ҰБТ - 2017 физика тест Кіріспе Бұл оқу құралы жалпы білім беретін мектептердің жоғары сынып оқушыларына арналған. Оқу құралы өз бетінше тест тапсырмаларын орындау мақсатында құрылған. Ұлттық бірыңғай тестілеуде ұсынылатын тапсырмаларды төмендегідей топтарға бөлуге болады: оқушылардың физикалық формулаларды есте сақтау мен өлшем бірліктерін меңгерілуін тексеру; физикалық ұғымдар мен шамалардың мазмұнын түсінуін; логикалық ойлау қабілеттілігін тексеру; қарапайым есептерді шығару дағдысын байқау; әр түрлі физикалық процестердің графиктерін талдау мүмкіншіліктерін тексеру; күрделі физикалық есептерді шығаруда математикалық түрлендірулерді жүргізу қабілеттіліктерін тексеру; физиканың әр түрлі саласынан білімдерін жинақтау. Мақсат-оқушылардың білімдерін арттыруға, қабілеттіліктерін дамытуға көмектесу.Оқу құралы талапкерлерге ұлттық бірыңғай тестке өз бетінше дайындалуға көмек ретінде ұсынылады.