Лептоспироз
Лептоспироз-жедел жұқпалы зоонозды ауруы. Ауру науқастың бауырының, бүйрегінің , нерв жүйесінің зақымданып , улануымен және геморрагиялық белгілерімен сипатталады.
Этилология – қоздырғышы
Лептоспирлер – серіппе тәрізді құрылысы күрлелі , грамтеріс,жылжығыш , төменгі температурада төзімді , әсіресе сулы жерлерде айлап сақталады. Жоғарғы температурада , қайнатқанда тез өледі. Зарарсыздандыру ерітінділеріне сезімтал.
Эпидемиялогия – ауру көзі
Ауру көзі – кеміргіштер, үй жануарлары (сиыр, шошқа ), жабайы аңдар (түлкі, ондатрлал), ит, т. б. Олар лептосперді көбінесе зәрімен бөледі де нәтижесінде сыртқы орта, су ластанады. Сондай суды пайдаланғанда, ашық су көздерінде шомылғанда, судың жағасында жалаң аяқ шөппен жүргенде ауру жұғады. Кейде ауру сиырдың сүтін, етін пайдаланғанда да жұғады, онымен көбінесе малмен жұмыс істейтіндер, кәсіби жұмысшылар ауырады.
Патогенезі – аурудың дамуы
Лептоспирлер организмге тері, көздің ауыз – қуысының кілегейлі қабаты арқылы енеді де қанға тарайды, бауыр,бүйректе т. б. тоқтайды , сөйтіп майда қантамырларының эндотелиялары зақымданады, қабынады.
Клиникалық белгілері
Жасырын кезеңі 4 – 12 күнге, ал кейде 20 күнге дейін созылады. Аурудың сарғаятын түрлері кездеседі. Ауру көп жағдайда жедел басталады. Науқас қалтырап, дірілдеп, дене қызуы жоғары көтеріледі 39 – 40С , қызба толқын тәрізді болып келеді. Аурудың басы қатты ауырады, тұла бойын әлсіздік, ұйқысыздықт басады, бұлшық еттері(балтырдың , жотаның, желкенің , мойнының,) ауырады, жүрегі айнып, құсады . Науқастың беті қызарып, ісініп, көзі қызарып, тіпті мойны , кеудесіне дейін қызарады . Сипағанда тері еттері ауырады. Аурудың 3 – 6 күндері аяқ – қолында денесінде әртүрлі бөртпелер пайда болады. Тамағы қызарып, жұтқанда ауруы мүмкін. Бауыры, көк бауыры ісінеді, үлкейеді. Аурудың барлық түрінде бүйрегі қабынады.Пастернацкий белгісі білінеді. Зәрде белок , эритроциттер, лейкоциттер, цилиндрлер болады. Бауырдың, бүйректің қабынуы өрбиді және геморрагиялық белгілердің де пайда болуы мүмкін. Қан шығу , әртүрлі ағзаралдан қан кетуі де ғажап емес. Қан қысымы төмендейді , жүректің соғуы нашарлайды. Жүйке жүйесінің зақымдануына байланысты ұйқысыздық, есінің өзгеруі байқалады, сандырақтау , ал кейде менингиалдық белгілердің орын алуы да мүмкін.
Асқынуы:Ирит, придоциклит, нефрозонефрит, бет нервтерінің зақымдануы, полиневрит.
Диагноз қою
1. Эпидемиологиялық анамінез жинау.
2. Клиникалық белгілеріне қарау.
3. Зертханалық нақтама зерттеулер жүргүзу (оған қанды , зәрді жұлын сұйықтығын алу керек).
Зертханалық зерттеулердің түрлері;микраскопиялық, биологиялық, серологиялық (РПГА).
Емдеу
Науқасты ауруханаға жатқызу. 7 -10 кун төсек тәртібін сақтау. Қоздырғышқа қарсы ем; пеницилин 500.000 тәулігіне 6 рет , немесе гентамицин 0,3г – тәулігіне 4 рет. Олар дене қызуы түскенен кейін 2 – 3 кун өткенге шейін беріледі. Ауыр түрінде лептоспирозға қарсы гамма – глобулин беріледі. Улану белгісіне қарсы сұйықтықтар беріледі. Зәр жүргізетін дәрілер (маннитол) тағайындалады. Ацитозды азайту үшін асқазан ішекті жуады. Анурия болғанда фурасемид беріледі. Бүйректің жетіспеушілігінде гемодиализ қажет болады. Симптомдық ем қолданылып, дәрумендер беріледі.
Аурудың ауыр түрінде көрсетілетін күтү шаралары
Бұлшық еттері қатты ауырғанда жылытқыштар беру. Науқастың қан қысымын , дене қызуын өлшеп, тәуліктік зәрдің мөлшерін анықтау. Дене қызуы төмендегенде дәрігерге хабар беру. Науқас құса бастаса , белі ауырса, зәр бөлінуі азайса, оны жан сақтау бөліміне ауыстыру.
Алдын алу , ошағында індетке қарсы жүргізілетін шаралар
Су коздерін кеміргіштердің , малдын зәрдің ластанудан сақтау , дератизация.
Адамдар суға шомылатын жерді дұрыс анықтап , әсіресе судың басынан , мал ішпейтін жерлерді таңдау.
Шахтыларда, мал соятын жерлерде, ет комбинатында жұмыскерлердің міндетті түрде арнайы киім киюі.
Су алатын жерлерде қажетті құралдарды дұрыс дайындап, дұрыс пайдалану.
Халық арасында санитарлық – ағарту жұмысын жүргізу.
Эпидемиялогиялық жағдайға байланысты егу жұмысын жүргізу. Сонымен қатар жоспар бойынша кәсібіне байланысты арнайы топтарға , малмен жұмыс істейтін адамдарға, балықшыларға, аңшыларға егу жұмысын жүргізу.
Достарыңызбен бөлісу: |