Бронхтық астма — бронхтардың өртүрлі тітіркендіргіштерге сезімталдығының күшеюімен жүретін, көрінісі бронхтардың жалпылама ұстамалы обструкциясымен білінетін, тыныс жолдарының созылмалы қабыну ауруы.
Эпидемиология
Соңғы 20-30 жылдың ішінде дүние жүзі бойынша бронх демікпесі жылдан-жылға қатты өсіп келеді.
Көптеген мемлекеттердің үкіметі қабылдаған БДҰ-ның “Бронх демікпесіне глобальды бастама” (1995) атты бағдарламасы бронх демікпесінің дүниежүзілік үлкен проблема екенін көрсетіп отыр.
Дамыған елдерде жүргізілген зерттеулерге сүйенсек бронх демікпесі ересектер арасында 8 , ал балалар арасында 15 құрайды екен.