Босанғаннан кейінгі асқынулар, олардың алдын-алу жəне ерте диагностикасы


ЖҮКТІЛІКТІҢ ЕРТЕ МЕРЗІМІНДЕГІ АКУШЕРЛІК ҚАН КЕТУЛЕР



бет3/8
Дата07.02.2022
өлшемі0,71 Mb.
#93884
1   2   3   4   5   6   7   8
Байланысты:
Смагулов Шерхан 3

ЖҮКТІЛІКТІҢ ЕРТЕ МЕРЗІМІНДЕГІ АКУШЕРЛІК ҚАН КЕТУЛЕР
Өздігінен болған түсік – жүктіліктің 22 аптасына дейінгі өздігінен үзілуі немесе жүктіліктің салмағы 500г кем, бойы 25см қысқа, тіршілік етуге қабілетсіз ұрықтың туылуымен аяқталуы. 15-44 жастағы əйелдер арасындағы барлық жүктілікке шаққандағы оның жиілігі 15-20% жəне де 20 жасқа дейінгілерде 12%, 20 жастан асқандарда - 26% жетеді. Өздігінен болған түсікке себепші факторлары: ұрықтың хромосомды аномалиялары, имплантация ақаулары, инфекциялық аурулар, жатыр ақаулары, иммунды қайшылықтар жəне т.б.
Жатырдан тыс жүктілік – ұрықтанған аналық жұмыртқасының имплантациясы мен дамуы жатыр қуысынан тыс жерде орын алады. Барлық жүктіліктердің 1-2% қамтиды, барлық босануларға қатынаста – 0,8-2,4% жиілікпен кездеседі. Эктопиялық жүктілік ана өлімінің жүктіліктің ерте мерзіміндегі себепшісі ретінде 10-15% құрайды.
ЖҮКТІЛІКТІҢ КЕШ КЕЗЕҢІНДЕГІ ҚАН КЕТУЛЕР
Қалыпты орналасқан плацентаның мерзімінен бұрын сыдырылуы (ҚОПМБС)– плацентаның нəресте туылғанға дейін жүктілік жəне босану кезінде толық немесе жартылай жатыр қабырғасынан ажырауы. Бұл патологияның кездесу жиілігі 0,8- 0,9% құрайды.
Плацентаның алда жатуы – плацентаның жатырдың төменгі сегментіне бекіп орналасуы. Кездесу жиілігі – 1:200 құрайды, жүктіліктің ІІ триместірінде анықталған плацентаның алда жатуы 80-90% жағдайда өздігінен қалпына келуі мүмкін. Плацентаның алда жатуын шарттайтын маңызды факторлар: алдыңғы жүктіліктері түсіктермен аяқталған, соның салдарынан болатын эндометрий өзгерістері, децидуальді тіннің даму патологиясы болып табылады. Қауіп факторларына: көп жүктілік, əйелдің жасы (35 жастан асқандар), жатыр тыртығы, көпұрықты жүктілік, анамнезіндегі болған плацентаның алда жатуы жатады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет