· ЕСІҢІЗДЕ БОЛСЫН: негізгісі – уайымын, үрейін төмендету және баланың сабақ қарауына жағдай жасау. ҰБТ кезіңдегі ата-аналарға кеңес Құрметті ата-аналар! Біз бүгін осы жерге өте маңызды маңызды себеп бойынша жиналып отырмыз. Жақын арада, маусым айында біздің он бірінші сынып оқушыларымыз ҰБТ тапсырады. ҰБТ біздің елімізге осыдан тура он алты жыл бұрын, 2004 жылы енгізілген болатын. Ұлттық бірыңғай тестілеу (ҰБТ) — орта білімнен кейінгі немесе жоғары білім беретін білім беру ұйымдарына түсу емтихандарымен біріктірілетін, жалпы орта білім беру ұйымдарында білім алушыларды қорытынды аттестаттау нысандарының бірі.
Құрметтіата-аналар! Сіздердің назарларыңызға жасөспірімнің тестілеу дайындығы кезеңінде ата-аналардың мінез-құлықтарына қатысты ата-аналарға арналған негізгі психологиялық кеңестер ұсынамын. Ата-аналарға психологиялық көмек көрсету проблемасын психолог мамандардың мұқият зерттегендігін айрықша атап өткім келеді. Әр ата-ананы өз баласының тағдыры толғандыратындығын барлығымыз түсінеміз. Әрбір ата-ана өз баласының өмірі жақсы болғандығын, балаларының дендері сау, бақытты болғандықтарын қалайды.
Психологиялық қолдау– балаңыздың ҰБТ-ны сәтті тапсыруының бірден-бір маңызды факторы. Баланы қалай қолдау керек?
— Оның күшті жақтарына сүйеніңіз.
— Балаңыздың нашар жақтарын бетіне басудан аулақ болыңыз.
— Үйде достық жағдай қалыптастырыңыз.
— Үйде сабақ қарауға ыңғайлы орын дайындаңыз.
— Пән бойынша әртүрлі нұсқадағы тест тапсырмаларын дайындаңыз.
— Балаңызға әр күнге дайындық тақырыбын бөлуге көмектесіңіз.
— Бір уақытта қатал әрі мейірімді болыңыз, бірақ судья рөлінде болмаңыз.
— Балаңызды қолдаңыз, оның уайымдап жүргенін түсінетініңізді көрсетіңіз.
— ҰБТ-ның алдында баланың үрейін жоғарылатпаңыз – бұл нәтиженің
төмендеуіне әкелуі мүмкін.
— Баланың ҰБТ-ға дайындық режимін бақылаңыз.
-Уақытты үнемдеуге үйретіңіз.
— Тамақтануына көңіл бөліңіз: баланың ақыл-ой жұмысы уақытында нәрлі және алуан түрлі тағам қажет.
-Балаңыздың хал-жағдайын бақылаңыз, оның әбден жалығуына жол
бермеңіз.
-Тестілеу алдында балаңыздың толық демалуын қамтамасыз етіңіз.
“ҰБТ-ға байланысты сені не мазалап жүр?” — әңгіме
Тамақтануыңызды қадағалаңыз, жеміс жидектер, сүт, айран ішіңіз.
Дене шынықтыру жаттығулар жасаңыз.
Уақытылы ұйықтаңыз.
Жинақы болыңыз. Ертең жасауға болатын нәрсені, бүгін жасауға асықпаңыз.
Достармен, туысқандардан көмек іздеңіз.
Өз-өзіңізге көп талап қоя бермеңіз. Өз күшіңізге қараңыз.
Өзіңізді ешкіммен салыстырманыз.
Жағдайды құрметтеңіз. Оның барлық оң және теріс жақтарын қабылдаңыз. ҰБТ бұл — біздің білім беру кеңістігіндегі жаңа шындық және бұл фактімен санаспау мүмкін емес. Жағымсыз эмоциялардан аулақ болып, өздеріңіздің күш-жігерлеріңізді жағдайдың оң сәттеріне барынша толығымен бағыттаңыз.
Егер бала көп күш-жігер жұмсап, тырысатын болса, мақтаудан аянып қалмаңыз. Тіпті ҰБТ жоғары бағамен аяқталмаған болса да, бала өз ата-анасы үшін оның ыждағаты мен табысты болуға деген ниеті маңызды екенін білуі тиіс. Өз балаңыздың табысын, басқа балалардың табыстарымен салыстырмаңыз! Оның жеке жеңістеріне, кешегіге қарағанда, бүгінгі істерін жақсы жасағанына назар аударған жөн. Ең жоғарғы ұпайға тым масаттанып, төмен ұпайға қатты ренжуге болмайды.
Балаңызды мейірлене құшақтауда сараңдық жасамаңыз! Балаңызды құшақтаңыз – физикалық байланыс тыныштандырудың сенімді құралы болып табылады; Белгілі американдық отбасылық психолог Вирджиния Сатир: “Баланың жай ғана өмір сүруі үшін күніне төрт рет, ал дұрыс дамуы үшін, — он екі рет құшақтау керек”,-деп жазған.
Құрметті ата-аналар! Сіздерге және балаларыңызға тек қана жетістіктер тілейміз!