Br2 молекуласының түзілу диаграмасын құрыңыз және химиялық байланыс түрін анықтаңыз
Бром — элементтердің периодты жүйесінің VІІ тобындағы химиялық элемент. Атомдық нөмірі 35 және 79,904 галогендер тобына жатады. Тұрақты екі изотопы бар: 79Br, 81Br. Б-ды 1826 жылы француз химигі А. Балар бос күйінде бөліп алды. Бром қалыпты жағдайда өткір иісті, қызыл қоңыр түсті, ауыр сұйық. Ауада тез буланып, сары қоңыр түсті бу түзеді, 0 о С-тағы тығызд. 3,19 г/см3, қайнау t - 58,78 о С, балқу t –7,2 о С.
Бром атомының жұптаспаған 1:1 электронның бірігуі арқылы Br2 молекуласы түзіледі.
Байланыс түрі ковалентті полюссіз. Электртерістіліктері бірдей атомдарының арасындағы байланыс. Тотығу дәрежесі 0 көрсетеді.