Брайан Трейси Мақсатыма жетемін



Pdf көрінісі
Дата11.12.2021
өлшемі218,13 Kb.
#99026
Байланысты:
Мақсатыма жетемін-Брайан Трейси



@

KeyTap_kz



 

 

Брайан Трейси  



Мақсатыма жетемін 

  

Қалағаныңның бәріне өзің ойлағаннан да тезірек қалай қол 



жеткізуге болады? 

  

  



  

ҚҰРАСТЫРУШЫ СӨЗІ 

  

Мен кітап жазатын жазушы емеспін, журналист те емеспін. 



Бар болғаны — қарапайым оқырманмын. Брайан Трейсидің 

көптеген кітаптарын үлкен қызығушылықпен оқып жүріп, 

табысқа жету жолында әркім білуге тиіс мақсатты қағазға 

түсіру мәселесін сіздерге қазақ тілінде, қатесіз қалпында 

жеткізуге бел будым. Себебі, орыс тіліндегі мәтінді 

қазақшаға аударып, аты-жөні белгісіз қалыпта сатылымда 

жүрген кітапшаның кем-кетігін түзеп, сөйлемдерін түсінікті 

қалыпқа келтіріп, қателерін теріп, сіздердің назарларыңызға 

ұсыну негізгі мақсатым болды. Қазір өздеріңіз 

қолдарыңызға ұстап отырған санаулы ғана беттерден 

тұратын кішігірім «МАҚСАТЫМА ЖЕТЕМІН» кітапшасы 

қателіксіз қалпында осылай жасалып шығарылды. 

Жоғарыда айтып өткенімдей, мен де өздеріңіз секілді 

қарапайым оқушы болғандықтан, кәсіби кітап 

жазушыларындай қабілетім жоқ, бірақ, еркін саудада 



таралып жүрген мына кітаптың керемет ой салар мәтінін 

оқырмандар қатесіз, дұрыс қалпында оқыса деген ой болды. 

Сондықтан, қолымнан келгенінше кітапшада кездескен 

қателіктерді жөндеуге тырыстым. 

Бар мақсатым — әрбір қазақ тілінде кітап оқитын 

оқырманға Брайан Трейсидің осы бір маңызды сөздерін, 

ойларын, жаттығуларын жеткізу еді. Оларды өз 

тіршіліктеріңізде пайдаланып, өмірлеріңізді өзгертіп 

жатсаңыздар, қанекей! 

Ендеше, қабыл алыңыздар, «МАҚСАТЫМА ЖЕТЕМІН» 

атты қазақ тіліндегі кітапша өздеріңізге арналады. 

Оқыңыздар, қажеттеріңізге жаратыңыздар, өмірлеріңізді 

өзгертіңіздер! 

  

  



  

КІРІСПЕ 


  

Табыс — бұл мақсатқа қол жеткізу 

  

Мен, дүниенің қай түкпіріне барсам да, кедей отбасынан 



шыққан, бірақ, соған қарамай, планетадағы ең ықпалды 

адамдардың біріне айналуға мүмкіндік тапқан адамдарды 

кездестіремін. Бұл адамдар жоқшылықты көріп, өкінішті, 

үміттерінің біржолата үзілуіне дейінгі сатылардан бастап, 

қоғамдағы ықпалды, табыскер адамдарға дейінгі жолдарды 

жүріп өткендер. 




Олар маған өз өмірлерін осындай таңқаларлық жағдайға 

өзгерткен нәрсе — алға қойған мақсатының дұрыстығы 

екендігін айтқанда, көздері ерекше жайнай түседі. Менің 

сіздерге ұсынып отырған кітабым да осы жайында. Табысқа 

жету жолында мен көкірекке түйген ең маңызды ойларым 

туралы айтамын. Адамдардың байлыққа, табысқа қол 

жеткізуіне әсер ететін қасиеттер жайын сөзетемін. 

Бірнеше жыл бұрын Чикагода бір топ табысты кәсіпкерлер 

бас қосқан болатын. Сол кездесуге қатысқан менің бір 

танысым кейін мына бір оқиғаны айтып берді. Сол 

Чикагода жиналған адамдардың ұқсастықтары көп еді. 

Олардың әрқайсысы өз мансаптарын бастағанда 

қалталарында артық бір тиындары да болмаған. Олардың 

бәрі дерлік қарапайым жұмысшы отбасынан шыққандар-

тын. Олардың бәрі дерлік өмірде көптеген қателіктерге жол 

бергендер. Осыған орай, көптеген шығындарға да 

батқандар. Ал, бүгін олардың бәрі бай, бақуатты адамдар 

қатарында. Олар ең қымбат мейрамхананың төрінде 

шалқып, кешкі дәмді астан кейін бір-бірімен сұхбаттасып 

отырып, «соншама сансыз көп адамның ішінен біздер 

қалайша табысқа жеттік» деген сұраққа жауап іздеді. 

  

— Мүмкін, біз Америкада тұратындықтаншығар... 



— Мүмкін, біз басқаларға қарағанда тәуекелшіл 

болармыз?.. 

— Әлде көбірек еңбек еттік пе? Соның арқасында бір 

орында, қол жеткізген жетістік бойында қалып қоймадық, 

одан да биіктерге талпындық... 

  



Осыдан кейін кәсіпкерлердің бірі орнынан тұрып былай 

деді: 


— Мырзалар, табыс — бұл мақсатқа қол жеткізу, басқаның 

бәрі осыдан келіпшығады. 

Бұл сөзді естіген көпшілік үнсіз қалды, сөйтті де бәрі оған 

ерекше құрметпен көңіл аударды. Мен де бұл сөзді 

ешқашан ұмытқан емеспін. 

Осыдан кейін мен «адамдардың негізгі артықшылығы — 

олардың мақсаттарын дұрыс қоя білуінде» деген ой түйдім. 

Одан кейін сол мақсаттарын қағазға жазып, түсіріп, соған 

қол жеткізу үшін жоспар құруы, үнемі және әркез сол 

бойынша жұмыс жасауы, ескі тізім іске аспай қалғанда, 

жаңа жоспар жасап, өзін-өзі құлшындырып, 

шабыттандырып отыруы, дәл осындай қарқынмен 

мақсатына ұмтылуы. Міне, осы қасиеттер адамдарды 

табысқа жетелеген. Сіздің өміріңізде де осындай 

жағдайларболады. 

  

  



Мен өз өмірімді өзгерттім 

  

Мысалы үшін, сіздерге өзім жайында айтып берейін. 



Шынымды айтсам, жоғары оқу орны тұрмақ, тіпті, орта 

мектепті де бітірген емеспін. Орта мектеп бағдарламасының 

жартысын ғана оқыдым, негізгі пәндерден нашар бағалар 

алдым. Сөйтіп жүріп, мектепті мүлдем тастадым. Тапқан 

жұмысым — шағын қонақ үйдің асханасының ыдыс-аяғын 

жуу болды. Одан шығып қалғанымда, көлік жуушы болып 

орналастым. Бұдан айрылғанымда, офистердің едендерін 



жуып жүрдім. Менің маңдайыма жазылғаны тек «жуу» екен 

деп ойладым, болашақта да жасайтын жұмыстарым жуумен 

байланысты болатын шығар деп болжадым. Былайша 

айтқанда, жастық кезімдегі «жолым болмай қалды» деген 

сөз бір орыннан тағы бір орынға ауысқанымды амалсыз 

ақтау үшін айтылған сылтау еді. Шын мәнінде, бұл өзіңді әр 

салада сынайтын уақыт екен. Мені талай мәрте жұмыстан 

қуды, бір орыннан бір орынға көшіп жүрдім. Жан қалтамда 

бір тиын да қалмайтын кездер кездесетін. 18-ге толғанымда 

үйден қуылдым, осыдан кейін ата-анамды он жыл бойына 

көрмедім. 

Менің автокөлігім үйім де болды, қысы-жазы сонда 

ұйықтадым. Ол ескі болғандықтан, үнемі бұзылып қала 

беретін, жүргісі келмейтін. Сондықтан да, жанымнан түрлі 

құрал-жабдықтарды тастамай алып жүретінмін, бұзылып 

қалса, жөндеуге кірісіп кетемін. Жолдың жиегінде, саусап 

тұрған көлігімнің астында май-май қалпыммен талай 

жаттым. Анда-санда жүріп-тұру үшін маған оның әртүрлі 

детальдарын, қосалқы бөлшектерін ауыстырып, 

қатайтқыштарын, қосылған жерлерін қатырып отыруға 

туракелетін. 

Осылайша, бір жұмыста тұрақтамауымның арқасында, көп 

нәрсені көрдім. Құрылыста да істедім, жүк те тасыдым. 

Фабрикада болт, гайка да бұрадым, жүк кемесіне теңізші 

болып Солтүстік Атлантикаға дейін бардым. 23 жасқа 

толғанымда егіншілік шаруаны да көрдім. Сарайда ұйықтап, 

егіншілердің отбасымен бірге тамақтандым, ерте күзге 

дейін жақсы егін жинау үшін таңның атысы, кештің батысы 

дем алмастан жұмыс істедім. Білімім де жоқ, мамандық 

алған емеспін, ел тамсанатын өнерім де жоқ, егіншілік 




маусымы аяқталған соң, тағы екі қолға жұмыс таппай 

қалатынмын. 

Бәрінен көңілім қалып, үмітім мен жоспарларымның быт-

шыты шыққан бір кезде «Менің тағдырымды өзгерте 

алатын бір нәрсенің болуы мүмкін бе ?» деген сұрақты 

өзіме қойдым. 

Қазір ел алдына жиі шығып, теледидар мен радиодан сұхбат 

беріп жүрген уақытта (4000-ға жуық сұхбаттарым 

шығыпты) қарапайым адамдардың жиі қоятыны: «Сіздің 

бетбұрыс жасауыңызға себеп болған қандай сәт ?», 

«Төңкеріс қай кезде болды?», «Сіздің өміріңізді не 

өзгертті?» секілді сауалдар. Ал, маған бұл сұрақтарға жауап 

беру оңайға соқпайды. Себебі, білетінім өте көп. Мыңдаған 

кітаптарды ақтарып, он мыңдаған мақалалар оқыдым. Көп 

жыл қатарынан жұмыс істедім, тәулігіне 12-15 сағат, 

аптасына жеті күн, кейде екі-үш жыл демалысқа шықпай, 

демалмай жұмыс жасай беретінмін. Кей кездері әбден 

шаршап, сілекпем шыққаннан зорығып, беттерім көгеріп те 

кететін. Осындай қалыпта жүрген менің тағдырымды сонда 

өзгерткен не нәрсеболды? 

Менің өмірімде үш төңкеріс болды. Мұны — оңға бұрылып, 

сосын тағы оңға бұрылып, сосын тағы да осы жолмен оңға 

бұрылып, сосын барып, жаңа бағытқа түсетін сәтіңізбен 

салыстыруға болады. Ең алғашқы шешуші кезең — өз 

өмірімнің жауапкершілігін мойындаған кезім еді. 20 жасқа 

дейін көп жағдайда жолым болмады. Зауытта жұмыс істеп, 

қалтамда бір тиыным да қалмай, суыққа тоңған кездерім 

есімде. 


Бақытыма орай, бір кездері менің өмірімде болатын барлық 

жағдайдың тек өзіме ғана байланысты екенін түсіндім. Мені 

құтқаруға ешкім де келмейді, мен үшін ешкім еш нәрсе 



істей де алмайды және ешкім де менің жағдайымды ойлап, 

уайымдамайды да. Мұны түсінгенге дейін өзімнің осы қиын 

өміріме ата-анамды, бастығымды, экономиканы, білім беру 

саласын, өзімнің қателіктерімді кінәлап келдім. Кейін барып 

түсінгенім, адамның шыққан ортасы ешқандай рөл 

ойнамайды екен. Шын мәнінде, ең маңыздысы — сенің қай 

бағытқа бара жатқаның, не нәрсеге талаптанатының. Бұдан 

кейінгі менің басымда орын алған жағдайлардың менің 

өткеніммен байланысы жоқ, ендігі болатын жаңалықтар тек 

болашағыммен байланысты. Бұл менің өмірімнің күрт 

өзгеріп сала берген шағы еді. Бұл өз өмірімнің тізгінін өзім 

қолға алып, бірінші бұрылыс жасаған кезім. 

Үш-төрт жыл өткен соң, ол кезде жасым 25-тің арғы-бергі 

жағы, менің өмірімде екінші «жарылыс» орын алды. Шын 

мәнінде, өзім үшін «мақсат» деген сөздің мағынасын аштым 

және ол маған нағыз трамплин болды. Мен кітаптар оқи 

бастадым. Ол кітаптар: «Өз қалауыңды анықта, оларды жаз, 

жоспар жаса және оған қол жеткізу жолында күн сайын 

әрекет ет» дегенді алға тартты. Бұл қиын емес еді, сол 

себептен де мен бір парақ қағазды қолыма алдым. 

Орындауға ниет еткен 5-6 мақсатымды жаздым да, оны бір 

шетке қойдым. Бұл кездері мен бір шағын арзан бөлмені 

жалдап тұратынмын, менімен бірге тағы бірнеше адам бар 

болатын. 

Бір айдың ішінде өмірім кәдімгідей өзгерді. Осы бір айдың 

ішінде менің айлық табысым өсті, өз ортамда үлкен 

табыстарға қол жеткіздім, мені қызметте жоғарылатты, 

менеджер болдым, қоластымда 23 адам қызмет етті. Мен 

жатақханадан енді пәтерге ауыстым. Бұл, шын мәнінде, 

таңқаларлық жағдай еді. Ең бір ғажабы, бұл өзгерістердің 

бәрі де менің бір парақ қағазға жазған мақсаттарыммен дәл 



келуінде еді. Мұны жоғары кернеулі электр тоғын 

ұстағанмен бірдей етіп салыстыруға болады. Егер 

мақсатыңызды жазуды бастасаңыз, 

Сонда сіз, шын мәнінде, өміріңізде болып жатқан жайттарға 

таңқалатын боласыз. Сонымен, бұл менің өмірімнің екінші 

шешуші кезеңіне айналды. 

Менің өмірімдегі маңызды рөлді алған үшінші бетбұрыс — 

ол өзіңнің нені қаласаң, соны үйрене алатындығыңды 

сезіну, мақсатқа жетуге қажет болатын кез келген өнерді 

меңгеру. 

Егер сіз алдыңызға бұрын ешқашан талпынып көрмеген 

мақсат қойсаңыз, онда оған жету үшін бұрын қолыңыздан 

келмеген нәрсені үйренуге тура келеді. Сізге бұрын 

істемеген нәрсені жасап көру керек, бұрын ондай болмаса, 

енді солай жасау керек. Үшінші шешуші ойды түйсінгеннен 

кейін мен өмірімнің соңына дейін «оқып өтемін» деп 

шештім. 

Мен жауапкершілік деген түсінікті қабылдадым, кінәні 

біреуге аудара салуды, өкінуді, өзімді ақтауды, шағым 

жасауды, біреуді кінәлауды тоқтаттым. Мен өз мақсатыма 

қол жеткізу үшін нені қалайтынымды, нені үйренетінімді 

дәл анықтадым. 

  

  

  



I ТАРАУ 

  

Арман. 




  

Алдыңызға ең биік мақсаттар қойыңыз 

  

Табыстың бастапқы нүктесі —өмірде өзің үшін нені 



қалайтыныңды дәл анықтап алу, өз қалауыңды нақтылап, 

оларды барынша дұрыс қалыпқа салып алу. Мұны қалай 

жасауға болады? Міндетті түрде армандау қажет. 

Адамды басқалардан бір саты жоғары ететін де — армандай 

білу. Армандау — жақсы мақсаттарды қиялдау, бұл жарқын 

болашақты аңсау. «Менде ақша жоқ, менің таңдаған жолым 

дұрыс емес, менің басымда қиындық көп» деген сөзді айта 

көрмеңіз. Оның орнына сізде ешқандай шектеулер, 

кедергілер жоқ деп ойлаңыз. Өзіңізге «уақытым көп, ақшам 

жеткілікті, қажет болатын байланыстарым, таныстарым бар, 

білімім де, тәжірибем де жеткілікті» деп елестетіңіз. Тіпті, 

не қаласаң соның бәрі бар деп сезініңіз. Егер сиқырлы 

таяқшаны сілтеп қалғанда қалағаныңыздың бәрі 

орындалатын болса, нені қалар едіңіз? Сіз өзіңіздің 

болашағыңызды мұрат етуіңізге, армандауыңызға, 

қиялдауыңызға, жоспарлауыңызға болады. 

Армандарыңызды орындалады деп ойлаңыз. 

Сиқырлы таяқшаңызды сілтеуге болатын, өмірдің маңызды 

төрт саласыбар.Бірінші сала —табыстармен байланысты. 

Мен білетін табысты адамдардың бәрінде де әр жылға 

арналған қаржы жоспары бар, олар бір жыл ішінде табатын 

табыстардың нақты санын біледі. Бұл жоспар мұқият 

жасалғаны сондай, тіпті, қаншаадам, айына, аптасына 

қанша, тіпті, күн сайын қанша табыс табатынына дейін 

көрсетілген. 



Табыскер адам содан соң не істейді? Ол ең алдымен, ай 

сайын, апта сайын, күн сайын қажетті қаражатты табу үшін 

күнделікті істейтін міндеттерін анықтап алады. Ол өзінің 

қаржылық мақсаттарына жету үшін қойылған 

міндеттемелермен, күн сайын таңертең төсектен 

тұрысымен-ақ, жұмыс істей бастайды. Табыскер адамдар 

бір апта, бір жыл өткеннен кейін қорытынды жасайды және 

өздерінің мақсаттарынан асып түскендерін байқайды. Олар 

тіпті, жоспарланғаннан да артық жасағанына көз жеткізіп 

жатады. Таныстары: «Достым, өткен жылы шынымен де 

сенің жолың болды» дегенді айтады. Дегенмен, жолы болу 

деген сөз — бұл жерге келіңкіремейді.Неге? 

Елестетіп көріңізші, мен сізге өте қымбат автокөлік сыйға 

тарттым. Еш жерінде ақауы жоқ, кілтін, жол картасын 

бердім, дәл қай жерге бару керектігін айттым, тіпті, мүмкін 

пайдалы техникалық қолдау да көрсетермін. Сосын тұрып: 

«Сол жаққа бар да, сыйлығыңды ал» дедім. Әрине, сіз 

көлікке отырасыз да, GPS жүйесінің көмегімен барасыз, 

сосын келісілген жерден сыйлығыңызды аласыз. Мұны 

ешкім де жолы болғандық деп айтпайды. Солай емес пе? 

Себебі, сіздің істегеніңіз тек жоспарланған әрекетті 

орындауғана. 

Негізгі ереже: Алдыңа мақсат қою және қандай жетістікке 

жетуді қалайтыныңды көз алдыңа келтіру. Осы жылы 

өзіңнің қалаған мақсаттарыңның қандай болғанын қаласаң, 

сондай етіп елестету, олар екі жылдан кейін, бес жылдан 

кейін, он жылдан кейін қандай болатынын да көз алдыңа 

келтіру. Өзіңізден сұрауды ұмытпаңыз: Қанша табыс 

тапқыңыз келеді? Сонша табысты табу үшін осы жылы нені 

үйренуіңіз керек, қай нәрседе шеберлігіңізді шыңдауыңыз 




және жетілдіруіңіз қажет. Бір жылдан кейін ше, екі, үш, 

төрт, бес жылдан соң ше? 

Айналаңызға қарап, сосын өзіңізден сұраңыз: Дәл менің 

тапқанымдай ақшаны тағы кім тауып жатыр? Ол адам менің 

істегенімнен басқа тағы не істеуде? Және есте сақтаңыз, 

сізден артық ақылдырақ, сізден икемдірек ешкім де жоқ. 

Егер біреу сізден де көбірек табыс табатын болса, оның 

себебі, мұның қалай жасалу керектігін сізден бұрын 

түсінгендігінде ғана. Ол бұл сұрақтарға жай ғана жауап 

іздеп көрді, адамдардан сұрап білді, кітап оқыды,курстарға 

қатысты немесе радио тыңдады. Табыскер адамдар өз 

уақытында мақсаттарына жету үшін нені үйрену қажет 

болса, соны үйренді. Жүздеген адам жасай алған нәрсе 

әлдебіреулердің қолынан келді, сол сияқты ол сіздің де 

қолыңыздан келеді. Ешкім де сізден артық немесе ақылды, 

не болмаса, икемдірек емес. 

Екінші сала —айқын мақсаттар қоятын сіздің отбасылық 

жағдайыңызбен байланысты. Бұл жайында ойлану өте 

қажет. 

«Сиқырлы таяқшаны сілтеп қалып едім» деп, көз алдыңызға 

елестетіңіз, сосын сіздің отбасыңыздың жағдайы күрт өсіп 

кетті. Сіздің үйіңіз, көлігіңіз, саяхаттарыңыз, тұрмыс-

тіршілігіңіз, балаларыңыз оқитын мектеп, киім, 

отбасыңыздағы қарым-қатынас — бәрі де ойдағыдай. 

Өзіңізден: «Егер ешқандай кедергі болмаса, менің 

отбасымның жағдайы қандай болар еді?» деп сұраңыз. 

Біздің өміріміздегі ең бір маңызды мақсаттардың бірі — 

біздің ерекше қамқорлыққа алған адамдармен бірге болуға 

көбірек уақыт бөлуіміз. Біз барлық тіршілігімізді осы 

бірінші кезектегі мақсатқа сүйене отырып құруымыз керек. 




Бір семинарда мен Эдвард Мерфиді кездестірдім. Ол 

атышулы «Мерфидің заңдылығы» атты кітаптың авторы. 

Оның маған айтқаны: «Мен үйленгенде әйеліме «кем 

дегенде екі сағат сенімен бірге боламын» деп, уәде бердім. 

«Егер бір жаққа кететін болсам, әрқашан телефон арқылы 

хабарласып тұрамын» дедім. Бірінші баламыз дүниеге 

келгенде: «Енді мен отбасыммен күніне кем дегенде үш 

сағат бірге боламын» деп, уәде еттім. Сосын ол: «Бұл 21 

жыл бұрынғы жағдай еді» дегенді қосып қойды. «Осы күнге 

дейін мен берген бұл сертімді бұзған емеспін. Бұл менің 

өмірімдегі қабылдаған ең бір керемет шешім еді. Мен қазір 

бір кездегі армандағанымнан да көп табыс табамын. Мен 

табыстымын, бақыттымын, мен білетін адамдардың 

арасында беделім де бар және менің отбасылық өмірім ең 

керемет отбасылық өмір. «Уақытымды отбасыммен бірге 

өткіземін» деп қабылдаған шешімім, сондай-ақ, жұмысқа 

бөлген уақытымды ойластыру — менің өмірімді толығымен 

өзгеріске әкелген шешім болды. Бұл менің ең керемет 

шешімдерім». Ойланып көріңіздерші, шындығында да, 

бұған қарсы ешкім ешқандай да уәж айта алмасы аныққой. 

Үшінші сала —өзіңіз үшін нені қалайтыныңызды 

анықтайтын сала, бұл — денсаулық. Сіздің бүгінгі 

мақсатыңыз — 90-95 жас жасау. Медицинаның қазіргідей 

дәрі-дәрмек, хирургия, медициналық көмек жүйесінің 

дамыған кезінде, денсаулықты сақтаудың, ауруды алдын 

алудың, тамақтану жайында мол білім бар уақытта, 

шындығында да, қалаған жасыңызды жасай аласыз. Қазір 

сол жайында ойланатын кез. Өзіңізге сұрақ қойыңыз: 

«Мықты денсаулыққа қол жеткізу мен үшін нені білдіреді? 

Егер менің денсаулығым мықты болса, мен не істеймін? 

Менің салмағым қанша болады, дене пішімім, қан қысымым 

қандай болады?» Денсаулық мықты болу үшін қалай 




тамақтану керектігін ойланыңыз. Спортпен шұғылдану 

қажет пе? Мықты денсаулыққа қол жеткізу үшін немен 

айналысу керектігін ойланыңыз. Бұл сұрақтардың жауабы 

сіздің болашағыңызды, келешектегі жақсы өміріңіздің 

көріністерін, армандарыңызды көз алдыңызға елестететін 

болсын. 


Төртінші сала —бұл сіздің байлығыңыз, жиған-тергеніңізге 

байланысты не қалайтыныңыз жөнінде қажетті шешімдер 

қабылдауды қажет ететін сала. Өз қаржыңызға тек өзіңіз 

жауаптысыз. Үкімет сізге көмектеспейді, тұрмыстық 

сақтандыру жүйесінен қаржылық көмек күтудің немесе 

жоғары мөлшердегі зейнетақыға сенім артудың қажеті жоқ. 

Сіздің міндетіңіз — кейін сізге ешқашан жұмыс істеудің 

қажеті жоқ болатындай мөлшерде ақша жинау. Бұл «сіз 

мүлдем жұмыс жасамайсыз» деген сөз емес. Бұл жұмыс 

жасайсыз ба, жоқ па, таңдау өзіңізде дегенді білдіреді. Сізде 

кез келген уақытта зейнетке шыға алатындай жеткілікті 

ақша болуы тиіс. 

Менің мақсатым — 20 жыл. Бұл санды неге айтып 

отырмын? Көптеген қаржы жоспарлайтын мамандар «Сіз 

85-90 жас жасайсыз, ал, зейнетке 65-70 жаста шығасыз» 

дейді. Олай болса, ақшаңыздың жететіндігіне көз жеткізіңіз. 

Сіздің ақшаңыз сізден де артық жасайтын болсын! Бұл үшін 

не істеу керек? Бұл үшін сіздің ешқандай табысыңыз 

болмаған жағдайда дәл қазір өмір сүріп жатқандай өмір 

сүру үшін сізге қанша ақша қажет екенін есептеу керек. 

Сіздің тек жинаған ақшаңыз ғана болады. Ол айына 3000$ 

бола ма, 4000$, 5000$ бола ма, оны өзіңіз анықтаңыз. 

Ойланып көріңіз, егер сіз жұмыс істеп табыс табуды 

тоқтатсаңыз, осы жинаған ақшаңызға сіз бұрынғыдай өмір 

сүре аласыз ба? Тұратын үйіңіздің ақысына, азық-түлікке, 



саяхаттауға, көлігіңіздің шығындарын өтеуге ол сізді 

толығымен қамтамасыз ете алады ма? Өзіңізге қажет 

болатын қаражатты анықтаңыз. Бұл шындығында да өте 

маңызды мәселе. Көп адамдар бұл қаражат турасында 

ойлана бермейді. Әрине, бірқатар мәселелерді ескермеуге де 

болады. Мысалыға, сіздің балаларыңыздың өз отбасы бар, 

олар өздерін өздері қамтамасыз ете алады және сіздің 

ешқандай қарызыңыз жоқ. 

Мысалыға алсақ, сізге айына 5000$ қажет делік, әрі қарай 

оны 12 айға көбейтеміз, жылына 60 000$ болады. Ал, енді 

сіз зейнетке шыққаннан кейін сіздің ақшаңыз өспейді, деп 

есептейік. Сіздің қаражатыңыз инфляциямен бірдей 

жұмсалып жатыр деп ойлаңыз. Бұл қалыптасқан, шартты 

түрдегі ойлау тәсілі, біз мұны өзімізді шынықтыру үшін 

ғана қолданамыз. Сонымен, сіз 20 жыл өмір сүресіз. Ол 

үшін сізге 1 200 000$ керек. 

Одан кейін сіз отырып, осы уақытқа дейін қанша ақша 

жиналғанын есептейсіз. Сіздің бүгінгі бағаңыз қанша? Оны 

былайша салыстырсаңыз, мысалы үшін сізді басқа елге 10 

жылға жіберді делік. Өзіңізде бардың бәрін сатып, түскен 

ақшаны банкке аударуыңыз керек. Бұл тәсіл сіздің 

жиһазыңыздың, киім-кешегіңіздің, көлігіңіздің, 

заттарыңыздың, қозғалмайтын мүліктеріңіздің бағасын 

есептеуге көмектеседі. Олардың бүгінгі бағасы бұрынғы 

бағасының 10-20%-ын ғана құрайтынынбіліңіз. 

Көп адамдар «О, менде ақша көп, өйткені менде жиһаз көп» 

деп ойлайды. Бұл тіпті де дұрыс емес. Егер сіз барлық 

заттарыңызды ақшаға айналдырсаңыз, онда соншама көп 

таба қоймайсыз. Егер де 10- 20% тапсаңыз да жаман емес, 

соның өзінде жолым болды деп есептей беріңіз. Өзіңіздің 

банктегі есеп шотыңызды, сақтандыру полисін, 



акцияларыңызды, жәрдемақыларыңызды ойша ақшаға 

айналдырыңыз, сосын есептеп көріңіз. Қанша ақшаңыз бар 

екен? Аз болғанына шошымай-ақ қойыңыз, себебі, 

адамдардың көпшілігі кедей қалыпта тіршілік етеді, 

көпшілігі айлықтан айлыққа жетіп, өмір сүріп жатыр. 

Сонымен, сізге 1 200 000$ қажет делік. Өзіңіздің 

табысыңыздың өсу графигінің суретін салыңыз. Орта 

есеппен 1 млн$ табу үшін адамға шамамен 20 жыл қажет 

болады деп есептеңіз. Бұл тым ұзақ сияқты болып көрінеді. 

Бірақ, есіңізде болсын, уақыт бәрібір өтеді. Адамдар: «О, 

мен бай болмын, мен байимын!» дейді. Бұған сенбесеңіздер, 

шын мәнінде ақылды адам өзінің жинаған ақшасының 

үстінен жылына 8-ден 10%-ға дейін-ақ табыс табады. Өз 

күштерімен табысқа жеткен жүздеген, мыңдаған 

миллионерлер осылай істейді. Олар өздерінің жинаған 

ақшаларының үстінен ұзақ мерзім аралығында 8-ден 10%-ға 

дейін табыс табады. Сіз бүгінгі өзіңіздің бағаңызды есептеп, 

20 жылдан кейін сізде қанша ақша болу керектігін шештіңіз. 

Одан кейін сізге жылына қанша табыс табу керектігін және 

қалған 20 жылдың ішінде жыл сайын қанша ақшаны алып 

қойып отыру қажеттігін анықтаңыз. Нақты, анық жоспар 

жасаңыз және оның ішінде әр жылдың аяғында сізде қанша 

қаржы болу керектігін көрсетіңіз. Мысалы, 20 жылдан кейін 

сізде мынадай қаражат болуы тиіс, 15 жылдан кейін 

мынадай қаражат, 10 жылдан соң мынадай, 5 жылдан кейін 

мынадай қаржы деп, осылай жалғастыра бересіз. Енді не 

істейсіз? Әр ай сайын сіз өзіңіздің назарыңызды қаржылық 

тәуелсіздікке аударасыз. Өз күштерімен табысқа жеткен он 

мыңдаған миллионерлерден сұхбат алып жүріп, мен 

олардың бәрін біріктіретін бір нәрсенің барын түсіндім. 

Олардың бәрі де қаржы тәуелсіздігі жөнінде ерте кезден 



бастап ойланған. Нәтижесінде, олар таңқаларлықтай 

табыстарға қолжеткізген. 

  

  

  



II ТАРАУ 

  

Неге жетуді қалайтыныңызды жазыңыз 



  

Екінші қадам —мақсаттарыңызды жазу. Үлкен адамдардың 

3%-ы ғана нақты мақсаттарын жазып қоятындығы белгілі. 

Жазылған мақсаттары барынша анық, өте дәл есептелген. 

Сіз өзіңіздің мақсаттарыңызды жазуды ойластырғанда көз 

алдыңызға елестетіп көріңіз, мысалыға, сіз тұратын 

облыстан алыстағы басқа облыста орналасқан зауытқа бір 

нәрсені жасауға тапсырыс бергенде ол зауыттағылар сіздің 

тапсырысыңыздың сызба жобасын пошта арқылы алып, оны 

іске асыра алатындай болуы керек. Басқаша айтқанда, сіздің 

«мақсатыңызды орындап», өзіңізге қайта салып жіберу. Сіз 

сәлемдемені алып, қорапты ашқанда «Иә, бұл дәл мен 

қалағандай екен» дейтіндей болу керек. Демек, сіздің 

мақсаттарыңыз егжей- тегжейлі және дәлме-дәл 

жазылуытиіс. 

Бірінші кезеңде, сіз мақсатыңызды армандайсыз, екінші 

кезеңде барынша егжей-тегжейлі өте дәл ойластырып, 

тұжырымдайсыз. 

Мен бір мысал келтірейін. Әрбір адам өзінің жеке үйінің 

болғанын қалайды. Біз әйеліміз екеуміз шағын бір бөлмеде 

тұрған уақытымызда осыны жиі армандаған едік. Сосын біз 



үй сатып алдық, кейінірек оны сатуға тура келді. Себебі, 

банкротқа ұшырадық, одан кейін жалға пәтер алдық. Біз 

қиялдауымызды тоқтатпадық, біздің армандаған үйіміз 

қандай болар екен деп ойладық. Мен осы сұрақтарға 

ойланып, әрдайым әйелімнен сұрайтынмын. Біз олүйдің 

«қонақ қабылдайтын үлкен бөлмесі, балалар бөлмесі және 

арт жағында өте әдемі ауласы болады»деп, көз алдымызға 

елестетінбіз. 

«Осының бәрін жазып қою керек» деп ұйғардық. Бұл 

үйімізгеқатысты 42 мінездеме жаздық. Әр ай сайын бау-

бақшасы бар, жағада салынған, өзіне тән әсемдік жобасы 

жасалған әдемі үйлердің суреттері бар журналдар сатып 

алатынбыз. Ол журналдарды қарап отырып, өзіміздің 

болашақ үйіміздің солардың қайсысына ұқсағанын 

қалайтынымызды айтып, ой бөлісетінбіз, талқылайтынбыз. 

Көп ұзамай, біздің өмірімізде бәрі өзгере бастады. Ісіміз 

оңға басты, кәсібіміз табысты болды, бізге жақсы ауданнан 

жақсы бір үй алуға болатынын түсіндік, бірақ, бұл жақсы үй 

біздің арманымыздағы үй емес екенін білдік. Біз армандап 

ойластыруды жалғастыра бердік. Үш жыл ішінде біз 150 

үйді көріп шықтық, араладық, таңдадық, іздедік. Ақыры біз 

талабымызға сай келетін бір үйді таптық, дәлірек айтқанда, 

біз сол армандаған үйді таптық. Біз қазір сол үйді аралап 

серуендеген сайын, оны зерттеген сайын, оның соншалықты 

әдемі екенін түсінгендей боламыз. Міне, енді бұл үйде біз 

19 жылдан бері тұрып келеміз. 

  

Сіз мүмкін, «Мұны қалай істеймін?» дейтін боларсыз. Неге 



олай ойлайсыз? 


«Кім біледі, істей алмай қалсам?» деген шегіншектеу дұрыс 

пікір емес. Дұрысы: «Қажет болса істеймін, істемейтін несі 

бар?» деп айту. 

Айтқанымдай, егер сіз жалғыз болсаңыз және өзіңізге 

ұнайтындай бір өмірлік серік тапқыңыз келсе, отырыңыз да 

өзіңіздің болашақ жарыңыздың бойынан қандай мінез-

құлық көргіңіз келетінін жазып шығыңыз. Есіңізде болсын, 

оның барлық жеке басының қасиетін, оның отбасына, 

тұрмыс-тіршілікке деген көзқарасын, адамдармен қарым-

қатынасын түсіну қажет. Осы арқылы сіз өзіңіз іздеген 

адамды өзіңізге тартуға көмектесетін бойыңыздағы зор 

күш-қуатты қозғай аласыз. Бұл жайында біраз бойдақ 

адамдармен әңгімелескен болатынмын. Олар өздерінің 

өмірлік серіктерін қалай табу қажет екендігін сұрады. Мен: 

«Ең алдымен, өзіңе мынадай мақсат қою керек: Сен үшін 

армандаған адам қандай болуы тиіс? Сіз ол кісінің бойынан 

көргіңіз келетін сипаттамалардың, мінез-құлықтардың 

қандай болуы керектігі туралы тізім жасайсыз. 

Қалағаныңызша, сіздің 10, 20, 30 түрлі өлшем бірлігіңіз 

болуы мүмкін» деп жауапбердім. 

Бірде мен ұзақ уақыт бойы жалғыз тұрған, өте ақылды жас 

қызбен әңгімелестім. Оның кездескен жігіттерімен жолы 

болмапты, себебі, олар қыздың ойындағы жігітпен сәйкес 

келмеген. Мен ол қызға армандаған өмірлік серігінің дәл 

бейнесін жасауға кеңес бердім. Үш 

күннен кейін ол: «Менің тізімімнің саны 51 болды, яғни, 

мен өзім таңдаған адамның бойында осы 51 

артықшылықтың болғанын қалаймын» дегенді айтты. Кейін 

мен оны тағы кездестірдім. Ол қыз мүлдем өзгеріп кетіпті. 

Өзі берген мінездемелерге сай келетін адамды 

жолықтырғанын мойындады. Бұл мүмкін еместей жағдай 



болатын! Мәселенің бәрі сонда еді, бұған дейін ол өзіне 

қандай адамның керек екенін анықтай алмай жүрген. 

Өз уақытымда мен де солай істеген едім. Мен өзімнің 

арманымдағы әйелдің қандай белгілері, мінез-құлықтары 

болуы қажеттігін жазып қойдым. 

Егер сіздің кәсібіңіз болып, сізге жәрдемші керек болса, 

онда сіз қажет болған адамды суреттеп, оның бойынан 

көргіңіз келетін сипаттарды жазып қойыңыз. 

Менің кәсіпорнымның маркетинг бөлімінің басшылығы 

қызметіне бір адам қажет болды. Мен өзім қалаған адамның 

бойынан көргім келген 38 сипатты тізіп шықтым. Екі 

аптадан соң біреу телефон соқты. Мен ол адамды бұрын 

танымайтын едім. Ол телефонның арғы жағынан: «Мен 

сіздің қарамағыңызда жұмыс істегім келеді» деді. Ол келді. 

Мен оған өзі туралы айтып беруге 30 минуттай уақыт 

бердім. Сосын жұмысқа алдым. Ол жұмысқа тұрғаннан 

кейін үш ай өткен соң өз тізімімді көрсеттім. Тізімде 

көрсетілген сипаттамалар оның бойында бар болып шықты. 

Бұл сипаттамалардың ішінен ол тіпті өзінде бар деп 

ойламағандарын да кездестірді. Бұл таңқаларлық тәжірибе. 

  

Әрдайым ең маңызды нәрсені жазып отырыңыз! 



Мақсаттарыңыз жайында айқын бір ой келсе, бітті, сізге 

оған жету үшін атқаратын әрекеттердің тізімін жасау қажет 

болады. Өзіңіз жасаған тізімді үнемі түзетіп, толықтырып 

отырыңыз. Уақыт өте келе жағдай өзгеріп, сіз жаңа ақпарат 

аласыз, сол кезде сіздің санаңызға басқа ойлар да келуі 

мүмкін. Осының бәрін қағазға түртіп қоюды ұмытпаңыз. 

Егер сіз менеджер болсаңыз, нағыз жұмыскердің бойынан 

қандай қабілеттердің табылуы керектігін жазыңыз. Егер сіз 




армандаған үйіңізге қол жеткізуді қаласаңыз, онда ол үйдің 

қандай болғанын қалайтыныңызды жазып, ол үйге қоятын 

негізгі талаптарды сипаттаңыз. Ойыңыздағы адамның 

немесе үйдің, жұмыстың, серіктестіктің т.б. 

сипаттамасының жәй ғана тізімін жасаудың өзі қандай 

мүмкіншіліктер ашатыны, қандай өзгерістер алып келетіні 

тіпті, ойыңызға дакелмейді. 

Жазыңыз! Нақтылықты үйреніңіз! Егер мақсат жазылмаса, 

онда ол мақсат емес. Жер бетіндегі тұрғындардың тек 3%-

ның ғана мақсаттары жазылған. Осы адамдар ғана үлкен 

табыстарға қол жеткізген. 

  

  



  

III ТАРАУ 

  

Алдыңызға нақты мақсаттар қойыңыз 



  

Сонымен, үшінші қадам —өзіңіздің мақсаттарыңызды 

таразылау. Сіздің мақсаттарыңыз соншалықты айқын және 

нақты болсын, тіпті, оған жеткеніңіз не жетпегеніңізді жас 

баланың өзі ажырата алатындай болуы керек. Мен мұны 

неге айтып отырмын? Себебі, кейбір кісілер мақсаттарын 

былайша сипаттаған: «Менің бай болғым келеді, менің 

атақты болғым келеді, менің бақытты болғым келеді, менің 

жер дүниені саяхаттағым келеді, маған үй керек, маған 

көлік керек». Бұл мақсат емес. Бұл қиял, бұл армандар. Бұл 

бірақ, мақсат емес. Арман — ол қуатты ағыны жоқ мақсат. 

Бұл бос (холостой) оқтармен атқылаған сияқты нәрсе. 90% 




адамдар ешқандай пайдасыз, нәтижесіз өмір сүріп келеді. 

Бәріне ортақ бір себеп, олар «біздің мақсатымыз бар» деп 

ойлайды. Ал, шындығына келгенде, оларда арманнан басқа 

ештеңе де жоқ. Өз мақсаттарыңызды таразылаңыздар. 

  

1- жаттығу 



  

Мен сіздерге, өзіңіздің өміріңізді өзгертетін мақсат қою 

үшінжаттығу ұсына аламын. Мұнымен 25 жыл бұрын өзім 

жаттыққанмын. Бастапқыда мен оған сенімсіздікпен 

қарадым, бірақ, сонда да болса «көрейін» дедім. Оны 

бастауға да бір айдай уақыт кетті. Бұл жаттығудың менің 

өмірімді өзгерткені соншалықты, тіпті, мен солай боларын 

күтпедім де. 

Осы жаттығуды мен ұсынған адамдардың барлығы да: «Иә, 

шынында да, бұл күшті әдіс, оның соңынан өміріңізде 

өзгеріс болады» деп, келіскендерін талай мәрте білдірген. 

Сонымен, ол жаттығу мынау. Қолыңызға таза қағаз алыңыз. 

Еңжоғарғы жағына сіз «Мақсат» деген сөзді және бүгінгі 

күнгі датаны көрсетіңіз. Одан кейін жақын жылдардың 

ішінде жеткіңіз келетін кем дегенде 10 мақсатты тізіп 

шығыңыз. Мақсаттарды үш шартты ескере отырып жазу 

қажет. 

Бірінші шарт — сіз оларды дәл қазір орындалғандай, осы 

шақпенжазасыз. «Менің байығым келеді» деп емес, «Мен 

бір жылдың ішінде осынша қаржы таптым» деп жазыңыз. 

«Мен көп ақша табамын» дегеннің орнына, «Мен айына 

бірнеше мың доллар тауып жүрмін» деп қойыңыз. «Мен 

темекіні тастаймын» деп емес, «Мен темекі тартпаймын» 

деп жазыңыз. 




Басқаша айтқанда, сіз мақсаттарды олар жүзеге асқандай 

етіпжазыңыз. Мысалыға, «Мен жақсы көретін адамыммен 

бірге өмір сүріп жатырмын, біздің қарым-қатынасымыз 

ойдағыдай, мен бақыттымын». 

Екінші шартқа ауысайық. Сіз мақсаттарыңызды 

нақтырақжазуыңыз қажет. Сіз: «Мен көлік сатып алдым» 

деп жазбайсыз, «Мен жаңа модельді BMW-нің алтыншы 

топтамасын сатып алдым» деп жазасыз. «Мен арықтадым» 

деп емес, «Менің салмағым мұнша келі» деп жазуыңыз 

керек. «Мен байыдым» дегеннің орнына, «Менің осынша 

мың (немесе миллион) долларым бар» деп жазған дұрыс 

болады. 


Сонымен, үшінші шарт — дербес мақсат құрыңыз. Қай 

кезде демақсатты жазған уақытта «Мен» деген сөзді 

қолданыңыз. «Мен мұнша ақшаны мына күнге дейін 

табамын», «Менің салмағым мынадай», «Мен жылына 

отбасыммен мұнша күн бірге боламын», 

«Мен сатамын», «Мен табыс табамын», «Мен сақтап 

қоямын, «Менжетемін». Кез келген мақсатты жазғанда: 

«Мен +етістік әрекет». Бұл бұйрық сіздің бүкіл ой-

санаңыздың мүмкіншілігін қозғалысқа келтіреді. 

Сонымен, сіз 10 мақсаттан тұратын тізім жасайсыз. Одан 

дакөбірек жазуыңызға болады, сіздің ақыл-ойыңыздың 15 

мақсатпен бір уақытта жұмыс істеуге қабілеті жетеді. Мен 

ұсынған мақсаттардың ұтымды саны — 10. 

  

  



  

  



IV ТАРАУ 

  

Сізге бөгет болатын кедергілерді тауып, оны жөнге 



келтіріңіз 

  

Мақсаттарыңызды жазып, нені қалайтыныңызды нақты 



сипаттағаннан кейін келесі төртінші қадамға ауысуға 

болады. Төртінші кезеңде сіз мақсатқа жету үшін қандай 

кедергілерден өтуге тура келетінін шешуіңіз керек. 

Сұрақтарға жауап беруден бастаңыз: «Неге мен әлі 

мақсатыма бет бұрмадым?», «Неге мен әлі мақсатыма 

жетпедім?». Егер сіздің алдыңызда қаржылық мақсат тұрса, 

өзіңізден: «Неге мен жеткілікті ақша таппаймын?» деп 

сұраңыз. Мойындау керек, әлемде өз күштерімен табысқа 

жеткен сансыз көп миллионерлер бар. Олар ешқашан 

жылына 30-40 мың доллардан артық табыс тапқан емес, 

сонда да олар миллионер бола алды. 

Мүмкін, мәселе сіздің аз табыс тапқаныңыздан емес, 

керісінше, тапқаныңыздың бәрін жұмсап жіберетіндіктен 

болар? Кім біледі, тіпті, тапқаныңыздан да артық 

жұмсайтын шығарсыз? Мұндай жағдай адамдарға жиі 

кедергі келтіреді. 

Миллионерлердің өмір бойы өздерінің табыстарының 

орташа есеппен 15-20% алып жинап қоятынын сіз білесіз 

бе? Олар өздерінің тұрмыс-тіршілігін қалған 80-85% ақшаға 

өмір сүруге бейімдеп алады. 

Ең болмағанда жинап қоюды 1%-дан бастауға да болады. 

Қалған 99%-ға өмір сүруге қашан үйренесіз, сол кезде 




жинап қоюды 2%-ға арттырып, 98%-ға өмір сүріңіз. Тапқан 

табысыңыздан азырақ ақшаға 

өмір сүруге өзіңізді дағдыландырыңыз. Соңында 1-2 жылда 

табысыңыздың 15-20%-ын алып, жинап қоятын боласыз. 

Бұл шын мәнінде, сіздің өміріңізге әсер етеді. Сіздің 

банктегі есепшотыңыз өседі. Сіздің өзіңізге деген сеніміңіз 

артады. Көп ұзамай, сіз өз бойыңыздан адам сенгісіз 

құдірет-күшті сезінесіз. Ақша сіздің алдыңыздан шексіз 

мүмкіншіліктерді ашады. Сосын оларды сіз кез келген 

бастамаларға сала аласыз. 

Бір жылдан кейін, 5-10 жылдан кейін, сіз шын мәнінде де, 

жақсы қаржылық жағдайға жеткенде адамдар: «Жігіт, 

шындығында да, сенің жолың болды» деп айтады. Бірақ, 

бұл жәй ғана жолы болды деуге келмейді. 

Сіз бен мақсатыңыздың арасында тұрған қандай кедергілер 

бар? Мен айтқалы отырған қағида «кедергі теориясы» деп 

аталады. 

Кедергі болатын негізгі себепті анықтау керек. Дөңгелектің 

арасына тұрып қалған негізгі таяқты табыңыз, бәрінен де 

күштірек тежеп тұрған не екенін түсінуге тырысыңыз. 

Мақсатқа жету жолындағы жүріп келе жатқан 

жылдамдықтың негізгі реттегішінің не екенін түсінуге 

тырысукерек. 

Мен барлық кедергілердің 80%-ы адамның өзінің ішінде 

екенін таптым. Тек 20%-ы ғана сыртқы жағдайларға 

байланысты. Қарапайым адамдар не істейді? Олар өз 

бастарындағы қиыншылыққа әрдайым сырттағы біреулерді 

кінәлайды. Басқалардан озып шыққан адамдар не істейді? 

Ол адамдар өз жан-дүниесіне қарап, сосын: «Менің ішімде 

мені жібермей тұрған не нәрсе?» деп сұрайды. 




Мүмкін, сіз өзіңізді тәртіпке келтіру үшін, өз уақытыңызды 

дұрыс пайдалану үшін белгілі бір қабілетке мұқтаж 

шығарсыз? Мүмкін, сізге көбірек күш-қуат керек немесе 

өмірде басқа нәрселерге әдеттену қажет болар? Мүмкін, 

көбірек жұмыс істеу қажет шығар немесе көбірек ойыңызды 

жинақтау керек болар? Мақсатқа жету жолында сізді тежеп 

тұрған не нәрсе? 

Мақсатқа жету жолында кедергі болатын нәрселердің 80%-

ы сіздің өзіңізде, олар сіздіңқадағалауыңызда. 

Өзіңізге бөгет болатын барлық кедергілерді анықтаңыз 

және олардың сізге бәрінен де көбірек қолбайлау болатын 

негізгісін табыңыз. Осының бәрін анықтап алғаннан кейін 

толығымен осы кедергілерді туғызатын себептерге назар 

аударыңыз. Бұл ашуды қажет ететін құлып. Құлыптың 

ашылуына, жолыңызға бөгет болатын кедергілердің 

жоғалуына қол жеткізіңіз. 

  

  

  



VI ТАРАУ 

  

Өмірде нені біліп, нені жасай алу керектігін шешіңіз 



  

Өзіңіздің мақсатыңызға жету үшін, бұрын жетіп көрмеген 

нәрсеге қол жеткізу үшін, сізге бұрын болып көрмеген адам 

болу қажет. Үйренген өнеріңіздің қайсысын дамытып, 

мақсатқа жету үшін көбірек пайдасы тиеді? Өзіңізді қай 

бағытта жетілдіруіңіз керек? Сіздің өміріңізге ең маңызды 

да жақсы әсер ететін не нәрсе? Біз сіздің өміріңіздің барлық 



саласында да сіз нені нашар біліп, нені жақсы жасай 

алмайтын болсаңыз, сол нәрсе үнемі табысқа жетуіңізге 

бөгет болатынын таптық. Сіздің ең әлсіз дағдыңыз — 

шеберлігіңізді шыңдамағаныңыз, бұл мақсатқа жету 

жолында тежейтін ең негізгі кедергі. 

Қайсыбір қабілеттің жоқтығы сізді артқа тартатын болса, 

бар күшіңізді сол қабілетті жетілдіруге жинақтауыңыз 

қажет. Ол нәрсе жоспарлау ма, ұйымдастыру ма, қарым-

қатынас па, пайдалы пікірталастыру ма, әлде, келіссөз 

жүргізу ма, бәрібір. Сіз ең алдымен, осыны үйренуіңіз 

керек. Қажет болса, бәрін де үйренуге болады. 

Өзіңізден сұраңыз: «Мақсатыма жету үшін қандай маңызды 

білім мен шеберлік қажет?». Әрине, сіз білетін шығарсыз — 

кез келген салада да кәсіби маман болу үшін, мейлі ол сауда 

болсын, мейлі ол механика немесе нейрохирургия болсын, 

сол салада кем дегенде жеті жыл бар ынтамен еңбек ету 

қажет болады. Алдыңғы қатардағы 10%- дың ішіне кіру 

үшін жеті жыл қажет. Жеті жылдан кейін сіз осы 10%- дың 

ішіне кіріп, дүниедегі ең жоғарғы айлықты алатын 

адамдардың бірі боласыз. Әрине, бұл жол сіздің бұдан да 

көбірек уақытыңызды алуы мүмкін. 

Өзіңізді жетілдіруді бастайтын уақыттың келгенін сезінген 

уақытта сізге көмегі тиетін бойыңыздағы қажетті 

қабілеттерді жетілдіруді бастау керек. 

Содан кейін бір істе шеберлікке жеткен соң сіз өзіңізге сол 

сұрақты қоясыз: «Ал, маған енді нені үйрену керек?» 

Осылайша, сіз өміріңізді өз бетіңізше жоспарлап, бағыт 

беріп отырасыз. Өміріңіздің ақырына дейін сізге барынша 

көмегі тиетін қабілеттеріңізді шыңдауды жалғастыра 

бересіз. Және жоспар құрып, оны жазып, онымен күнделікті 

жұмыс істеп отырасыз. Егер сіз осыны істейтін болсаңыз, 



онда барған сайын мақсатыңызға жетуге жақындап 

қалғаныңызды сезінесіз. Жақсы күндердің бірінде сіз бұл 

өнерді толық меңгеріп алғаныңызды түсінесіз. Бұдан кейін 

сіз оны жиі-жиі қолданатын боласыз және әр қолданған 

сайын соғұрлым аз күш жұмсамайсыз. Кейбір адамдардың 

көп нәрсеге қол жеткізетіндігінің себебі де осында. Олар 

өздерінің қабілеттерін шыңдап отырады, әрине, бұл оларға 

оңайлықпен келмейді, сонда да олар бар ынтасымен жұмыс 

жасайды. Олар барған сайын табысты бола түседі және олар 

аз уақыттың ішінде көп нәтижелерге қол жеткізеді. Сіз де 

солай жасайаласыз. 

  

  



  

VII ТАРАУ 

  

Қарым-қатынас жасайтын адамдарды таңдаңыз 



  

Мақсаттарыңызға жету үшін сізге кімдермен бірге жұмыс 

істеуге тура келеді, кімдердің жәрдеміне мұқтажсыз? Ең 

алдымен, сіздің жұмысыңыз, отбасы мүшелеріне қалай әсер 

ететінін анықтаңыз. Шынында да, сізге табысқа жету үшін 

күні-түні, тынбай жұмыс істеу қажет болады. Кейде мұндай 

тығыз жұмыс кестесіне бірнеше ай бойына шыдау қажет 

болады. Мұны отбасы мүшелеріне алдын ала түсіндіру 

маңызды, өзіңіздің не істеп жатқаныңызды және оны не 

үшін істеп жатқаныңызды олар білуі керек. Сізге барлық 

кедергілерден өткенге дейін, олардың жәрдемі және 

қолдауы қажет болады. Одан кейін ғана сізге көбірек 




уақытыңызды олармен бірге өткізуге мүмкіндік тиеді. 

Мысалы, ұзағырақ демалыс алуыңызға болады, тағы 

солсияқты. 

Қандай бастықпен жұмыс істегіңіз келетінін анықтаңыз 

және өзіңіздің жұмыс тобыңызда қандай адамдардың 

болғанын қалайсыз? Егер сіз кәсіпкерлікпен айналысатын 

болсаңыз, өзіңізге қажет болған тұтынушыларыңызды 

анықтап алыңыз. 

Питер Дракер, кәсіпкерліктің ең пайдалы тұсы — ол 

тұтынушы деп есептеді. Кәсіптің негізгі мақсаты — 

солардың талабын қанағаттандыру. Егер сіз қаржы 

тұрғысынан айтарлықтай нәтижеге қол жеткізгіңіз келсе, 

сізге көптеген тұтынушыларыңызды қанағаттандыру қажет 

болады. Бірінші кезекте ол қандай тұтынушылар екенін 

анықтау керек. «Олар кімдер?» деген сұраққа жауап беріңіз. 

Сізге ол тұтынушыларды қанағаттандыруға, басқа 

бәсекелестеріңізге қарағанда барынша артығырақ, бар жан-

дүниеңізді, бар мүмкіндігіңізді салуыңыз қажет. 

Сонымен, 

– Cіздің нағыз тұтынушыларыңызкім? 

– Олар бақытты, разы болуы үшін оларға неқажет? 

– Өзіңіздің бәсекелестеріңізден де табыстырақ болу үшін сіз 

не істейаласыз? 

– Сіздің ұсынған қызметіңіздің ерекшелігінеде? 

– Сіздің бәсекелестік артықшылығыңызнеде? 

– Сіздің ерекше тұсыңызқайсы? 




Адамдар сізден ғана сатып алу үшін немесе басқа 

біреулерден гөрі сізбен бірге жұмыс істесу үшін, сіз не істей 

аласыз? 

Бұл сұрақтардың жауабы, өндірісті дұрыс ұйымдастыруға 

және сату деңгейін көтеруге септігі тиеді, ал, бұл болса — 

саудадағы бүкіл табыстың кілті. Әрдайым өзіңізден 

сұраңыз: «Неге адамдар менімен бірге жұмыс жасасуды 

қалайды?», «Олар менің мақсатыма жетуіме көмектескенде, 

одан қандай пайда болады?», «Мен оларға не бере 

аламын?». «Өзгелерден алатын адам болғаннан гөрі, 

барынша беретін адам болған дұрысырақ» деген де жақсы 

әрі пайдалы қағида бар. 

Ойланыңыз, басқа адамдардың өмірін және жұмысын 

жақсарту үшін сіз қандай көмек жасай аласыз? Басқалардың 

қалаған мақсаттарына жетуіне жәрдем беруіңіз арқылы сіз 

өмірден қалағаныңыздың бәрін ала аласыз. Сонымен, сізге 

кімнің жәрдемі және кімнің бірге жұмыс жасасуы қажет? 

Осы адамдардың тізімін жасаңыз. Және өзіңізден сұраңыз: 

«Олардың жәрдеміне лайық болу үшін мен не істей 

аламын?» «Олардың маған барлық жағынан да 

көмектескілері келуі үшін мен не істейаламын?» 

  

  



  

VIII ТАРАУ 

  

Жұмысыңыздың маңызды жақтарын анықтаңыз 



  


Мұның алдында біз алда тұрған жұмыстардың тізімін 

жасаудың қаншалықты маңызды екенін айтқан болатынбыз. 

Жетінші қадамда сіздің тізіміңізді реттеу керек. Мұны екі 

түрлі әдіспен жасауға болады, бірінші қағида — кезегіне 

қарай, екінші қағида — маңыздылығына қарай. 

Сіз өз тізіміңізді бірінші қағида кезегіне қарай реттейсіз, 

яғни, кезеңге бөліп жазасыз: бірінші нені істеуіңіз керек, 

содан кейін не істеу қажет, үшінші кезекке нені қою тиіс. 

Әр кезде де, ең алдымен, қолға алу қажет болатын бір нәрсе 

бар. Алдыңызға мақсат қойғанда немесе оны іске асыра 

бастағанда, ең әуелі нені істеу керек екенін таңдап алыңыз. 

Осылайша, міндеттемелерді арнаулы бір тәртіппен 

жазыңыз, әр кезеңде не істеу керектігін көрсетіңіз. 

Мен сіздерге ғибратты бір оқиғаны айтып берейін. Біздің 

семинарымызда бір жігіт болды. 30 жасында ол табысты 

кәсіпті құрған болатын. Ол өзінің кәсібін сатып, бір жылға 

саяхаттауды ойлайды. Бірақ, кәсіпті қалай сату керектігін 

білмейтін. Осы мақсатпен бар уақыты кетеді, соңында сата 

алмайды. Менің семинарымда оғанбіреу: 

«мәселенің бәрі сенің кәсіпті сату жөнінде ештеңе 

білмейтіндігіңде, сен бұл тақырыпқа байланысты ештеңе де 

оқымағансың» деді. Үзілісте ол көшеге шығып, жолдың 

келесі бетіндегі кітап дүкеніне барып, «Өз кәсібіңді қалай 

сатуға болады?» деген кітапты сатып алады. Ол қайтып 

келіп, кітапты басынан аяғына дейін оқып шықты.60күннен 

кейін ол өзінің кәсібін сатып, барлық қажетті рәсімдерін 

туралап, әлемдік саяхатқа кетті. Бұл шындығында да, 

таңқаларлық жағдай. Ең дұрысы, оған өзінің кәсібін сатуды 

ұйғарғаннан кейін, алдымен, «Өз кәсібіңді қалай сатуға 

болады» деген кітапты сатып алу керек болатын. Кейде 




сенің өміріңді өзгертетін нәрселер өте қарапайым және 

көзге барынша көрініп те тұрады. 

Сонымен, ең алдымен, өзіңіздің тізіміңізді «кезек» 

қағидасымен тәртіпке келтіріңіз, сосын «артықшылық» 

қағидасымен, яғни, қайсысы маңыздырақ, сосын 

қайсысының маңыздылығы аздау екендігі тұрғысынан 

реттейсіз. Өзіңізге әр күнге қандай міндеттемелер қою 

керектігін анықтаңыз. Әр күнді осы міндеттемелерді 

орындаудан бастаңыз — әуелі сол күннің ең маңызды 

міндеттемесін таңдап алып, сосын содан бастау керек. Сол 

күні сізге не істеу керек, соның бәрін тізімге түсіріңіз. 

Бұдан кейін: «Егер менде осы тізімдегі тапсырмалардың 

біреуін ғана орындау мүмкіндігі болып, одан кейін мені 

қаладан басқа жаққа бір айға шақырып алып кетсе, мына 

міндеттемелердің қайсысын таңдар едім?» деп, өзіңізден 

сұраңыз. Сол міндеттеменің тұсына «1» деген белгі санын 

қойыңыз. 

Сосын өзіңізге айтыңыз: «Егер менде қалаға кетер алдында 

осы тізімдегі міндеттемелердің екеуін ғана орындайтын 

мүмкіндік болса, қайсысын таңдар едім?». Одан кейін осы 

қағиданы басшылыққа ала отырып, маңыздылығына қарай 

үшінші, төртінші міндетті таңдаңыз. Алғашқы ең маңызды 

жеті міндетті ретке қоюдың үлкен маңызы бар. Таңертең 

істейтін бірінші жұмысыңыз — бірінші міндетті орындауға 

кірісу. 

Атқарылуы қажет болған міндеттердің тізімін жасағанда, 

20/80 ережесін ескеруіңіз керек. Атқарған 

жұмыстарыңыздың 20%-ның 80%- ы ғана жалпы нәтижеге 

әсер ететін күші болады. Кейде тізімдегі бір мәселенің басқа 

барлық мәселеден де маңызды болып шығуы мүмкін. 

Шынайы өмірде бұл шындық емес дейтін адамдардың 



басым көпшілігі — ұсақ-түйектен бастайды да, олардың сол 

нәрсеге көп күштері кетіп қалады. Олар шындығында да, 

өмірлеріне өзгеріс әкеліп, жағдайларын өзгертетін маңызды 

нәрселерге назар салудың орнына түкке тұрмайтын 

нәрселерге көңіл аударады. Кейде сіз шын мәнінде бір 

ғаламат және маңызды нәрсе жасасаңыз, бұл мақсатқа жету 

жолында үлкен қадам жасауға көмектеседі. Тағы да 

жақсылап бір ойланыпалып анықтаңыз, жазғандарыңыздың 

қайсысы маңыздырақ және қайсысын бірінші кезекте 

орындау керек. 

  

  

  



IX ТАРАУ 

  

Өзіңіздің әрекетіңізді мұқият жоспарлаңыз 



  

Келесі кезең — жоспар жасау. Жоспар — бұл реттелген 

тізім, қадамыңды есептеу. Сіздің бірінші қадамыңыз қандай 

болуы керек? Екінші қадамда не істейсіз? Үшіншіге ше? 

Жоспарды мұқият іске асыра отырып, ең соңында, егер сіз 

онымен бақылау жұмысы сияқты жұмыс жасап отырсаңыз, 

сіз өзіңіз жасаймын деп ойламаған нәтижелерге қол 

жеткізесіз. Өзім де жоспарларым арқылы миллиондаған 

жоспарларды нөлден бастап, тез арада іске асыра алғаныма 

шексіз таңқалған кездерім болды. Кейде мен жарты жылдың 

ішінде адам айтқысыз нәтижелерге қол жеткіздім. Егер сізде 

арнайы жоспар болмаса, онда жағдайыңыз — бір жерден 

екінші жерге ауысып, анадан азғантай, мынадан азғантай 



бірдеме істейсіз, сосын бастапқыға қайтып келіп, тағы 

бірдеме істеп көресіз. Осылайша, шексіз жалғаса береді. 

Өзіңіздің тізіміңізді қадамға айналдырыңыз. Сіздің 

мақсатыңыз бар, сіздің нені қалайтыныңыз жөнінде нақты 

ойыңыз айқын. Одан бөлек, сол мақсаттарға жеткізетін 

жоспарыңыз болуы шарт. Егер сіз мұны қолға алатын 

болсаңыз, онда табысқа жетуіңізге 1000% мүмкіндікті 

арттырасыз, сіз өзіңізді10 есе көтересіз. Адамдар: 

«Мұның бәрі бос сөз. Шындығында, мақсатқа жетуде 

шешуші нәр себептің болуы, басқа ештеңе де емес» деп 

жатады. 

Ал, мен: «Мақсатыңды жазып, тәртіптелген жоспар жасап, 

өзіңіздің мақсаттарыңызға жету мүмкіндігіңізді 10 есе 

көбейтуге болады» деп айтамын. 

Бір-екі жыл бұрын адамдар жаңа жылдың қарсаңында 

өздерінің болашағына қатысты қандай міндеттемелер 

қоятыны жөнінде зерттеу жұмысын оқыдым. Социологтар 

адамдардан: «жаңа жылдық шешімдер қабылдайсыз ба, жоқ 

па?» деп сұраған. Барлығы дерлік «Қабылдаймыз» деп 

жауап берген. Екінші сұрақ былай болған: «Осы қабылдаған 

шешімдеріңізді жазасыздар ма?». Жауап бергендерді екі 

топқа бөледі: бірінші топ — шешім қабылдап, сосын оны 

жазғандар, екінші топ — шешім қабылдап, бірақ, оны 

жазбағандар. Кейін жылдың соңында осы мәлімет 

берушілерден қайтадан сұрақ алған. Мынау соның нәтиже 

көрсеткіштері. Шешім қабылдап, бірақ, оны жазбаған 

адамдардың арасында 4%-ы ғана «Бұл жыл табысты болды» 

деп айтқан. Ал, шешім қабылдап, оны бір қағазға болса да 

жазғандардың 46%-ы өздерінің қабылдаған шешімдерін 

орындауды аяғына дейін жеткізген. 46% бен 4%-дың 

айырмашылығы 11 есе артық. Сіздің жетістігіңіздің деңгейі 



11 есе артады. Жалғыз-ақ айырмашылығы, екінші топтың 

«Мен салмақ тастауға бекіндім, ақша жинаймын, көбірек 

шынығамын, отбасыма көбірек уақыт бөлемін» деп жазуға 

екі- үш минутын бөлгені ғана. Олар мұны жәй ғана жаза 

салды, есесіне жылдың аяғында өздерінің жазған 

мақсаттарының көпшілігін соңына дейін жеткізе 

алғандарына таңқалды. 

Егжей-тегжейлі жоспар құрып жатып, сіз түсінікті түрде 

анықтаңыз, бірінші кезекте не істейсіз, екінші кезекте не 

істейсіз, үшінші, төртінші кезекте, осылайша аяғына дейін 

жазып шығасыз. Содан кейін сіз әр қадам сайын жүріп 

отырып, бүкіл өміріңізді жоспарлауды бастайсыз. Сіз алдын 

ала бір жылыңызды жоспарлайсыз, алдын ала әр айыңызды, 

әр аптаңызды, сосын әр күніңізді жоспарлайсыз. 

Алты сөзден тұратын ереже бар: «Алдын ала дұрыс 

жоспарлау жаман өндірістің алдын алады». Біз осы ережені 

қолданған адамдардың жоспар жасамайтын адамдардан 

бірнеше есе артық өндіретінін байқадық. Сіздің алдағы 

жылға арналған нақты жазылған жоспарыңыз бар. Сосын сіз 

оны 12 бөлікке бөліп, әр ай барысында, мысалы, мына 

салаларда: кәсіп, қаражат, іс-әрекет белсенділігі, отбасы, 

саяхат, т.б. не істейтініңізді шешесіз. Сосынсіз 

жоспарыңызды апталарға бөлесіз. Келесі аптаның 

жоспарын осы аптада құрасыз, әдетте, сенбі не жексенбі 

күндері. Сол сияқты сіз әр күн бұрын жоспар құрасыз. 

Ертеңгі күннің жоспарын бір күн бұрын түнде жасаған 

дұрысырақ болады. Сонымен, сіз әр күннің, әр аптаның, әр 

айдың жоспарын алдын алажасайсыз. 

Алдын ала жоспар жасағанның есесі немен қайтады? 

Жоспар жасауға кеткен әрбір минут, міндеттемелерді 

орындау кезінде 10 минут уақыт үндемейді деген ереже бар. 



Демек, пайдасын шығару деңгейі 10:1. Тиімді уақытта 

жоспар жасау сіздің өндірістік қуатыңызды 10 есе 

арттырады. 

Питер Дракер «Кез келген құлдыраудың негізінде нашар 

жоспарлау жатыр» деп, нақты айтқан болатын. Ақылмен 

ойламай, жоспар құрмай әрекет ету — кез келген жолы 

болмаудың негізгі себебі. Бұл, алдын ала жоспарлап әрекет 

ету — табысқа жетудің кепілі деген сөз. 

Адамдар: «Менің жоспар құруға уақытым жоқ. Менің бір 

әрекетті жасауға дайындалып жататын уақытым жоқ, бірақ, 

оны атқаруға уақытым бар» деп жатады. 

Таңқаларлық жайт. Қаншама ададмдардың өмірі босқа 

өтуде, егер олардың әр күнге, әр аптаға, әр айға, әр жылға, 

бүкіл өміріне арналған өте нақты жазылған жоспарлары 

болып, олар соны орындап болса, ойға келмеген нәрселерді 

істеуге болады. Ал, олар болса, өмір бойы бір жерді 

айналып жүреді деқояды. 

Көз алдарыңызға елестетіп көріңіздерші, мен сізге 100 000$ 

сыйлық ұсынайын. Сіздің қолыңыздан келетіні бар болғаны 

— өз қалаңыздан қызғылт үйді тауып, есігін қағып кіріп, 

қонақ бөлмедегі диванның астынан ішінде 100 000$ бар 

конвертті алу ғана. Конвертті алардан бұрын, ол үйдің 

мекен-жайын сұрайсыз. Мен болсам: «Жоқ, жоқ, мекен-

жайын айтпаймын. Осы үлкен қаланы айналып аралап жүре 

берсең, ол үй алдыңнан шығады» деймін. Сіздің толып 

жатқан сұрақтарыңыз болады, әрине. Ол үй өте алыста ма? 

Оған алып баратын карта немесе жол көрсетуші бар ма? Ол 

үйдің сыртында не бар, ішінде не бар? Бұл үлкен қалада 

мыңдаған қызғылт үйлер бар... Мен: «Қам жеме, жәй ғана 

бар да, оны тауып алуға тырыс» деп айтамын. Өзіңізге керек 




болған үйді тауып алуға сіздің қанша уақытыңыз кетеді? 

Жауап: «Бүкіл өмірің!». 

Көпшілік адамдардың мақсатқа жетуіне қанша уақыты 

кетеді? Бүкіл өмірі, тіпті, олар көбінесе оған жетпейді де. 

Себебі, бағыты анық емес және мекен-жайы жоқ. Егер 

сіздің нақты жазылған мақсат пен міндеттемелеріңіз болса, 

онда сіздің желкендеріңіз дұрыс қойылған және сіз қатаң 

берілген бағытта жүзетін боласыз. Ескі бір мәтел бар, «Егер 

сіздің мақсатыңыз болмаса, сіз ескегі жоқ кеме сияқтысыз, 

еш уақытта жағаға жете алмайсыз». 

Шебер де сауатты жоспарлау сіздің күшіңізді барынша 

дұрыс жинақтауға мүмкіндік береді. Егер сіз жұмысты 

басынан аяғына дейін үзіліссіз жасайтын болсаңыз, онда 

үзіліспен жасаған жұмысқа кеткен уақытқа қарағанда 80% 

үнемдейсіз. 

Егер сіз арасында үзіліс жасасаңыз, онда жұмысқа қайтып 

келуге, қай жерге келгеніңізді білу үшін ойыңызды 

жинақтауға, көп мөлшерде уақыт жоғалтсаңыз, мұның бәрі 

сіз ойлағаннан да көбірек уақыт алады. Сіз бір нәрсені 

істеуді тоқтатып, кейін қайтып жалғастыратын болсаңыз, 

бұл үшін ойыңызды жаңғыртып, қай жерге келіп 

тоқтағаныңызды еске түсіруіңізге тура келеді, жұмысқа 

қайта бейімделуіңіз қажет. Тоқтау, үзіліс жасау, 

тапсырманы орындауға қайтып келу — тоқтамай жұмыс 

істегеннен гөрі уақытты 5 есе көп алады. 

  

Менің жылына 4 кітап жазып, оны баспалардан 



шығаратыным белгілі. Мен бір кітапты төрт жылда да жаза 

алмайтын адамдарды білемін. Сол адамдар «Осынша 

кітапты қалай жазасың?» деп сұрап жатады. Мен: «Бұл өте 



қарапайым, барлық мәселе жоспар жасауда» деп жауап 

беремін. Ең маңыздысы мынау: кітапты жазуды бастағанда 

бірінші үлгіні аяқтамайынша үзілісжасамаймын. 

Мен көп кітап жазатын көптеген табысты жазушылардың 

дәл солай жасайтынын байқадым. Олар жақын арадағы үш-

бес күнге барынша нақты күн тәртібін жасайды. Осыдан 

кейін олар кітаптың негізі жазылып болғанға дейін 

тоқтамастан жаза береді. 

Адамдар менен мақсаттарымды «артықшылығына», 

«кезегіне» қарай жоспар жасауға уақыт кетіретіндігімді 

ескеріп, кітаптарымды қалай тез жазып тастайтындығымды 

жиі сұрайды. Сол себептен де мен ғаламтордағы сайтыма 

өзімнің жоспар жазу тәсілімді шығарып қойдым. Қазір ол 

сол жерде басқа да ақпарат материалдарымен қатар бәрінің 

қол жететін жерде тұр. 

Егер сіз кітап жазғыңыз келсе, сайтқа кіріп, кітапты қалай 

жазу жайындағы түсіндірмені көшіріп алыңыз, бірінші 

қадам жасаңыз және кітапты жазып бітіргенге дейін жоспар 

бойынша ілесіп отырыңыз. Мен бірнеше жылдан кейін 

«Нью-Йорк Таймстың» кітаптарға шолуының ең өтімді 

кітаптар тізімінен сіздің есіміңізді көретініме сенімдімін. 

  

  



  

  

X ТАРАУ 



  

Ең негізгі нәрсеге көңіл аударыңыз 




  

Мұның алдында сіз 10 мақсатты жазған едіңіз. Енді өзіңізге: 

«Егер осы тізімде белгіленген 10 мақсаттың біреуіне ғана 

жете алатын мүмкіндігім болса, қайсысын таңдар едім?», 

«Дәл қазір менің өміріме барынша күшті, жақсы жағынан 

әсер ететін не нәрсе?» дегендей сұрақтарды қойыңыз. Міне, 

осы сұрақтар ең маңыздылары саналады. Бірде Напалеон 

Хилл: «Адамның өмірі өзінің қай мақсаты негізгі және 

айрықша екенін анықтаған кезде ғана ұлық болады» дегенді 

айтқан. Сіз өзіңіз үшін ең маңызды мақсатты анықтағанда 

сол арқылы бүкіл өмір бойы не нәрсеге барынша 

талпынатыныңыздыанықтайсыз. 

Өзіңізді қойылған тапсырмаға 100% беріліп жұмыс істеуге 

үйретіңіз. Сіз өзіңізден: «Менің тізімімде көрсетілген 

барлық тапсырмалардың қайсысы барынша маңызды және 

бағалы?», «Олардың қайсысы менің өмірімді шын мәнінде 

өзгертеді?», «Менің негізгі мақсатыма жетуіме не нәрсенің 

көбірек септігі тиеді?» деп сұраңыз. Сөйтіп, сіз нөмірі 

бірінші тапсырмамен жұмыс істеуді бастайсыз. 

Ақырына жеткенге дейін осы тапсырмамен күні бойы 

жұмыс істеуге өзіңізді үйретіңіз. Адамдар: «Ал, егер басқа 

мәселелер шығып қалса ше, негізгі тапсырманы уақытша 

қоя тұруға бола ма?» деп сұрайды. Амал жоқ, оны уақытша 

қоя тұруға тура келеді. Бірақ, кейін дереу оған қайтып 

келуіңіз керек. Есіңізде болсын, бұл сіздің ең негізгі 

міндеттемеңіз. Сондықтан, уақытты жоғалтпаңыз. 

Егер сіз өзіңізді үнемі негізгі тапсырмаға қайтып келуге 

күштеп отырсаңыз, онда сіз негізгі тапсырманы кейінге 

қалдырып, міндеттемелердің бірінен-бірінің артықшылығын 

өзгертіп, маңызды нәрседен түкке тұрмайтын нәрсеге 




ауысып, сосын алдыңғысына қайтып келіп, осылайша, 

шексіз әрі-бері қайталаумен өмірі өтетін адамдардан 5-10 

есе артық жасай аласыз. 

  

2- жаттығу 



  

Мен сізге бір жаттығу бергім келеді. Ол өте қарапайым 

жәнежылдам әдіс. Оны бүгін, тіпті, қазір осы бетті оқып 

біте салысымен қолданып көруіңізге болады. 

Өзіңізге: «Бүгінгі күнгі менің ең маңызды үш мақсатым 

қандай ? » деп, сұрақ қойыңыз да, оған тез арада, 30 

секундтың ішінде жауабыңызды жазыңыз. Бұл жаттығуды 

өзіңіздің жұбайыңызға, балаларыңызға ұсынып көріңіз. 

Біз егер адамның ойлануына 30-ақ секунд берілсе, оның 

жауабы30 минут не 3 сағат ойланған адамның жауабымен 

бірдей болатынын байқадық. Егер сіз мақсатыңызды 

қысқаша тұжырымдағыңыз келсе, онда сұрақты былайша 

қоюға болады: «Мансап пен пайданы өсіру тұрғысынан 

менің ең маңызды үш мақсатым қайсы?», «Менің ең 

маңызды отбасылық үш мақсатым қандай?», «Менің 

денсаулыққа байланысты ең маңызды үш мақсатым 

қандай?», «Менің қаржыға байланысты ең маңызды үш 

мақсатым қандай?». Өзіңіздің жауаптарыңызды, 

мақсаттарыңызды жазыңыз. Сіз өзіңіздің 

мақсаттарыңыздың, шынайы мақсаттарыңыздың көрінісін 

шұғыл түрде суретке түсіріп алғандай боласыз. Адамдардың 

көпшілігі мақсат туралы айтқан өздерінің жауаптарына 

ерекше таңырқайды. Бір әйел менің семинарыма келіп, 

көзіне жас алып айтқаны: «Мені ақша алаңдатпайды, мені 

тек адамдар ғана қызықтырады, мені өмірқызықтырады, 



маған сүйіспеншілік маңызды, маған маңыздысы — бақыт. 

Мені ақша мүлде қызықтырмайды». Сосын мен ол әйелге 

және басқа да қатысушыларға мақсат қоюға байланысты 

жаттығу ұсындым. Ол әйел маған үзіліс кезінде жолығып: 

«сіздің әрбір қойған сұрағыңызға мен: «ақша, ақша, ақша» 

деп жауап бердім. Мен өзімді алдаған екенмін. Мен енді 

ғана түсіндім. Менде жетілікті ақша болған кезде ғана мен 

өзімнің қалағанымды орындауға қол жеткізе аламын. Маған 

қаражат мәселесіне қатысты шындап ойлану қажет екен, тек 

солай ғана мен өз өмірімді өзгерте алады екенмін» деді. 

Сіз бұл жаттығуды орындадыңыз, енді сіз өміріңіздің 

әрсаласының төңірегінде нені қалайтыныңызды дәл және 

анық елестетеаласыз. 

  

  



  

XI ТАРАУ 

  

Мақсатқа жету тәсілі 



  

Сіздің негізгі мақсатыңыз сіздің өміріңізді ретке келтіруге 

мүмкіндік беретін орталық нүктесі, қағидасыболады. 

Сіз 10 мақсаттан тұратын тізім құрып, оның ең маңызды 

біреуін таңдап алғаннан кейін осы мақсат сіздің барлық 

қызметіңіздің бастапқы нүктесі болады. Осы мақсат 

турасында сіз жұмыс жасап және әрдайым таңертең 

тұрғанда есіңізге түсіресіз, сіз ол туралы күні бойына 

ойланасыз және айтасыз, кешке қарай көз алдыңызға 

елестетесіз, армандайсыз. Бұдан кейін сіз мұның алдында 




айтқанымыздай, мақсат қоюға қатысты жаттығу жасайсыз. 

Сіз бәрін жазасыз және мақсатыңызды өте дәл, бүге-

шігесіне дейін нақты етесіз. Сіз жоспар құрасыз, мақсаттың 

орындалу уақытын, сондай-ақ, қажет болса екі арадағы 

кезеңді де белгілейсіз. Есіңізде болсын, «мүмкін емес 

мақсат» деген түсінік жоқ. Тек мүмкін емес мерзім бар. Егер 

сіздің мақсатыңыз белгілі бір мөлшердегі ақшаны табу 

болса, оның мөлшеріне уақытша шек қойыңыз, белгіленген 

мерзім аяқталғанда қажетті мөлшердегі ақша сіздің 

шотыңызда жату керек. Адамдар кейде: «Ал, егер сіз оны 

көрсетілген уақыт ішінде таба алмасаңыз не болады?» деп 

сұрайды. Онда сіз басқа мерзім қоясыз, оны өзгертуге де 

болады. Кейде сіз бір нәтижеге ертерек қол жеткізесіз, 

кейде кешігіп жетесіз. Сонда да болса өзіңізге бір 

мерзімбелгілеңіз. 

Ең маңызды мақсатқа жету жолында сізге өтуге тура 

келетін кедергілерді анықтау керек. Өзіңізден: «Шын 

мәнінде табысқа жету жолында бөгет болып, артқа тартып 

тұрған не?» деп сұраңыз. Өз ішіңізге үңіліп, негізгі 

кедергілерді салыстырыңыз. Қай кедергіні жою сіздің 

кәсібіңізге барынша күшті, жағымды әсерін тигізеді? 

Осыдан кейін сіз өзіңізге қажет болатын және өзіңізге басқа 

нәрселерден көбірек көмегі тиетін білім мен шеберлікті 

анықтайсыз. Сізге қандай білім керек болады? Қандай 

өнерді үйрену қажет болады? Мақсатыңызға жету үшін 

сізге қай салада өзіңізді жетілдіру қажет? 

Сосын өзіңізге көмегі, демеушілігі қажет болатын 

адамдарды анықтайсыз, олар — бастығыңыз, отбасыңыз, 

тұтынушыларыңыз, банкирлеріңіз, қамтамасыз 

етушілеріңіз. Өзіңіздің кәсібіңіз үшін жасайтын ең маңызды 

нәрселердің бірі — жақсы банкирлермен сенімді қарым-



қатынас орнату. Бұл сіздің іскерлік әрекеттеріңіздің 

тиімділігіне өте күшті ықпал жасауы мүмкін. Сіз үшін ең 

маңызды адам кім? Кім сізге жәрдем бере алады? Кім сізге 

барынша маңызды және күшті демеу көрсетеалады? 

Одан кейін сіз жасалуы қажет болған, мысалы, не нәрсеге 

жетуді қалайтыныңызды, жасау қажет болатын 

қадамдарыңыздың бәрінің тізімін жасайсыз. 

Қадамдарыңызды орындалу кезегіне, маңыздылығына қарай 

тәртіппен жазыңыз, қадамдарыңызды көрсететін басынан 

аяғына дейін реттелген жоспар жасаңыз. Жоспар бойынша 

әрекет етуді бастаңыз. Күн сайын сіз таңертең тұрғаннан 

кейін ол күннің жоспарын жасайсыз. Негізгі қағида — 

өзіңіздің мақсатыңызды іске асыру үшін аптадағы жеті 

күннің әр күнінде де бірдеңе істеңіз. Жалғыз қалған 

кезіңізде өзіңіздің мақсатыңыз туралы ойлаңыз. Таңертең 

тұрған кезде, кешке жатар кезде де өзіңіздің мақсатыңызды 

ойлаңыз. Аптаның жеті күнінде де мақсатыңызға жетуге 

жақындататын бір нәрсе жасаңыз, тіпті, ол кітап оқу не бір 

ақпарат алу немесе телефон соғу болса да, тіпті, жолдан өту 

болса да әр күн сайын бірдеңе істеуіңізкерек. 

Табысқа жетудің әмбебап қағидасы бар, «қозғаушы күш» 

немесе «мақсаттың қозғаушы күші» деген қағида. Осы 

қағида бойынша қозғалысты бастау, бірінші қадам жасау 

өте қиын. Сонда да болса сіз бастап қойған болсаңыз, онда 

қозғалысты әрі қарай жалғастыру көп жеңілірек болады. 

Мысалы, сізге жаңа мақсатпен жұмыс істеуді бастау үшін 

10 бірлік қуат және тәуекелшілік қажет болуы мүмкін. Ал, 

мақсатқа қарай қозғалуды бастап қойғаннан кейін әрі қарай 

жалғастыру үшін 1 бірлік қуат жеткілікті. Міне, неге біз әр 

күн сайын бірдеңе жасап отыру керек дейміз. Әрдайым 

қозғалыс үстінде бол, өзіңнің қозғаушы күшіңді жетілдір. 



Сонда ғана сіз бәрін тезірек бастай аласыз және мақсатқа 

қарай тезірек қозғаласыз, ал, сіздің мақсатыңыз сіз жаққа 

қарай тезірек қозғалатын болады. 

  

  



  

XII ТАРАУ 

  

Болашақты көру арқылы мақсатыма жеттім деп ойлаңыз 



  

Сіздің ойыңыздағы көріністерді іске асыру үшін адамның 

сана - сезімінде сіздің өміріңізді үйлестіріп отыратын бір 

қабілет бар. Егер сіз санаңызда нақты өзіңіз болғыңыз 

келген, өзіңіз айналысқыңыз келген, өзіңіз иеленгіңіз келген 

бір жаңа бейнені өсіріп шығарсаңыз, сіздің ақыл-ойыңыз 

соның бәрін осы өмірде іске асыру үшін жұмыс істей 

бастайды. 

Сіздің санаңыз тәулігіне 24 сағат бойына жұмыс істеу үшін 

осы бейнені сана-сезімде өткізеді. Біздің жаңалығымыздың 

қорытындысы мынада — сізде қол жеткізгіңіз келген 

мақсатқа байланысты және айқындылық неғұрлым көп 

болса, соғұрлым оған тез жетесіз, сіз мақсатыңызға қарай 

неғұрлым тез қозғала бастаған сайын соғұрлым сіздің 

мақсатыңыз да сізге қарай қозғала бастайды. Екінші 

жағынан, сіздің мақсатыңыздың көрінісі неғұрлым бұлдыр 

және шатасқан болса, әрекет те соғұрлым ұзағырақ болады. 

Кейде ол бүкіл өміріңді алуы мүмкін. Егер сіз 

мақсатыңызды көргіңіз келсе көзіңізді жұмыңыз, терең дем 



алыңыз, сосын мақсатыңызға жеткен күнде оның қандай 

болатынын елестетіп көріңіз. 

Мысалы, сіз өзіңіздің дене бітіміңіздің әдемі болғанын 

қаласаңыз, бірнеше сурет басылған журналдарды қарап 

шығыңыз және бір спортшының не өзіңіз ұқсағыңыз келген 

бір үлгіні таңдап алыңыз. Суретті ұқыптап қиып алып, ол 

адамның бетінің орнына өзіңіздің бетіңіздің суретін 

жапсырыңыз. Өзіңіздің жаңа суретіңізді әрдайым көріп тұру 

үшін тоңазытқышқа не ваннадағы айнаға іліп қойыңыз. 

Сіздің де дене бітіміңіз келіскен сол суреттегідей 

болатынына өзіңізді сендіріңіз. Әрі қарай сіздің сана-

сезіміңіз сіздің тәбетіңізді, әдетіңізді, күн тәртібіңізді, 

жаттығуларыңызды ыңғайлай бастайды. Сана-сезім сізді 

іштей басқара отырып, суретті шындыққа айналдыру үшін 

ол сізді тәртіпке келтіреді. Егер сіз әдемі автокөлігіңіздің 

болғанын қаласаңыз, ең алдымен, қолға алатыныңыз — 

дүкенге барып оған мініп көру. Бір-екі рет отырып, айналып 

көріңіз, газды, тежегішті басыңыз — көлікті сезініңіз, иісін 

иіскеңіз. Осы көліктің суреттері басылған буклет сұрап 

алып, оны үйіңізге іліп тастаңыз. Өзіңізді жәй ғана осы 

көліктің егесімін деп есептеңіз. 

Менің BMW-нің соңғы үлгісін армандаған досым бар еді. 

Өзі жұмыссыз, көлігі болса ескі. Досым апта сайын соңғы 

үлгідегі әлгі көлікті айдап көру үшін BMW-нің 

автосалонына баруды әдетке айналдырды. Шындығын 

айтқанда, сатушылар оның келуінен әбден шаршады, ол 

бірақ, сенбі сайын сол жерге баруын жалғастыра берді. 

Бір жылдың ішінде ол жұмыс тауып алды, жаңа 

шеберліктерді меңгерді. Екінші, үшінші жұмыс тапты. 

Желтоқсан айының ортасында ол автосалонға барып BMW-

нің жаңа үлгісін сатып алды. Қараңыздар, мақсатты көру, 



сезіну қосымша қорларды тартуға көмектесті. Бұл 

таңқаларлық жағдай. 

Біз әйеліміз екеуміз үйіміз болуы керек деп шешкенде, ол 

армандаған үйімізді көргіміз келген барлық сапалардың 

тізімін жаздық. Осыдан кейін біз қаланың ең әдемі 

аудандарында ұсынылған ең жақсы деген үйлерді көруге 

бардық. 

Әр жексенбі күні келіп біз әдемі үйлерді қарайтынбыз. 

Балконын, кіреберісін қараймыз, бұл үйлердің 

айналасындағы табиғи көрініске назар саламыз. Қонақ 

қабылдайтын, ұйықтайтын бөлме, ванна, бассейндерін 

аралап көреміз. Осының бәріне қашан біздің санамызда 

армандаған үйіміздің дәл, айқын көрінісі қалыптасқанға 

дейін қарайтынбыз. Ақыры бір күні, осыдан 19 жыл бұрын 

бір кезекті үйді аралап көруге келдік. Айналамызға назар 

салдық та түсіндік — бұл сол үйдің нақ өзі. Бұл сол біз 

елестеткен және бір-бірімізге суреттеген үй болатын. Бұл 

сол әр түрлі журналдардан қиып алып құрастырған үй еді. 

Біздің қазіргі тұрып жатқан үйіміз осы үй. 

Кейбір адамдар «О, ал егер бұл болмай қалса ше?» дегенді 

алға тартады. Тағы да қайталап айтамын, бұлай сұрақ қоюға 

болмайды. Дұрысы: «Ал, егер дәл осылай болып шықса 

қайтесің?». Жәй ғана отырып, өміріңіздің әр саласында нені 

қалайтыныңыздың егжей- тегжейін тізіп жазыңыз — 

ойдағыдай денсаулық, ойдағыдай өмір салты, ойдағыдай 

тұрмыс-тіршілік, ойдағыдай бірге істейтін серіктестер, 

ойыңдағыдай кәсіп, ойыңдағыдай үй. Осыдан кейін оларды 

көз алдыңызға келтіріп елестетіп көріңіз. Ұйқыға жатар 

алдында не нәрсеге қол жеткізгіңіз келсе, өз санаңызда сол 

нәрсенің анық көрінісін жасаңыз. Одан да зоры, 

мақсатыңды көру — жақын мақсаттарыңа жетумен қатар, 



алыс мақсаттарыңа да жетуге көмектеседі. Егер сіздің 

кездесуіңіз, ашылу салтанатыңыз, жұмысқа қабылдау үшін 

әңгімелесулеріңіз болса, егер ертеңге маңызды бір шаруаны 

жоспарлаған болсаңыз осының бәрін тіпті, кешке ұйқыға 

жатар алдындағы сөйлеулеріңізді де өзіңізге барлық 

жағынан қателіксіз және жаңылыспай өткіздім деп ойлаңыз. 

Осыдан кейін ертеңіне бәрі де ойдағыдай болғанына таң 

қаласыз. Сіз алыстағы болашағыңызды мысалы, 

болашақтағы тау бөктерінде не теңіз жағасында орналасқан 

үйіңізді немесе Еуропаға саяхатыңызды оймен көру арқылы 

елестетуіңізге болады. 

Үнемі жатар алдында өзіңіздің санаңызды болашақ жайлы 

жақсы бейнелермен, суреттермен толтырып отыру қажет. 

Сіздің елестеріңізде мақсаттарыңыздың өмірде шындыққа 

айналғаны жөнінде әдемі суреттер кездесетін болсын. Бұл 

сіздің мақсатыңызды іске асыру үшін, ақыл-ойыңыздың, 

сана-сезіміңіздің күштерінің белсенділігін арттырады. 

Мақсаттарын ой көзімен көретін, елестететін адамдар шын 

мәнінде өздерінің елестеткен нәрселеріне соншалықты тез 

арада жеткендеріне аң-таң болады. 

Ой көзімен қарау — сезімтал болу және әсершіл ойларға 

берілумен тығыз байланысты. Суреттерден бөлек сіз 

өзіңіздің санаңызда сол мақсаттарға жеткен уақытта 

болатын сезімдерді де жасап көресіз. Мысалы, сыйлық 

алғанда сіз өзіңізді көтеріңкі көңіл және бақытты сезінесіз, 

сізге күлімсіреп қол соғып тұрған адамдарды көресіз. Егер 

жұмыс істеп, қомақты ақша тапсаңыз, өзіңізді табысты 

жеңімпаз адамдай сезінесіз. Егер сіз байқаудан жеңіп 

шықсаңыз, өзіңіз армандаған үй не машина сатып алсаңыз, 

ойыңыздағыдай мінсіз өмірлік серік тапсаңыз, қандай 

бақытты боларыңызды елестетіп көріңізші. Осының 



әрқайсысын өз алдына сезініп көріңіз. Сіздің санаңызда осы 

көріністермен бірге болатын әсерлерді сезініңіз. 

Армандарыңыздың сезіммен біріккен суреті сіздің сана-

сезіміңізге тереңірек еніп, сіздің мақсатыңызды шындыққа 

айналдыру үшін, сіздің барлық ақыл-ой күштеріңіздің 

тәулігіне 24 сағат жұмыс істеуіне әсер етеді. 

  

3- жаттығу 



  

Міне, тағы бір жаттығу. Мұны мен өзімнің сабақтарымда 

үйретемін, бұл жаттығу менің өмірімді өзгертті. 

Өзіңізге 100-150 теңгеге бір жазу кітапшасын не блокнот 

сатыпалыңыз. Сосын ертеңнен бастап күнде таңертең 

ұйқыдан тұрған кезде басқа істерді бастамас бұрын 

блокнотты ашыңыз да, жоғарғы жағына бүгінгі күнді 

жазыңыз. Сосын 10 мақсатыңызды жазыңыз. Оларды осы 

шақпен және нақты түрде жазу керек. Аллдыңғы беттерге 

үңілмеңіз, бұрын не жазғаныңызға ешқашан қарамаңыз, жәй 

ғана әр күні жаңадан 10 мақсатыңызды жазсаңыз болды. 

Бірінші кезде мақсаттар ұқсас келеді. Екіншісінде мақсаттар 

артықшылығына қарай орындары ауысады, үшіншіде 

мақсаттардың орны тағы да ауысады. Мұны аптадан аптаға 

дейін жалғастыра беріңіз. Бірінші айдың аяғында сіз 

бастапқыда жазып жүрген кейбір мақсаттарыңызды жазуды 

тоқтатқаныңызды байқайсыз. Сонымен бірге, кейбір 

мақсаттарыңызды сол бұрынғы сөздермен жалғастырып күн 

сайын жазып отыруды байқайсыз. Мен әр күні өзімнің 10 

мақсатымды жазып жүрдім. Саяхатқа шыққан кездерімде 

блокнотымды өзіммен бірге жолға алып шығып, жазуды 

жалғастыра беретінмін. Мен сіздерге уәде беремін, егер 




мақсаттарыңызды күнделікті жазып жүретін болсаңыздар, 

сіздің өміріңіз тіпті, қазір ойыңызға келмейтіндей өзгереді. 

Нәтижесінде қатты таңқаласыз. Сіз өз өміріңіздің, өзіңіздің 

қалаған бағытыңызға қарай тез-тез жылжи бастағанына көз 

жеткізесіз. Сіз бұрынғыданда жақсы түсінетін боласыз, 

сізде жаңа ойлар пайда бола бастайды. Сезімталдығыңыз 

артады. Футболдағы допты иемденген спортшы бар 

ойынның орталығы болғаны сияқты сіздің негізгі 

мақсатыңыз да допты ұстап тұрушы болады. Негізгі 

мақсатпен жұмыс істей отырып, сіз басқа мақсаттарда да 

жетістіктерге жете бастайсыз. Бір уақыттарда сіз ол 

мақсаттарға да жетесіз, сол кезде тізіміңіз де азаяды. Бұдан 

кейін жаңа парақ алып, жаңа мақсаттарыңызды жазасыз. 

Күніге 10 мақсат жазыңыз. Егер сіз мұны бүгіннен бастап 

күнсайын бір ай бойына жасайтын болсаңыз, сіздің 

ойыңызға да келмеген соншалықты көп жұмыстарды жасап, 

көп нәрселерге қол жеткізетініңізге кепілдік беремін. 

Адамдар сіздің мүлдем басқа адамға айналғаныңызды 

байқайды. Сіздің күш-қуатыңыз, дәлелдеріңіз, 

құлшынысыңыз және өзіңізге деген сеніміңіз артады. Сіздің 

қарағаныңыз барынша нақты, ал, қол қысуыңыз барынша 

мықты болады. Таңертең ұйқыдан сергек және жеңіл 

тұрасыз. 

Мақсаттардың тізімін жасап, олармен жұмыс істеу 

сіздіңөміріңізді өзгертеді. 

  

  



  

ҚОРЫТЫНДЫ 

  



Мақсаттарыңыз қандай болса да, оған тұрақтылықпен ден 

қою арқылы жету керек. Қандай жағдай болса да мақсатқа 

қарай талпынуды тоқтатпауға алдын ала шешім 

қабылдаңыз. Талай мәрте мақсатыңызды қайта қарап 

шығуға, жаңадан жоспар құруға тура келуі мүмкін. Мүмкін 

сізге 10-шы ретте дұрыс шығу үшін бір нәрсені 9 рет байқап 

көру керек болар. Негізгісі — қандай жағдай болса да 

әрекетті тоқтатпаймын деп, өзіңізге алдын ала шешім 

қабылдаңыз, сөзберіңіз. 

Сіз Energezer батарейкаларының жарнамасындағы қояндар 

сияқты қозғалуыңызды жалғастырасыз. Сіз алға қарай 

жылжи бересіз, жылжи бересіз. Егер сіздің жоспарыңыз 

толығымен іске аспай қалса, өзіңізге қайтадан сұрақ қоясыз, 

басынан аяғына дейін қайта ойластырып, жоспарларыңызды 

қайта жазып, бәрін қайтадан бастайсыз. 

Әр күні өзіңіздің негізгі мақсатыңызға септігі тиетін бірдеңе 

жасайсыз. Әрдайым өзіңізді дұрыс бағытқа келтіріп 

отырып, өзіңізге: 

«Мен жеңілмеймін. Мен мұны істей аламын. Мен ойыма 

келгеннің бәрін іске асыра аламын» дегенді айтасыз. 

Есіңізде болсын, ұлы мақсаттарға қатысты болмай қалды 

деген түсінік жоқ. Тек қана қарсы жауап беру бар. Қарсы 

нәтиже — ол да нәтиже. Кез келген табысты адам мақсатқа 

жету жолында қайта-қайта қателеседі. Ол өмірден сабақ 

алады, егер үнемі әрекетте болмаса ол оған жолықпас еді. 

Ештеңе істемейтін адам ғана өмірде қателеспейді. 

Жеткен нәтижелеріңіз кейде бастапқыда ойлағаныңыздан 

әлдеқайда басқаша болып шығуы мүмкін. Ерте ме, кеш пе, 

адамдар тұрақты ештеңе жоқ екенін, жағдай кез келген 

уақытта өзгеруі мүмкін екенін түсінеді. Ал, енді оның қалай 

өзгеретіні сізге байланысты. 



Бұл кітапта берілген ойлар олар әмбебап, оларды қайта-

қайта тәжірибеден өткізу қажет. Және ең алдымен, 

істейтініңіз — өзіңіздің өмірдегі ең маңызды үш 

мақсатыңызды жазу. Сосын блокнотыңызды алып, әр күні 

ең маңызды 10 мақсатыңызды жазып отырасыз. Ал, одан 

кейін поштамен не e-mail-мен маған хат жазасыз. Мен 

дүние жүзінен 

«Осы 10 мақсат әдісі менің өмірімді толығымен өзгертті» 

деген мыңдаған хаттар аламын. Мен сізден де осыған ұқсас 

хат аламын деп сенемін. 




Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет