Байланысты: Ботак з Лесбек ызы мен Мадина Тулкун ызы Сандар тізбегі
39. Екі рет лақтырылған теңгенің «елтаңба» жағымен түсу ықтималдығын табыңыз.
А) 1. В) 0,25. С) 0,5. D)0. Е) 0,4.
40. Бітіру емтиханы үшін тарих пәнінен 25 билет дайындалған. Оқушының кездейсоқ алған билетінің бір таңбалы сан болуықтималдығын табыңыз.
А) 0,08. В) 0,15. С) 0,09. D)0,25. Е)0,36.
41. Студент 120 емтихан сұрақтарының 80 сұрағына дайындалды. Егер әр билетте бір сұрақ болса, емтиханда студент билеттің жауабын білмейтін билетті алу ықтималдығын табыңыз.
А) В) С) D) Е)
42. Бітіру емтиханы үшін тарих пәнінен 25 билет дайындалған. Оқушының кездейсоқ алған билетінің нөмірі 4-ке еселі сан болу ықтималдығын табыңыз.
А) 0,18. В) 0,15. С) 0,24. D)0,25. Е) 0,36.
43. Сыныптағы 8 оқушыдан тақтаға 3 оқушыны неше тәсілмен шығаруға болатынын анықтаңыз.
А) 336. В) 24. С) 21. D)56. Е) 48.
44. Төрт орындыққа төрт адамды отырғызу тәсілдерінің санын тап.
А) 24. В)6. С) 48. D)15. Е) 12.
45. 5 қарындаш пен 7 қаламсаптың ішінен 3 қарындаш пен 4 қаламсапты неше тәсілмен таңдап алуға болады?
А) 290. В) 350. С)310. D)420. Е) 360.
46. Бес оқушыдан екі кезекшіні қанша әдіспен таңдап алуға болады?
А) 40. В) 10. С) 50. D)20. Е) 60.
47. Шеңбер бойында 9 нүкте берілген. Ең көп дегенде неше хорда сызуға болатынын анықтаңыз.
А) 14. В)36. С) 28. D)16. Е) 15.
48. Шеңбер бойында жеті нүкте орналастырылған. Осы нүктелер төбесі болатын неше үшбұрыш сызуға болады?
А) 20. В) 18. С) 35. D)40. Е) 15.
49. Жеті оқушыдан екі оқушыны қанша әдіспен таңдап алуға болады?
А) 41. В) 51. С)31. D)11. Е)21.
50. Кешкі болатын іс-шараға кезекші болуы үшін Бейбарыс, Бекзат, Дәурен. Мақсат және Олжастан тұратын топ құрылды. Осы оқушылардың ішінен неше әртүрлі тәсілмен үш оқушыны таңдап алуға болатынын анықтаңыз.
А) 12. В) 24. С) 9. D)10. Е) 18.
51. «ИНФОРМАТИКА» сөзіндегі әріптерден құралған жиынның элементтер санын табыңыз.
А) 11. В) 8. С) 9. D) 7. Е) 10.
52. 5 үздік оқушының үшеуіне ғана әр түрлі үш жолдама келді. Жолдамаларды неше тәсілмен оларға бөліп беруге болатынын анықтаңыз.
А) 50. В) 25. С)60. D)10. Е) 16.
53. 5 үздік оқушының үшеуіне ғана үш бірдей жолдама келді. Жолдамаларды неше тәсілмен оларға бөліп беруге болатынын анықтаңыз.
А) 50. В) 25. С)60. D)10. Е) 16.
54. Сыныптағы 20 оқушыдан екі оқушыны бір партаға отырғызу керек. Оларды қанша тәсілмен отырғызуға болады? Бір партаға отыратын 2 оқушының қалай отыруы ескеріледі.
А) 320 . В) 400. С) 360. D) 380. Е) 420.
55. Сыныптағы 20 оқушыдан екі оқушыны бір партаға отырғызу керек. Оларды қанша тәсілмен отырғызуға болады? Бір партаға отыратын 2 оқушының қалай отыруы ескерілмейді.
А) 190. В) 400. С) 360. D) 380. Е) 220.