Бу Турбинасы будың потенциалдық энергиясын кинетикалық энергияға, одан кейін оны айналушы біліктің механикалық энергиясына түрлендіретін турбина



Дата19.12.2022
өлшемі15,93 Kb.
#163361
Байланысты:
Бу Турбинасы


Бу Турбинасы — будың потенциалдық энергиясын кинетикалық энергияға, одан кейін оны айналушы біліктің механикалық энергиясына түрлендіретін турбина. Бу Турбинасы — жылу электр стансасындағы (ЖЭС) электр генераторларын қозғалысқа келтіретін негізгі қозғалтқыш. Бу Турбинасы бу машинасына қарағанда анағұрлым ықшам, қолдануға ыңғайлы әрі тиімді және параметрі жоғары буды пайдалануға, таза конденсат алуға, сондай-ақ, электр энергиясын өндірумен қатар тұтынушыларға параметрлері әр түрлі бу беруге мүмкіндік береді. Барлық дерлік Бу Турбиналары көп сатылы болып келеді. Бу Турбинасы активті турбина (1-сурет) және реактивті турбина (2-сурет) болып ажыратылады. Активті турбинада жылу энергиясының едәуір мөлшерін бір сатының көлемінде механикалық энергияға айналдыруға болады. Сондықтан мұнда турбина сатыларының саны аздау болып келеді де, ауқымы кішірек, ал таза реактивті турбинада сатылар саны көп болады да, нәтижесінде ол ауқымды (көлемді) болып келеді. Сондықтан экономикалық тұрғыдан алғанда өндірісте құрама турбиналар жиі қолданылады. Бұларда жоғары қысымда активті блок, ал төмен қысымда реактивті блок жұмыс істейді. Бу Турбиналары орнықты (конденсациялық турбиналар, жылуландыру турбиналары, т.б.) және көліктік (кемелік) түрлерге бөлінеді. Конденсациялық Бу Турбинасында будың жұмыстық циклі конденсаторда (бу шықтандырғышта) аяқталады. Оның негізгі артықшылықтарының бірі — жеке бір қондырғыдан үлкен қуат (1200 МВт-қа дейін және одан да артық) алу мүмкіндігінің барлығы. Сондықтан барлық жылу және атом электр станцияларында электр генераторларының жетегі ретінде конденсациялық Бу Турбинасы қолданылады. Сонымен бірге оларды кемелердің негізгі қозғалтқыштары, ортадан тепкіш домналық ауа үрлеуіштердің, компрессорлардың және сораптардың, т.б. жетегі ретінде де пайдаланады. Жылуландыру Бу Турбинасынан параметрлері реттелінетін бу алынады немесе қарсы қысыммен жұмыс істейді (конденсаторы болмайды), ал оның турбинасының сатыларынан бұрып алынған бу жылуландыру мақсаттарына пайдаланылады. Қазақстанның ірі жылу электр орталықтарында (ғ3 Павлодар ЖЭО; ғ2, ғ3 Қарағанды ЖЭО) бірлік қуаттары 100, 110, 135 МВт-тық жылуландыру Бу Турбиналары орнатылған. Сонымен қатар республикамыздың ірі жылу электр ст-ларында (конденсациялық) бірлік қуаты 200 — 500 МВт (мыс., Тараз ЖЭС-інде 200 МВт, Ақсу ЖЭС-інде 300 МВт, Екібастұз ЖЭС-інде 500 МВт), айналу жиілігі 3000 айн./мин, буының қысымы 35 МПа, температурасы 540ӘС болатын Б.т-лары жұмыс істейді.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет