Босану физиологиясы Жүктіліктің мерзімін,босану және ддо күнін анықтау



бет1/5
Дата31.01.2022
өлшемі26,2 Kb.
#116701
  1   2   3   4   5
Байланысты:
18 АКУШЕР


4Күн Босану физиологиясы

1.Жүктіліктің мерзімін,босану және ДДО күнін анықтау.



Жүктілік мерзімін анықтау анамнездік мәліметтер негізінде (етеккірдің тоқтауы, іштегі нәрестенің бірінші қозғалған күні), объективті зерттеулер (жатыр ұзындығы мен ұрық өлшемі) және қосымша зерттеулер негізінде (УДЗ) жасалады. Жүктілік мерзімін және босану уақытын анықтайды: Соңғы етеккірдің күніне қарайды. Соңғы етеккірдің бірінші күнінен бастап, жүкті әйелдің қаралған кезінің күніне дейін санап шығаруға болады. Босану уақытын анықтау үшін соңғы етеккірдің бірінші күніне 280 күнді қосады немесе Негеле формуласын пайдаланады. Соңғы етеккірдің бастапқы күніне 3 айды алып тастаймыз және 7 күнді қосамыз. Бұл әдіс етеккір циклы тұрақты емес әйелдерге қолдануға болмайды.

Овуляция бойынша. Егер сол немесе басқада жағдайлар күшінде болса, әйел шамаланған ұрықтану күнін айтуы мүмкін. (сирек жыныстық, экстрокорпоральды ұрықтандыру операциясы, донор спермасының инсесенациясы) онда жүктілік мерзімін шамамен 2 апта қосып, ұрықтану күнінен бастап санап шығарады, ал босану күнін, 38 апта, шамаланған овуляция күнінен бастап санап шығарылады немесе келесі формуланы қолданады: овуляция күнінен 3 ай 7 күнді алып тастайды.

Бірінші қозғалуына қарап; жүктілік мерзімінің қозғалуының бірінші күніне қарап, оның екінші жартысында ғана анықтауға болады. Орташа алғанда бірінші босанатын әйелдер ұрықтың қозғалуын 20 аптада, ал екінші рет босанатын әйелдер - жүктіліктің 18 аптасында сезеді.

Ультрадыбысты зерттеу мәліметтеріне қарап УДЗ арқылы жүктілік мерзімін анықтау дәлдігі жоғары, әсіресе жүктіліктің 1 триместрінде. II және III триместрде бұл әдіспен жүктіліктің мерзімін анықтауда қателесу жоғарылайды. Ол ұрық дамуының конституционалды ерекшеліктерімен немесе жүктілік асқынуларымен байланысты (ұрық гипотрофиясы, диабетикалық фетопатия және т.б.), сондықтан іштегі нәрестені динамикалық ультра дыбысты бақылау айқын бағалы болып табылады.

2.Анамнез жинау,босану картасын толтыру (№ форма )



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет