/// гипоксемиялык, және гиперкапниялык, команың сатысы. "Үнсіз өкпе" көрінісі күшейе түседі, терінің бозғылт-көкшіл түсі қызғылт-көкшілге ауысады. Қанның газдық күрамының ауыр өзгерістері мен респирациялық ацидозға байланысты церебральдік, неврологиялық бүзьшыстар пайда болады, науқас есінен айырьшады. РаСО2 90 мм сын бағ. көтеріледі, РаО2 40 мм сын.бағ. дейін төмендейді.
Астмалық статусқа байланысты өлімнің себептері:
1) Ем көмегі болмағанда тыныс бұзылыстарының күшеюі.
2) Гипоксияның және эуфиллиннің, симпатомиметиктердің кардиотоксиндік әсерінен жүректің тоқтауы.
3) Пневмоторакс, пневмомедиастинум (спонтанды немесе өкпенің жасанды вентиляциясының саддарьшан).
Бронх демікпесін емдеудегі басты шарт
Науқас адамның бронх демікпесінің алғашқы белгілері жайлы хабардар болуы. Сол себепті дәрігердің бірінші міндеті науқас адамның өз ауруы жайлы сауаттылығын ашу болып есептеледі. Науқас адам дәрігер келгенше өз еркімен бронх демікпесі қозу дәрежесінің қай сатысына қарамай ингаляциялы түріндегі қысқа әсерлі b2 – агонистерді қолдана беруі шарт.
Орташа ауыр және ауыр дәрежедегі бронх демікпесінің қозу ағымында алғашқы 2 сағат ішінде бронх кеңітетін дәрілерден пайда болмаса жүйелі корткостероидтарды қабылдау қажет.