңде көшпелі түркі қоғамдарында ауызша тарих айту дәстүрі кең тараған еді. Шежірелер жинағында берілген шежірелік материалдар, түркі халықтары арасында кең тараған Едіге жайлы эпостан үзінді, пайдаланылған қанатты сөздер мен мақал-мәтелдер соның айғағы. Алайда, Қадырғали би еңбегінің құндылығы – қазақ халқы өз өкілінің қаламынан туған жазба тарих болуында. Бұл шығармада қазақ тарихына қатысты деректер аса көп емес, дегенмен сол азын-аулақ мәліметтің өзі ғылыми маңызы зор, оны басқа сол тұстағы ескерткіштерден кездестіре алмаймыз. Өйткені, Қадырғали мәліметтері қазақ қоғамына тән процестерді сырт көз арқылы емес, іштен қарауға көмектеседі. Орта ғасырлардағы түркі жазба ескерткіштерінің барлығында да, оның ішінде Қадырғали шежіресінде де өзге тілдік қабатты араб пен парсы сөздері құрайды. Сонымен қатар мұнда монғол сөздері және некен-саяқ қытай тілінің элементтері кездеседі. Шығармада қолданылған араб сөздерінің дені – дерексіз (абстракт) ұғым атаулары. Олардың да басым көпшілігі түркі тілдеріне еніп, күні бүгінге дейін қолданылып келе жатқан дәулет, асыл, илтифат, ихлас, ишарат, файда, рәсім, адат тәрізді сөздер. Қорыта айтқанда, Қадырғали бидің «Жамиғат-ат тауарих» атты шығармасы – XVI ғасыр соңғы ширегіндегі қазақтың ескі жазба әдеби тілінің прозадағы, оның ішінде тарихи-шежіре жанрындағы тұңғыш үлгісі.


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет