Толық құнды ақшалар– номиналдық құны оны дайындауға кеткен нақты құнымен сəйкес келетін ақшалар.
Мұндай ақшаларға металл ақшалар, соның ішінде: мыстан, күмістен жəне алтыннан жасалғандары жатады.
Монета сөзінің шығуын Римдіктердің жүрегі саналатын шіркеу құдайы Юнона-Монета есімімен байланыстырады, яғни сол шіркеуіден берілген ақшалай қаражаттың көмегімен Римдердің эпир ханы Пиррмен соғыста (б.э.д. 275 ж.) жеңіске жеткендігі туралы аңыз бар. “Монета” сөзі латынша “moneo” – “кеңес беремін, көңіліңнен шығамын” дегенді білдіреді.