Айналым құралы ретінде ақша тауар алмасу, мәмілені іске асыруда көмекші болып табылады. Барлығы ақшамен сатып алынады және ақшаға сатылады.
Төлем құралының функциясы ақшаны мерзімі кейінге қалдырылған төлемдерді (салықтарды төлеу, қарыздарды төлеу, табыстарды алу) төлеу үшін қолдануда көрінеді.
Ақша құндылық қорлары болып келеді, себебі олар құндылыққа ие болатын қаржы активтері болып табылады.
Есеп бірліктері ақшаның барлық тауарлар мен қызметтер құндылықтарының өлшеуіштері болып табылатынын білдіреді. Масса кгмен, қашықтық метрмен, сұйықтың көлемі литрмен өлшенетін болса құндылық осылайша белгілі бір – ақша мөлшерімен өлшенеді.
Ақша теориясында үш негізгі бағыт бөліп көрсетіледі:
Ақшаның
номиналистік
теориясы
Ақшаның
металдық
теориясы
Ақшаның
сандық
теориясы
Ақшаның метал теориясы ХV- ХVІІ ғ.ғ. ерте кезеңдерінде, яғни капиталдың алғашқы қорлану дәуірінде қалыптасқан. Оның аса танымал өкілдері Англияда- У. Стенфорд, Т.Мэн, Д.Норе, Францияда-А.Монкеретьен болды. Олар ақшаны қоғам байлығымен, яғни асыл тастар- алтын және күміспен теңестіріп, бүлінуіне қарсы шықты. Сонымен қатар, олар нағыз байлық- табиғатынан шын мәнісінде ақша болып табылатын тек алтын мен күміс деп есептеді. Бұл ақша теориясы фитишизмге жатады, себебі ақшаны алтын мен күміске теңеп, тауар шаруашылығындағы ақшада адамдардың өндірістік қатынастарын назардан тыс қалдырады.
ХVІІ-ХVІІІ ғ.ғ. ақшаның номиналистік теориясы өкілдері ағылшын ғалымдары ДЖ.Беркли мен Дж.Стюарт, А.Смит болып табылады. Бұл теория ақша айналымынды құнсыз монеталар қаптап кеткен кезде қалыптасты.Бұл ғалымдар ақшаны мемлекет жасайды деп және оның бағасы атаулы құнмен және ақша болып табылатын баға масштабымен анықталады деп есептеген. Олар ақшаны тек техникалық ауыстырудың таза құралы деп қарастырып, оның құндылық табиғатын толық теріске шығарды.
Ақшаның сандық теориясы ХVІ ғ. пайда болды, ол тауарлық құн деңгейі мен ақшаның құны айналымдағы санына байланысты деп түсіндіреді. Бұл жорамалды француз Жан Боден ойлап тапты. Оның пайымдауынша, Батыс Еуропада тауардың қымбаттауына бағалы металдардың көп әкеліне бастауы әсерін тигізді, сол себепті, бұл жағдай ақша санының көбеюіне әкеліп соқты, ақша санымен тауардың бағасы да өсті.
20-30 жылдары ақшаның сандық теориясының тұрақсыздығы белгілі болады, сөйтіп олардың өкілдерінің ойынша ақшаның айналыс жылдамдығының өзгеріссіз болады деген пікірлері орындалмай, керісінше ақшаның айналыс жылдамдығы күрт өзгере бастайды. Бірақ 1960-1980 жылдары ақшаның сандықтеориясы саяси экономиядағы неоклассикалық ағымдардың бірі — монтеризм түрінде қайта туады.
Монетаристік теория 50 жылдардың ортасында АҚШ-та «чикаго мектебі» ретінде қалыптасып, оның негізін қалаушы М. Фридмен болды. Оның ойынша кездейсоқ тауарлы шарушылық нарықтық бәсеке тетіктері (мехнизмдері) мен баға белгілеудің іс-әрекетіне негізделген ерекше ішкі тұрақтылыққа байланысты. Бұл теорияның жақтаушылары шаруашылық «үдерістерге мемелекеттің араласуының қажеттігі туралы» кейнстік тұжырымдардың қарсыластары болып табылады.
Монетаризм 70 жылдары үкіметтік ұйымдардың оны стагфляциямен күресте пайдаланғандықтан кеңінен тарайды және ол экономиканы ақша-несиелік реттеудің мемлекеттік бағдарламаларының теориялық негізіне айналады.
Ұлыбритания, АҚШ, Германия және өзге мемлекеттердің үкіметтерінің монетаристік идеяларды тәжірибеде қолдануы инфляциялық үдерістердің тежелуіне ықпал еткенімен, экономикадағы дағдарыстық құбылыстардың дамуына жол беріп, осы елдерде жұмыссыздықтың өсуін ынталандыра түсті.
Қазіргі кезде Қазақстан да осы монетаристік тұжырымдар пайдаланушы елдердің қатарына жатады. Бізде де ондай идеяларды экономиканы ақша-несиелік реттеу барысында қолданып отыр.