Ботакөз Лесбекқызы мен Мадина Тулкунқызы Сандар тізбегі


Жауабы : E) модасы жоқ 3-МЫСАЛ



бет7/81
Дата19.12.2022
өлшемі4,68 Mb.
#163294
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   81
Байланысты:
Математикалық сауаттылыққа тест тапсырмалары

Жауабы : E) модасы жоқ
3-МЫСАЛ. Оқушының география пәнінен алған бағалары: «5», «4», «3», «3», «4», «3», «4», «5». Оқушының осы алған бағаларының модасын табыңыз.
А ) «4» В) «3», «4» С) «3» Д) «5» E) модасы жоқ
Шешуі : Оқушының тоқсан ішіндегі математикадан алған :
«5»-тік бағасының жиілігі 2-ге тең,
«4»-тік бағасының жиілігі 3-ке тең,
«3»-тік бағасының жиілігі 3-ке тең.
Жиілігі ең көп бағалар «3», «4»-тік баға. Демек, оқушының географиядан алған бағаларының модасы «3», «4»-тік баға.
Жауабы : В) «3», «4».


Шама мәндерінің өзгеріс ауқымы


Өзгеріс ауқымы дегеніміз дегеніміз берілгендер қатарындағы ең үлкен мән мен ең кіші мәннің айырымы.
1-МЫСАЛ. Наурыз айының бірінші аптасындағы ауаның тәуліктік орташа температурасы: 30, 40, 50, 80, 60, 40, 70 болды. Осы аптадағы ауаның тәуліктік орташа температурасының өзгеріс ауқымын табыңыз.
А ) 30 В) 70 С) 50 Д) 80 E) 40
Шешуі : Ең үлкен температурадан ең кіші температураны азайтамыз: Демек, осы аптадағы ауаның 80-30=50 тәуліктік орташа температурасының өзгеріс ауқымы 50.
Жауабы : С) 50


Медиана

Берілген сандардың саны тақ болса, онда олардың медианасы – осы сандардың өсу (кему) ретімен орналастырғанда қақ ортасында тұрған сан. Берілген сандардың саны жұп болса, онда олардың медианасы – осы сандардың өсу кему ретімен орналастырғанда ортада тұрған екі санның арифметикалық ортасына тең болады. Берілген сандар қатарының медианасын табу үшін:



  1. Берілген сандарды өсу ретімен немесе кему ретімен орналастырып жазу керек;

  2. Осылайша орналастырылған сандар қатарының қақ ортасындағы санды табу керек;

  3. Сол сан берілген сандар қатарының медианасы болады.



1-МЫСАЛ. Қазан айының бір аптасындағы ауаның тәуліктік орташа температурасы: 140 С, 150 С, 160С, 140С, 170С, 170С , 200 С болды. Қазан айының осы аптадағы тәуліктік температуралардың медианасын табыңыз.
А ) 170С В) 200 С С) 150 С Д) 140 С E) 160 С
Шешуі : Апта ішіндегі ауаның орташа температураларын өсу ретімен орналастырып жазамыз: 140 С, 150 С, 160С,140С,170С, 170С, 200 С яғни, 14, 14, 15, 16, 17, 17, 20
Осы сандар қатарының қақ ортасындағы сан: 16. Қазан айының осы аптасындағы тәуліктік температуралардың медианасы 160 С.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   81




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет