1 .Латентті бруцеллез (біріншілік- жэне екіншілік-).
2.Жедел бруцеллез (жеціл, орташа, ауыр ағымы);
3.Жеделдеу бруцеллез (жеціл, орташа, ауыр ағымы);
4.Біріншілік- жане екіншілік-созылмалы бруцеллез (де-, суб- және компенсация);
5:Өткен бруцеллезден кейінгі қалдықты коріністер.
Біріншілік-латентті бруцеллез - анамнезінде бруцеллез болмаған клиникалық сау адамдарда бруцеллезге қарсы реакциялардың «оң» болуы. Патогенезі бойынша бұл жагдай организмде бруцеллалар болганда дамиды. Екіншіпік-латентті бруцеллез - бүрын айқын бруцеллезбен ауырған клиникалық сау адамда бруцеллездік реакциялардың «оң» болуы.
Жедел бруцеллез – жасырын кезеңі 7-30 кун. Жиі бруцеллез жедел басталады. Клиникалық белгілері токсико-бактериемиялық, жайылмалы инфекциялық көрініспен көрінеді. Олар: жоғары қызбамен, қалтыраумен, тершеңдікпен, полиартронейромиалгиялар, лимфаденопатия, гепато-спленомегалиямен, жалпы улану белгілерімен сипатталатын, бірақ тірек- қимыл аппаратының, жүйке жүйесінің зақымданусыз өтетін аурудың сатысы. Аурудың ұзақтығы 3 айға дейін созылады. Аурудың негізгі белгісі – қызба. Қызбаның сипаты ремиттерлеуші болады. Дене қызуы тәуліктің екінші жартысында айқын қалтыраудан кейін жоғарылайды, сосын терлеумен сипатталып төмендейді. Науқастың жалпы жағдайы қанағаттанарлық болады да дәрігерге қаралмай жүре береді, бірақ бұл жағдай ұзаққа созылса науқас дене салмағын жоғалтады.
Науқасты тексеріп қарағанда лимфа түйіндерді (көбінесе жақ астылық, қолтық астылық, шаптық(, бауырды, көк бауырды анықтауға болады. Лимфа түйіндердің көлемі майда, ауру сезімі болмайды, қоршаған тіндерге жабыспайды.
Жеделдеу бруцеллезге жоғары қызбамен қатар жергілікті инфекциялық-аллергиялық зақымданулар (орхит, артриттер, невриттер т.б.) организмнің арнайы сенсибилизацияның пайда болуы нәтижесінде күшеюі тән. Жеделдеу сатысы созылмалы сатыға бірте-бірте байқаусыз ауысады, сондықтан бүл сатылар арасындағы шекаралар айқын емес. Жеделдеу бруцеллездың созылмалы бруцеллезден айырмашылығы - қалыпты температура кезеңдерінің ұзақ болмауы.
Созылмалы бруцеллез жедел жане жеделдеу бруцеллезден апирексия кезеңдерінің үзақ болуымен, ал латентті бруцеллезден - клиникалық көріністердің болуымен ерекшеленеді.
Екіншілік-созылмалы бруцеллез жедел немесе жеделдеу бруцеллезден кейінгі сатысы.
Біріншілік-созылмалы бруцеллез анамнезінде бүрын жедел бруцеллезбен ауырмаған адамда аурудьщ созылмалы ағымының болуы.
Диагностикасы:
Диагнозы клиникалы-эпидемиологиялық белгілерге және зертханалық мәліметтерге қарап қойылады.
Зертханалық әдістер:
1) бактериологиялық - гемокультура (қызба бойы қан себіледі), жұлын сұйықтығы(менингит кезінде), синовиалды сұйықтық (артриттерде, бурситтерде) алынады;
2) серологилық әдіс
3) антиген, антидене табу үшін иммунды - ферментті анализ әдісі;
4) ПТР
5) аллергиялық әдіс– Бюрне сынамасы.
6) биологиялық (теңіз шошқаларына жұқтыру);
Бактериологиялық диагностика
Бруцеллез диагнозын дұрыстайтын ең негізгі әдіс - ол науқастан бруцелла дақылының бөліп aлy. Brucella сүйек кемігінен, ликвордан, синовиалді сүйықтықтан, лимфа түйінніц пунктатынан, өттен, зәрден, кақырықтан, емшек сүтінен жэне т.б. бөлінуі мүмкін болса да қан бактериологиялық диагностикасында жиі қолданылатын материал болып табылады. Бактериологиялық әдістің тиімділігі көптеген факторларга тэуелді: қоректі ортаның жарамдылыгы, патологиялык материалды алу уақыты мен тасымалдау дүрыстылыгы, микро- жэне макроорганизмнің ерекшелігі.
Серологилық әдіс: Райт және Хедельсон агглютинация реакциясы, комплемент байланыстыру реакциясы (КБР), тура емес гемагглютинация реакциясы, Кумбс реакциясы қойылады.
Райт агглютинация реакциясыныц (АР) жогаргы арнайлыгы бар, бруцеллездіц жедел түрініц ерте кезеңінде және созылмалы түрінің өршу кезінде негізгі диагностикалық әдіс болып табылады. Осы реакцияныц көмегімен антиденелердің динамикасын жэне инфекциялық процестіц сатысын анықтауга болады.
Пассивті гемагглютинация реакциясыныц (ПГАР) АР-га караганда сезімталдығы жоғары. ПГАР антиденелері қалыпында барлық реакциялар «теріс» немесе айқынсыз болғанда да анықталады. Созылмалы бруцеллез кезінде жэне бруцеллездін қалдық көріністерде олар сирек анықталады, бірак агглютининдерге қарағанда жоғары. Адамдарда ПГАРдыц зерттеу нәтижесін бағалау кестесі: титр 1:50 - «әлсіз» реакция, титр 1:100 жэне жогары - «оң» реакция.
Кумбс реакциясыныц арнайлыгы жэне сезімталдылыгы жогары. Бұл реакция толық емес антиденелерді анықтайды. Толық емес антиденелер агглютининдер мен комплементбайланыстырушы антиденелерге қарағанда ерте анықталып ұзак сақталады.
Комплемент байланыстырушы реакция (КБР) қанныц антиген-антидене комплемент кешені қосылысына негізделген болып келдеі. Комплемент байланыстырушы антиденер агглютининдерден кеш пайда болады, бірақ олардан ұзақ сақталады. КБР-ң максималді титрі аурудыц 4 айында пайда болып, 1 жылга дейін сакталады.
Иммуноферментті анализдің - ИФА әдісінің диагностикалық маңыздылығы - толық және толық емес антиденелерін анықтай алады. G, А, М класындағы арнайы антиденелерді анықтау қабілеті бруцелездің әртүрлі түрін дифференциалді диагностикасына әсерін тигізеді.
Аггрегат гемагглютинация реакциясы (АГАР) антигенемияны анықтауга негізделген. Оныц сезімталдыгы әртүрлі жолмен пайда болган антигендердін 0,001 мкг/мл қүрады. Антигенді анықтау әдісі өлген немесе ыдыраған микроорганизмдерді идентификациялауга мүмкіндік береді, ал бүл жагдай антибиотиктерді қабылдаған немесе аурудыц созылмалы кезенінде диагноз қою үшін оте манызды.
Бюрне сынамасы - Сынама бруцелла антигеніне жогары сезімталдылыгы бар организімніц aнтигенді терішілік енгізу кезде жергілікті реакция ретінде жауап беру қабілетіне негізделген. Бюрне сынамасы бруцеллезбен ауырган науқастын организмінде аллергиялық қайта құрылу децгейін анықтау үшін, ол антигенін иммундық жуйемен сонгы асерлесуін корсетеді.
Полимеразды тізбек реакциясы
Бруцелланын идентификациясы үшін полимеразды тізбек реакциясының сезімталдығымен арнайлыгы жогары. ПТР арқылы бруцелланың түрін, биоварын, вакцинді штамдарын идентификациялайды. Анализ жургізу үшін кез-келген биопроба колданылады: кан, биологиялық сұйықтық, жануар сүті. Сарысудыц 23 түрін зерттегенде бір жагдайда гана гемодақыл анықталды, «оң» серологиялық тест - 60%, ал ПТР - 87 %. Және ПТР рецидивтің ерте диагностикасында жэне қабылдаган емнің тиімділігін бақылаганда пайдаланылады.