Жедел бронхиттің диагностикалық белгілері: - 1.Уланудың, риниттің, назофарингиттің белгілері.
- 2.Жөтелдің сипатына қарай: аурудың басталуы кезінде жөтелдің құрғақ болуы, ал бірнеше күннен (4-5) кейін ылғалдыға айналуы.
- 3.Қақырық көбінесе шырышты сипатта болады.
- 4.Тыныс жетіспеушілігінің белгілері болмайды: ентікпе жоқ, қосымша бұлшық ет тыныс алуға қатыспайды, көгеру белгілері болмайды.
- 5. Аускультация кезінде қатаң тыныс естіледі. Сырылдары симметриялы болғанымен, жөтелген кезде өзгереді. Аурудың бастапқы кезінде құрғақ сырылдар болса, кейін ылғалды орташа және ірі көпіршікті сырылдар пайда болады.
- 6.Перкуссия кезінде өкпеде өзгерістер болмайды.
- 7.Гемограммадағы өзгерістер тұрақты емес, эритроциттердің тұну жылдамдылығы (ЭТЖ) жоғарылайды, лейкопения немесе аздап лейкоцитоз болады.
- 8.Кеуде клеткасының рентгенограммасында өкпелік суреттің күшеюі байқалады, өкпе түбірінің көлеңкесі кеңейген, айқын емес болады
Достарыңызбен бөлісу: |