Пәннің негізгі ерекшеліктері:
ықпалдастырылған модельде пластикалық өнердің алуан түрлері (кескіндеме, графика, мүсін өнері, көркемдік құрастыру, дизайн және сәулет өнері, сәндік-қолданбалы өнер) қолданылған;
Қазақстан және әлем халықтары өнерінің ұлттық ерекшеліктеріне құрметпен қарау өзектілендірілген;
қазіргі заман өнерінің және өткен заман туындыларының бейнелі ерекшелігіндегі сабақтастық байланыстар айқындалады, мәдениетаралық қарым-қатынасқа және төзімділікке дайындық қалыптасады;
аймақтық компонентті қосу, бейнелеу өнерін оқытудың шығармашылық тәсіл мүмкіндіктері кеңінен пайдаланылған.
Бағдарламадағы оқу материалы көркемдік білімнің іскерлік сипаты мен адамгершілік болмысын көрсететін блоктармен ұсынылған: «Көркемдік қызмет түрлері», «Көркемдік сауат негіздері», «Қоршаған әлемді тану», «Көркем-шығармашылық қызмет мазмұны».
Бейнелеу өнері
Достарыңызбен бөлісу: |