Тестілеуден өту кезінде навигация түймелерімен сұрақтарды ауыстыра отырып, сіз кез-келген тізбектілікте сұрақтарға жауап бере аласыз. Сұрақтарға жауапты, жауаптың жаңа нұсқасын таңдап өзгертуге болады.
Сіз барлық сұрақтарға жауап беріп болғаннан кейін, жауап нұсқасын енді өзгерткіңіз келмесе және Сіздің тестілеу уақытыңыз бітпеген болса, онда тестілеуді аяқтау үшін Аяқтау түймесін басыңыз. Тестілеудің аяқталғанын растайтын терезе пайда болады.
3-сурет. – Тестілеудің аяқталуын растайтын терезе
Егер Сіз тестілеуді әлі аяқтағыңыз келмесе, онда Болдырмау батырмасын басыңыз, сонда Сіз сұрақтарға жауап беруді жалғастыра аласыз. Тестілеу аяқталған соң, тестілеу нәтижесі шығарылады.
4-сурет. – Тестілеу нәтижелері бар бет
Егер Сіз тест сұрақтарына қалай жауп бергеніңізді көргіңіз келсе, онда 3-суретте берілген терезеде мынадай жол бар: «Сіз сұрақтардың дұрыс жауаптарын мына жерден көре аласыз>>>». Сондағы «мына жерде>>>» сілтесін басып, Сіз 4-суретте берілген бетке ауысасыз. Сіз аталған беттен қандай сұраққа қалай жауап бергеніңізді көре аласыз. Егер Сіз сұрақтарға қалай жауап бергеніңізді қарағыңыз келмесе, онда «Терезені жабу» батырмасын басыңыз.
5-сурет. – Тест сұрақтарына берілген жауаптар нәтижелері
Егер тест аяқталған соң, Internet бойынша байланыстың жұмыс істемеуі салдарынан деректер берілген кезде қателік болатын болса, онда қателік туралы мәліметі бар төмендегідей терезе пайда болады. Бұл жағдайда Сізге Internet бойынша байланысты тексеріп, сонан соң «Деректерді жіберу» батырмасын қайтадан басу қажет. Деректер дұрыс жіберілген жағдайда 4-суреттегідей терезе пайда болады.
6-сурет. – Деректерді жіберу кезіндегі қателіктер терезесі
Достарыңызбен бөлісу: |