Науқастың реабилитациясы барысында респираторлы және аспаптық физиотерапия, бальнеотерапия, емдік дене шынықтыру, массаж, физикалық жаттығулар, психотерапиялық емдеу әдістері және дәрілік емес заттар
Науқастың реабилитациясы барысында респираторлы және аспаптық физиотерапия, бальнеотерапия, емдік дене шынықтыру, массаж, физикалық жаттығулар, психотерапиялық емдеу әдістері және дәрілік емес заттар кең қолданылуы тиіс.

Реабилитациялық іс-шара кешені
1.Темекі шегуді доғару. 2.Емдік тәртібі — қатаң төсектік тәртіптен жалпы және дене шынықтыруға дейін, оның қарқындылығы біртіндеп және бақылануда ұлғайту 3.Ұтымды тамақтану — құрамы құнарлы баланстандырылған, дәруменге бай және кажет жағдайда жеңілдетілген. 4.Табиғи емдік фактор курортотерапияны қабылдау. Қабылдауға болатын курорттан тыс шаралар (климаттық емдік емшара, минералды сулар, емдік батпақтар), 5.Кинезотерапия (ЕД, массаж, физикалық дайындық). 6.Психотерапия.
Негізгі саногенетикалық тетіктері
1.Тыныс алу жолдарының өткізгіштігін жақсарту; 2.Газалмасуды жақсарту; 3.Иммунды қорғауды ынталандыру; 4.Интоксикацияның төмендеуі; 5.Аллергендер мен полютанттар түсуінің шектелуі; 6.Эндокринді және вегетативті қамтамасыз етудің адекватты қалпына келуі. 7.Тыныс бұлшықеттерінің жұмысын оңтайландыру, ауру сезімталдығын төмендету, нейрореспираторлық драйвты қалыпқа келтіру арқылы тыныс биомеханикасын адекватты қалыптастыру; 8.Репаративтивтік регенерацияны ынталандыру; 9.Психоэмоционалдық реституция; 10.Ілеспелі патологиясымен жағымсыз әсерінің шектелуі.
Респираторлы физиотерапия.Өкпенің вентиляциясының көмекші әдісі ретінде бронхообструктивті синдроммен қосарланып жүрген пневмонияларда қолданады. Олар тыныс алу жолдарының ерте экспираторлы жабылуының алдын алады, мукоциллиарлы клиренсті ынталандырады, коллатеральды вентиляцияны және вентиляционды-перфузионды қатынасты жақсартады. Пневмонияның бүкіл фазаларында қолдануға болады.