Бухгалтерік есеп принциптері пєні бойынша тест с±раќтары



Дата30.12.2021
өлшемі81 Kb.
#106722
Байланысты:
Өткен тақырыптар бойынша тест тапсырмасы


Өткен тақырыптар бойынша тест сұрақтары



  1. Ұйымдардың мүліктік жағдайын есептеу үшін қандай өлшем түрлері қолданылады

  1. Натуралды, ақшалай және еңбек өлшемі;

  2. Ақшалай және заттай өлшем;

  3. Өзіндік құн өлшемі, есептегі баға;

  4. Ақшалай өлшем;

  5. Натуралды өлшем.




  1. Бухгалтерлік есеп ақпараттарын пайдаланушылар:

  1. Ішкі пайдаланушылар (мекеме басшылары, меншік иелері, т.б.) және сыртқы пайдаланушылар (инвесторлар, несиелендірушілер, т.б.);

  2. Мемлекеттік органдар;

  3. Банктер, салық органдары;

  4. Менеджерлер, қоюшылар, сатыпалушылар;

  5. Еңбеккерлер, банктер.




  1. Есеп жүйесінің түрлері қандай?

  1. Сауда саласындағы;

  2. Кіші бизнесте қолданылатын есеп;

  3. Бухгалтерлік, статистикалық, оперативтік;

  4. Басқару есебі;

  5. Ауылшаруашылығындағы есеп.




  1. Бухгалтерлік есептің ерекшелігі неде?

  1. Ақпараттардың өз уақытында дер кезінде орындалуы;

  2. Басқарушыларға ақпараттар дайындау;

  3. Бірімен-бірі байланысқан сандық және сапалық көрсеткіштер дайындау;

  4. Үздіксіз және қатаң түрде құжаттау;

  5. Барлық шаруашылық операцияларды тексеріп отыру.

5. Бухгалтерлік есеп счеттарын ашу деп

1) счеттарға бастапқы қалдықты (сальдо) жазуды;

2) екі жақты жазу принципі мен операцияларды тіркейді;

3) счеттың дебеттік және кредиттік жақтарына операцияларды жазуды;

4) айдың соңына қалдық (сальдо) шығаруды

5) счеттарда жинақтар шығаруды айтамыз



  1. Ұйымдардың міндеттемелері дегеніміз:

  1. Мақсаты шараларды қаржыландыру үшін заңды және жеке тұлғалардан т.б. алынған қарыздарды осы ұйымның кіріске алып, түбінде қайтарып беру жөніндегі міндеттеме;

  2. Міндеттеме алушы жақ, міндеттеме беруші жаққа ақша мен мүліктерді қандай санамен қайтаратындығы жөніндегі құжаттар;

  3. Қоюшы және мердегерлердің алдындағы міндеттемесі;

  4. Ұйымдардың несиеге сатып алған тауарлары, қарыз ақшалар;

  5. Ұлттық және шетелдік валюталар.



  1. Ең әуелі бухгалтерлік «кредит» термині қай елде пайда болды?

  1. Рим

  2. Орта ғасырдағы Италияда

  3. Ертедегі Мысырда.

  4. Қытайда

  5. Египетте.




  1. Ұйымдардағы «Активтер» дегеніміз не?




  1. Шаруашылық қаражаттары;

  2. Қорлану көздері;

  3. Тауарлы – материалды босалқылар;

  4. Ақша қаражаттары;

  5. Жарғылық капитал мен Банк несиелері.




  1. Активтер қандай көздерден қалыптасады?




  1. Қоюшы мердегерлерден;

  2. Акционерлерден, міндеттемелерден, алынған дайындардан;

  3. Инвестициялардан;

  4. Міндеттемелерден;

  5. Сатылған дайын өнімдерден, тауарлардан.




  1. Ақшалай өлшеммен өлшенетін капитал мен міндеттемелер жөніндегі белігілі бір мерзімге жасалатын қорытындылығы –

1) Бухгалтерлік баланс;

2) Бухгалтерлік счеттар жүйесі;


  1. Екі жақты жазу принципі;

  2. Бағалау принципі;

  3. Қаржылық қорытынды есеп – дейміз.


  1. Баланстың активі қандай ресурстардан құралды?




  1. 1) Материалды емес активтерден, негізгі құралдардан, акционерлік капиталдан, ақша қаражаттарынан;

  2. 2) Қаржылық инвестициядан, тауарлы материалды босалқылардан, ақша қаражаттарынан;

  3. 3) Материалды емес активтерден, негізгі құралдардан, инвестициялардан, берешек қарыздардан, тауарлы - материалды құндылықтардан, ақша қаражаттарынан, алдағы кезең шығындарынан;

  4. Міндеттемелерден, меншікті капиталдан;

  5. Жарғылық капиталдан, резервтік капиталдан, несиелерден, алынған аванстардан.




  1. Баланстың пассиві қандай көздерден қалыптасады?

1)Материалды емес активтер, негізгі құралдар, қоюшылармен есеп айырсу, жарғылық капитал, ақша қаражаттарынан;

2) Негізгі құралдар, тауарлы – материалды құндылықтар, ақша қаражаттары, бөлінбеген табыс;

3) Материалды емес активтер, негізгі құралдар, инвестициялар, дайын өнімдер, тауарлар, ақша қаражаттары, несиелер;

4) Жарғылық капитал, қосымша төленген және төленбеген капитал, бөлінбеген табыс, ұзақ және қысқа мерзімді несиелерден алашақтар қарызынан, алынған аванстардан;

5) Дұрыс жауабы жоқ..

13. Бухгалтерлік баланс жүйесінің элементтеріне қайсысы жатады?


  1. Құжаттар – бухгалтерлік есеп счеттары баланс;

  2. Бухгалтерлік есеп счеттары – баланс;

  3. Бухгалтерлік есеп регистрлері – бухгалтерлік счеттар – баланс;

  4. Екі жақтылық – бухгалтерлік счеттар – баланс;

  5. Бастапқы құжаттар – баланс – екі жақты жазу.

14. «Бөлінбеген пайда» бабы баланстың қай жағына орналасқан.




  1. Пассивтің капитал бөлімінде;

  2. Пайда баланстың пассивінде, зиян активінде;

  3. Пайда баланстың активінде, зиян пассивінде;

  4. Ағымдағы активтер бөлімінде;

  5. Пассивтегі міндеттемелер бөлімінде.

15. Баланстың қай бөлімінде «Ағымдағы активтер» орналасқан?




  1. Баланстың активінде;

  2. Баланстың пассивінде;

  3. Міндеттемелер бөлімінде;

  4. Меншікті капитал бөлімінде;

  5. Міндеттемелер және капитал бөлімінде.

16. Бухгалтерлік негізгі теңдеу:



  1. Активтер= міндеттемелер + капитал;

  2. Активтер= ұзақ мерзімді міндеттемелер + меншікті капитал;

  3. Ағымдағы активтер + ағымдағы міндеттемелер = капитал;

  4. Ұзақ мерзімді активтер + ұзақ мерзімді міндеттемелер = капитал;

  5. Активтер = капитал.

17. Бухгалтерлік есеп счеттарының құрылымы қалай сипатталады?

1) Қалдықтар, дебет, кредит және айналымдар сомасы;

2) Екі жақты кесте, сол жағы-актив, оң жағы –пассив;

3) Екі жақты кесте, сол жағы-«дебет», оң –жағы «кредит»;

4) Бастапқы құжаттар, ведомостер;

5) Мүліктер және міндеттемелер.
18. Екі жақты жазу деп:


  1. Есеп объектілерін топтастыру мен счеттарға жазу;

  2. Активтер мен пассивтер қозғалысын тексеру;

  3. Шаруашылық фактілері мазмұнын екі жақты жазу;

  4. Бухгалтерлік есеп мәліметтерін жинақтау;

  5. Дұрыс жауабы жоқ.




  1. Активті счеттардағы «Дебеттің» мәнін сипаттаңыз:

  1. Бастапқы қалдық, счеттар айналымының көбейуі және соңғы қалдық;

  2. Активтер сомасының азайуы «Дебет» ;

  3. Активтер соммасының кобеюі «Дебет»;

  4. «Дебет» тілінен аударғанда «Ол тиісті» ;

  5. Дұрыс жауабы жоқ ;




  1. Пассивті счеттарда соңғы қалдықты қалай анықтайды?

1) Бастапқы кредиттік қалдыққа, кредиттік айналым сомасын қосып, дебеттік айналымын шегереміз, алынған соңғы қалдықты кредитке жазамыз;

2) Кредиттік айналым сомасынан дебеттік айналым сомасын шегереміз;

3) Дебеттік айналым сомасынан кредиттік айналым сомасын шегереміз;

4) Бастапқы қалдық қосылған кредиттік айналым;

5) Бастапқы қалдық қосылған дебеттік айналым, шегерілген кредиттік айналым.


  1. Екі жақты жазу мына төмендегі өзара байланысты көрсетуге арналған:

1) счеттар мен баланс;

2) счеттар мен айналым ведомості;

3) Бірінші және екінші тәртіптегі счеттар;

4) счеттарды көрсету;

5) бастапқы қалдық пен соңғы қалдық.
22. Активті счеттардағы қалдық нөлге тең болады, егер:

1) Есепте кезең ішінде счеттарға жазылатын жазулар болмаған жағдайда;

2) Бастапқы дебеттік қалдық пен дебеттік айналым сомасының жинағы кредиттік айналым сомасымен бірдей болған жағдайда;

3) Дебеттік және кредиттік айналым сомалары бірдей болған жағдайда;

4) Бастапқы дебеттік қалдық пен кредиттік айналым сомасы бірдей болғанда;

5) Дұрыс жауабы жоқ.


23. Синтетикалық жинақтаушы счеттар бойынша айналым ведомосінің негізінде:

1) Журналдар;

2) Бас кітап;

3) Бухгалтерлік баланс;

4) Қорытынды есеп үлгісі жасалынады.
24. «Ұйым қызметкерлеріне кассадан берілген еңбекақы». Қандай жазу дұрыс?

1) Дт 3350 Кт 1010;

2) Дт 3311 Кт 1010;

3) Дт 1010 Кт 1250;

4) Дт 1010 Кт 3350;

5) Дт 3350 Кт 1050.


25. Төмендегі шаруашылық операциясына қандай бухгалтерлік жазу беріледі?

«Банктердегі ағымдағы шоттарға банктің ұзақ мерзімді несиесі алынды»

1) Дт 1040 Кт 4010;

2) Дт 1010 Кт 4010 ;

3) Дт 2910 Кт 1010 ;

4) Дт 1050 Кт 4010 ;

5) Дт 4050 Кт 1040 .
26. Негізгі өндіріс қажетіне пайдаланылған отындар (мұнай өнімдері)?

1) Дт 8011 Кт 1313 «отындар» (Мұнай өнімдері);

2) Дт 8010 Кт 1311 «Материалдар»;

3) Дт 8310 Кт 1313 «Отындар»;

4) Дт 7210 Кт 1313 «Материалдарды дайындау»;

5) Дт 8041 Кт 1313 «Отындар».


27. Қоюшы мердігерлерден материалдар алынды бірақ есеп айырсу операциясы орындалған жоқ

1) Дт 1310 Кт 3310;

2) Дт 1311 Кт 1211 ;

3) Дт 3310 Кт 1040 ;

4) Дт 1311 Кт 3410 ;

5) Дт 1311 Кт 3390.


28. Төменде берілгендердің қайсысы ұзақ мерзімді активтерге жатады

1-жер;


2-машиналар мен жабдықтар;

3-тауарлы-материалды қосалқылар;

4-ғимараттар мен құрылғылар;

5-материалды емес активтер;

6-бітпеген өндіріс;

7-басқалай негізгі құралдар.

1) 1, 2, 4, 5, 7

2) 1, 2, 3, 4, 5

3) 2, 4, 6, 7

4) 1, 3, 5, 7

29. Активтік счеттарға түсінік беріңіз

1) шаруашылық қаражаттарының қозғалысы мен нақты қолда барын есептейді, дебитінде - қалдық және көбеюі, ал кредитінде азаюы көрсетіледі;

2) олар шаруашылық қаражаттарының қолда барын және қозғалысын есепке алады;

3) активті қаражаттардың қорлану көздерін есепке алады;

4) активтің баптарын есептейді;

5) пассивтік баптарын есепке алып, бақылайды.


30. Пассивтік счеттар дегеніміз?

1) баланстың оң жағына жазылатын міндеттемелер мен меншікті капиталдың есебін жүргізуге арналған. Олардың кредиті - бастапқы қалдық, айналымының көбеюі, дебет азаюын көрсетеді;

2) шаруашылық мүліктердің есебін жүргізуге;

3) қорлану көздерінің есебін жүргізуге;



4) меншікті қор көздерінің есебін жүргізуге;

5) жарғылық капиталдың есебін жүргізуге арналған счеттарды айтамыз.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет