Биологиялық ерекшеліктері. Арпаның тұқымы 1-2о жылылықта өне бастайды, көгінің пайда болуына қажетті ең қолайлы температура – +15-20о. Өсіп-өну кезеңінде шаруа шылыққа жарамды астық алуға қажетті белсенді температура жиынтығы орта мерзімді пісетін сорттарға – 1300о жəне кеш пісетін сорттарға – 1400о С. Егін-көгі – +4-5 температурада алуға болады,түтікке шығу- масақтану кезеңіндегі ең қолайлы ауа температурасы – +20-22оС, ал дəннің пісуі кезіндегі 23-24оС. Арпа көктегенде 6-8оС бозқырауды зиянсыз көтереді. Арпа бидай мен сұлыға қарағанда қуаңшылыққа төзім дірек. Оның транспирация коэффициенті 300-450оС. 1 ц астыққа жұмсалатын су шығыны (су пайдалану коэффициенті) 90-150 м3, мал азығына өсіргенде 1 ц құрғақ затқа – 40-80 м3. Арпаның ылғалды қажетсінуі түтікке шығу кезеңіне дəл келеді. А.И.Бараев атындағы Қазақ астық шаруашылығы ғылыми- зерттеу институтының тəжірибелерінде сүр танаптан кейін үшінші дақыл ретінде орналастырғанда орта есеппен 9 жылда бидайдың өнімі 12 ц/га, арпаның өнімі 16,6 ц/га болды, ал таза сүрі танапқа орналастырған бидайдың өнімі 15,9 ц/га болғанның өзінде арпаның үшінші дақыл ретіндегі өнімі бидайдың сүрі танаптағы өнімінен жоғары болады. Барлық ылғалдың 50-60% арпа түтікке шығудан
масақтануға дейінгі аралықта шығындайды. Арпа топырақ құнарлығына айтарлықтай жоғары талап қояды. Басқа астық дақылдарына қарағанда арпаның тамыр жүйесі біршама
əлсіз дамиды: 1 гектарға арпа 2,2 тамыр, сұлы – 3,7, күздік бидай 3,4, қара бидай 5,9 тамыр қалыптастырады екен. Арпа тамырының сіңіру қабілеті де əлсіздеу, сондықтан ол сіңімді қоректік заттарды қажетсінеді. Арпа қышқыл топырақтарда (рН-6,5-7,5) нашар өседі, алайда тұзды ортаға айтарлықтай төзімділігінің нəтижесінде сортаңдау топырақтарда бидайға қарағанда жақсы өнім береді. Арпа – өздігінен тозаңданатын өсімдік, бірақ айқас то заңдануы да кездесіп қалып жүр, гүлдену мен ұрықтану жиі түрде масақ жапырақ қабатында тұрғанда байқалады.
Достарыңызбен бөлісу: |