I ТАРАУ
Арман.
Алдыңызға ең биік мақсаттар қойыңыз
Табыстың бастапқы нүктесі
— өмірде өзің үшін нені қалайтыныңды дәл
анықтап алу, өз қалауыңды нақтылап, оларды барынша дұрыс қалыпқа салып
алу. Мұны қалай жасауға болады?
Міндетті түрде армандау қажет.
Адамды басқалардан бір саты жоғары ететін де — армандай білу.
Армандау — жақсы мақсаттарды қиялдау, бұл жарқын болашақты аңсау.
«Менде ақша жоқ, менің таңдаған жолым дұрыс емес, менің басымда
қиындық көп» деген сөзді айта көрмеңіз. Оның орнына сізде ешқандай
шектеулер, кедергілер жоқ деп ойлаңыз. Өзіңізге «уақытым көп, ақшам
жеткілікті, қажет болатын байланыстарым, таныстарым бар, білімім де,
тәжірибем де жеткілікті» деп елестетіңіз. Тіпті, не
қаласаң соның бәрі бар деп сезініңіз. Егер сиқырлы таяқшаны сілтеп
қалғанда қалағаныңыздың бәрі орындалатын болса, нені қалар едіңіз? Сіз
өзіңіздің болашағыңызды мұрат етуіңізге, армандауыңызға, қиялдауыңызға,
жоспарлауыңызға болады. Армандарыңызды
орындалады деп ойлаңыз.
Сиқырлы таяқшаңызды сілтеуге болатын, өмірдің маңызды
Достарыңызбен бөлісу: |