Ботаникалық сипаттамасы


Өсіру технологиясының ерекшеліктері



бет4/4
Дата26.12.2021
өлшемі20,5 Kb.
#105803
түріҚұрамы
1   2   3   4
Байланысты:
арпа
арпа, арпа, English hometask
Өсіру технологиясының ерекшеліктері. Далалық 4-5 танапты дəнді сүрі танаптық малазықтық ауыспалы егісте арпа 3-4 дақыл ретінде қолданылады. Ауыспалы егістерде дақыл дардың кезектесуі мынадай: жүгері-арпа, немесе жүгері-біржылдық шөптер-арпа. Арпа өсірудегі топырақ өңдеу жүйесі, негізінен, жаздық бидайға ұқсас. Алқаптар арамшөппен қатты ластанғанда, əсіресе, ылғал мол түскен жылдары, қосымша қопсыту жұмыстары жүргізіледі. Астыққа да, мал азығына да ең қолайлы себу мерзімі – мамырдың

аяғы мен маусымның басы, мұның өзі арамшөптерден арылып, жазда түскен ылғалды тиімді пайдалануға мүмкіндік береді. Мал азығы дақылдарының егістігін арамшөптен қорғау агротехникалық жəне химиялық күресу жолдарын қарас тырады. Арамшөпке қарсы күрес дақылдары ауыспалы егісте орналастыра отырып агротехникалық шаралар жүйесін іске асырғанда ғана тиімді болады жəне осыған сəйкес арамшөп өсімдіктерін құртуды қамтитын топырақты өңдеу, тұқымды арамшөптен тазарту, себу мерзімі, егістікті күтіп-баптау т.б. шараларды жүзеге асыру қажет. Дақылдардың бұл тобы қатардағы əдіспен себіледі, жоғары қарқынмен өседі, сондықтан арамшөпке қарсы күрес себу жұмысына дейін агротехникалық шаралар арқылы жүзеге асады, алайда жекелеген жағдайларда химиялық күрес əдісі де қолданылады, оның ішінде кең тарағаны – 2,4Д жəне 2М-4Х препараттары. Препараттарды қолданудың ең қолайлы мезгілі – түптену кезеңі, алайда бұл кезеңде мəдени өсімдіктердің 2,4Д туындыларына төзімділігі əр түрлі – арпа (нашар), сұлы (орташа), ал күздік қара бидай (жақсы). Аз жылдық арамшөппен күресте 2М-4Х-тің енгізу нормасы 1,2 кг/га, амин тұзы (2,4Д) 0,7 кг/га, бутил эфирі (2,4Д) 0,25-0,3 кг/га. Егістікте көпжылдық атпатамырлы арамшөбі болса 2,4Д-нің амин тұзының енгізу нормасы 0,8-1,0 кг/га, бутил эфирі 0,40-0,50.__

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет