Ұбт-ға даярлаудағы тиімді әдістері өскемен 2015



бет2/15
Дата14.12.2021
өлшемі3,49 Mb.
#127121
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15
Байланысты:
ҰБТ

АЛҒЫ СӨЗ
Жалпы білім беретін мектептердің түлектерін ҰБТ арқылы аттестациялау және оларды жоғарғы оқу орындарына түсуге дайындау мектеп ұжымдарын, жеке пән мұғалімдерін үлкен жауапкершілікке міндеттейді. Пәнді оқытудың жаңа әдістерін, тиімді тәсілдерін іздеуге итермелейді. Қазіргі кезде әлемде тестік тапсырмалар арқылы білім сапасы мен деңгейін тексеру жаңа технологиялар қатарына жатқызылады. Тестілеу әдісі көптеген дамыған елдерде қазіргі білімнің ажырамас бөлігіне айналған оқушының дайындық деңгейін және жалпы білім сапасын болжаудың тиімді құралы ретінде пайдаланылады. Сондықтан да оқушылардың білімінің мемлекеттік стандарт талаптарына сәйкестігін бақылауды ұйымдастырудың бір түрі- тестік бақылау жүйесі.

ҰБТ жалпы орта білім беру жүйесіндегі білім беру сапасының нақты көрінісіне айналып, мектеп бітіруші оқушылардың мемлекеттік білім беру стандартын меңгеруін объективті бағалауға қол жеткізеді. Пән бойынша алған білімдерін ҰБТ кезінде тиімді қолданып, жоғары көрсеткіш көрсетуге ұмтылдырады. ҰБТ-оқушы білімінің қорытынды көрсеткіші ғана емес, өз таңдауы бойынша болашақ мамандық иесінің кепілі болып табылады.

ҰБТ-ға дайындық кезінде қойылатын талаптар:
1. Білім берудің сапасын арттыру;
2.Сапалы білім беру жүйесін құру;
3.Жеке адамның өз құқықтары мен міндеттеріне саналы көз қарасын қалыптастыру;
4.Әлемдік және отандық мәдениеттің жетістіктеріне баулу;

Ұсынылып отырған әдістемелік нұсқаулықта тест тапсырмаларының мазмұны Мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартының талаптарына сай, жалпы орта білім берудің оқу бағдарламасы негізінде жасалған. Тапсырмалар түрлі сипатта, ашық, жабық тест типті сұрақтар, биологиялық және химиялық тапсырмалар, есептерді шығару жолдары, тараулар бойынша тест сұрақтары және оқушыларды ҰБТ-ға дайындаудың тиімді әдіс тәсілдері берілген.

Химия және биология пәні бойынша ұсынылған тест тапсырмаларының мазмұны қамтиды:

  • Қоршаған орта мен табиғаттың заңдылықтарын;

  • Химия, биология ғылымдарының әдістері, деректер, ұғымдары, номенклатурасы, заңдары мен теориялары туралы білімдері мен танымдық қабілеттерінің қалыптасу деңгейін тексеруге көмектеседі.

КІРІСПЕ

Қазақстан Республикасының білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы – білім беру процесінің барлық қатысушыларының үздік білім беру ресурстары мен технологияларына тең қол жеткізуін қамтамасыз етуді көздейді.

Қазіргі кезде елдің бәсекеге қабілеттілігі оның азаматтарының парасаттылығымен анықталады, сондықтан білім беру жүйесі болашақтың талабына сәйкес дамуы тиіс. Қазақстан Республикасының Ғылым және Білім министрлігі соңғы кезде оқыту мен оқушылар білімін тексеруде жаңа технологияны іздеп, енгізуге көп көңіл бөліп келеді. Химия пәні оқушының таным белсенділігін арттыратын, өзіндік ізденісін қалыптастыратын, логикалық ойын жетілдіруге мүмкіндік беретін, күнделікті тіршілік етуге қажетті химиялық білім мен білікті саралауды қажет етеді. Қазіргі педагогикалық практикада тестер өте жиі пайдаланып келеді. Оларды қолдану аясы да күннен күнге ұлғайып барады. Оқушылардың бір пәннің бір тақырыбынан ғана алған білімін тексеруден бастап, мектеп пәндерінің барлығынан да жаппай осы тест жүргізу әдісіне көшуге бет бұрып келеміз. Тестер мен олардың айналасындағы материалдар тек ғылымдар зерттеуіне ғана өзекті материал болып қалмай, оқу процесіне жаңа педагогикалық және ақпараттық тәсілдер мен технологияларды енгізу мақсатында білім жүйесін басқару органдарын да қызықтыра бастады.

Тест - оқушының білімін, іскерлігі мен дағдысын тексерудің немесе оқушы білімінің белгілі бір сапалық қасиеті бар-жоғын тексерудің ерекше формасы болып табылады. Химия пәні бойынша ұсынылып отырған тест тапсырмаларының мазмұны органикалық және бастапқы химия бойынша алған білімдерін тексереді.
Орта мектеп мұғалімдері тест тапсырмаларын оқу барысында оқушы білімін бақылауға пайдалана алады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет