«Бухгалтерлік есеп және аудит»


Аталған пән бойынша курстық жұмыс жазылмайды



бет2/7
Дата24.02.2020
өлшемі1,44 Mb.
#58962
1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
1С Бухгалтерия каз
6. Дәріс кешені, PR-технологиялар

12. Аталған пән бойынша курстық жұмыс жазылмайды
13. Негізгі және қосымша әдебиеттер тізімі
Негізгі әдебиеттер тізімі:

  1. 1С: Бухгалтерия предприятия 8.1 [Текст] : практическое пособие / ред. Н. В. Селищев. - 3-е изд. - М. : КНОРУС, 2012. - 368 с.

  2. Чистов Д. В. Основы компьютерной бухгалтерии. Учебный практикум по ведению бухгалтерского учета в 1С: Бухгалтерии№ Москва 2002 ж.

  3. Умнов Э.А., Чистов Д. В. Бухгалтерский учет на персональной ЭВМ. Учебный практикум по ведению бухгалтерского учета в «1С: Бухгалтерии». Москва 2004 ж.

  4. Фигурнов В., Давыдова В., Нуралиева С., Постнова С. 1С: Бухгалтерия – проф для WINDOWS .

  5. Васючков Е. Ф., Гамодская Л. Е. Практическое пособие «Бухгалтерский учет с 1С: Бухгалтерией 7.7», Алматы, Раритет 2002 ж.

  6. Васючков Е. Ф. Индивидуальный предприниматель+1С7.7. - Алматы : 2006.

  7. Сұлтанбекова, А. О. Бизнестегі қазіргі заманғы ақпараттық технологиялар - Алматы : Экономика, 2009 ж.

  8. Таттибаев, К. М. 1С Предприятие 7.7 Казахстанская стандартная версия: учеб. пособие / К. М. Таттибаев. - Алматы : 2005г.

Қосымша әдебиеттер тізімі

  1. Журнал «Бухгалтер плюс компьютер», 2009-2010 ж.ж.

  2. Васючков Е. Ф., Сапа Т. И. «1С: Предприятие 7.7., 8.0 Бухгалтерский учет для Казахстана» Самаоучитель, Алматы 2007 ж.

  3. Руководство пользователя по «1С: Предприятия» версия 7.7 Москва 2001 г. Фирма 1С.

  4. Таттибаев К. М. «1С: Бухгалтерия с МСФО для Казахстана», Алматы 2009 ж.

Интернет ресурстар:

  1. http//www.1C.ru – тегін көшіру, өз бетінше үйрену.

  2. http//www.arkit.ru – Конференция материалдары

  3. http//www.buh.com – 1C: оқулықтар, рефераттар, лекциялық материалдар



14.САБ сұрақтары


  1. «1C: Бухгалтериясының» типтік конфигурациясында қандай журналдардың түрі қарастырылған:

  2. Шоттар Жоспарын қалай баспаға жіберуге болады?

  3. Шоттар Жоспарынан керекті шот нөмірін қалай тез іздеп табуға болады:

  4. Проводкаларды қосу/сөндіру қандай перненің көмегімен орындалады:

  5. Шоттар Жоспарындағы «Субконто 1... Субконто 5» бағаналары нені білдіреді?

  6. Есеп жүргізуде қолданылатын валюталар қандай анықтамалықтар арқылы енгізіледі?

  7. Валюталар анықтамалығы мынандай бағаналардан тұрады:

  8. Негізгі құралдар қандай анықтамалыққа енгізіледі ?

  9. Негізгі құралдардың тозу кұны қай жерде есептелінеді ?

  10. 1C: Бухгалтерия программасынан шығу мына пернелердің көмегімен орындалады:

  11. 1C: Бухгалтерия программасы жайлы қысқаша ақпарат мына командалардың көмегімен орындалады:

  12. 1C: Бухгалтерия программасында әр есеп бөлімі бойынша қысқаша ақпарат мына командалардың көмегімен орындалады:

  13. Проводкаларды тексеру мына пернелердің көмегімен орындалады:

  14. Бухгалтерлік балансты қай жерден көруге болады ?

  15. Шоттарды талдау дегеніміз не?

  16. Қалдықтарды енгізу барысында қандай қателер кетуі мүмкін?

  17. Қызмет көрсетушілердің деректері (реквизиттері) қандай анықтамалыққа енгізіледі:

  18. Шоттар Жоспарындағы «Заб» бағанасы нені білдіреді

  19. Шоттар Жоспарындагы «Вал» бағанасы нені білдіреді

  20. Шоттар Жоспарындағы «Кол» бағанасы нені білдіреді

  21. Операциялар Журналының соңына бірден көшу мына перне арқылы орындалады

  22. Операциялар Журналын баспаға қалай беруге болады ?

  23. 1C: Бухгалтерия программасында бір деректер қорымен бір уақытта қанша бухгалтер жұмыс істей алады ?

  24. Операциялар Журналындағы проводкаларға өткен (алдынғы) күні бойынша жылжу

  25. Алдыңғы деңгейдегі топқа өту

  26. Топтан топқа орын ауыстыру

  27. Тізімдерді атауы бойынша реттеу мына пернелердің қосындысы арқылы орындалады

  28. Тізімдерді коды бойынша реттеу мына пернелердің қосындысы арқылы орындалады

  29. Тізімдерді деректемелері бойынша реттеу мына пернелердің қосындысы арқылы орындалады

  30. «Көріну аралығы» мына командалар арқылы орындалады

  31. «Көріну аралығы» қай жерге қойылады ?

  32. Қалдықтардың дұрыстығын тексеру ережелері

  33. 1C: Бухгалтерия программасының негізгі деректер қоры

  34. 2010 жылдьщ 1 қаңтарына сатып алушылардан түсетін ақша қаражаттарын қалдық ретінде шоттарда көрсетіңіз

  35. 2010 жылдың 1 қаңтарына кредиторлық борыштарды қалдық ретінде шоттарда көрсетіціз

  36. 2010 жылдың 1 қаңтарына Жанар май қоймасындағы 600 литр бензинді қалдық ретінде шоттарда көрсетіңіз

  37. 2010 жылдың 1 қаңтарына Көлік құралына есептелінген тозу құнын қалдық ретінде шоттарда көрсетіңіз

  38. Тізімдегі (анықтамалықтардағы, журналдардағы) жазуларды жою

  39. Тізімдегі (анықтамалықтардағы, журналдардағы) жазуларды жоюға белгілеу мына пернелер арқылы орындалады

  40. Тізімдегі (анықтамалықтарға, журналдардарға) жаңа жазулар енгізу мына пернелер арқылы орындалады

  41. Тізімдегі қайталанатын жазуларды көшіру үшін мына пернелер қолданылады

  42. 1C: Бухгалтерия программасындағы операциялар журналының атқаратын қызметі

  43. Операциялар журналының параметрлерін қою

  44. Бухгалтерлік операцияларды журналға енгізудің қанша тәсілі бар?

  45. Проводкалар журналының форматы (қандай бағаналардан тұрады):

  46. Сандық есеп жүргізу белгісі қандай және ол қай жерге қойылады

  47. Есептік кезең үшін нәтижені есептеу мына төмендегі командалардың көмегімен орындалады:

  48. Қалдықты енгізбес бұрын орындалатын амалдар:

  49. Қалдықтың дұрыстығы кай жерде тексеріледі:

  50. Операциялар журналындағы проводкаларға келесі күні бойынша жылжу:

  51. Операциялар журналындағы құжаттарға өткен (алдынғы) күні бойынша жылжу:

  52. Опреациялар журналындағы құжаттарға келесі күні бойынша жылжу:

  53. «Шрифті» таңдау режимі қай жерде орналасқан:

  54. Операциялар журналынан проводкаларды, кұжаттарды жою үшін 1C: Бухгалтерия программасын мына режимде орындау керек:

  55. Проводкалардың дұрыстығын тексеру анықтамалығының атқаратын қызметі:

  56. Субконто түрлері дегеніміз не?

  57. Жаңа топ мына пернелер арқылы орындалады:

  58. Келесі деңгейдегі топқа өту:

  59. Операциялар журналынан құжаттарды атауы бойынша іздеу мына пернелердің қосындысы арқылы орындалады;

  60. Конфигурациядан деректерді қалпына келтіру мына командалардың көмегімен орындалады:

  61. Ай немесе тоқсан сайын айналымдар мен қалдықтарды алуға арналған стандартты құжат

  62. Нәтижелердің күнінің өзектілігін қою және нәтижелерді сақтаудың жаңа кезеңін ашу командасы

  63. 1С: Бухгалтериядағы бухгалтерлік нәтижелер жүйесін басқару командасы

  64. Көрсетілген кезең аралығындағы бастапкы қалдық, кіріс жэне шығыс, сонымен бірге қалдықтар бойынша талдамалы ақпаратты мына стандартты есеп беру аркылы көруге болады

  65. Проводкалардың дұрыстығын қай жерде тексереді ?

  66. 1C: Бухгалтерия программасы жасалған

  67. «Жұмыс кезеңі» қай жерде қойылады ?

  68. Қалдық үшін «Жұмыс күні» қай жерде қойылады ?

  69. Қалдықтар қай жерге және қалай енгізіледі'?

  70. Валюталық есеп жүргізу белгісі қай жерге қойылады

  71. Субконто анықтамалықтары шоттармен қай жерде байланыстырылады ?

  72. Операциялар журналына өту мына пернелердің көмегімен орындалады

  73. Тұрақтылар анықтамалығына қандай деректер енгізіледі ?

  74. Кәсіпорынның деректемелері (реквизиттері) қандай анықтамалыққа енгізіледі ?

  75. Кәсіпорын деректемелерін (реквизиттерін) енгізу қандай анықтамалық арқылы

  76. орындалады ?

  77. Деректерді сақтау мына командалардың көмегімен орындалады:

  78. Есеп беру кезеңінің (ай, тоқсан) сонында мына шоттар бөлімшесінің қайсысы жабылады ?

  79. Есеп беру кезеңінің (ай. тоқсан) соңында 6000, 7000, 8000 шоттар бөлімшесі қандай шоттармен жабылады ?

  80. 1C: Бухгалтерия программасында бір деректер қорымен бір уақытта

  81. 2010 жылдьщ 1 қаңтарына сатып алушылардан түсетін ақша қаражаттарын қалдық ретінде шоттарда көрсетіңіз

  82. 2010 жылдың 1 қаңтарына кредиторлық борыштарды қалдық ретінде шоттарда көрсетіціз

  83. 2010 жылдың 1 қаңтарына Жанар май қоймасындағы 600 литр бензинді қалдық ретінде шоттарда көрсетіңіз

  84. 2010 жылдың 1 қаңтарына Көлік құралына есептелінген тозу құнын қалдық ретінде шоттарда көрсетіңіз


2 САБ сұрақтары


  1.  Жабдықтаушылармен аванстық есеп айырысу мына құжат арқылы жүргізіледі:

  2. Материалдардың түсіуі мына құжат арқылы жүргізіледі:

  3. Басқа да бірлестіктер тарапынан қызмет көрсету мына кұжаттар арқылы жүргізіледі:

  4. «1C: Бухгалтериясының» типтік конфигурациясында қандай журналдардың түрі қарастырылған:

  5. Проводкаларды қосу/сөндіру қандай перненің көмегімен орындалады:

  6. Есеп беру кезедін жабу қай жерде орындалады?

  7. Бір немесе бірнеше проводкалардан тұратын, бір шаруашылық операциясына тиісті шаблон - бұл:

  8. Құжаттардың деректемелері (реквизиттері) дегеніміз не?

  9. Құжаттың өзгеріп отыратын бөлігі - бұл:

  10. Аванстық есеп беру құжаты қандай жагдайларда қолданылады ?

  11. Аванстық есептің Тақырып бөліміне қандай деректемелер көрсетіледі?

  12. Аванстық есептің Кесте бөліміне қандай деректемелер көрсетіледі?

  13. Негізгі қүралдардың тозу құнын қай жерде есептейді ?

  14. 1C: Бухгалтерия программасы жайлы қысқаша ақпарат мына командалардың көмегімен орындалады:

  15. 1C: Бухгалтерия программасында әр есеп бөлімі бойынша қысқаша ақпарат мына командалардың көмегімен орындалады:

  16. Типтік операциямен жұмыс мынандай 2 этапта жүргізіледі:

  17. Өткізіліп қойылған құжаттардың күнін калай өзгертуге болады ?

  18. Қосымша құжаттарды мына пернелердің көмегімен ашуға болады:

  19. Типтік операцияны көшіру мына пернелердің көмегімен орындалады:

  20. 1C: Бухгалтерия программасында Калькуляторды мына пернелердің көмегімен шақыруға болады:

  21. Кәсіпорын кассасынан қызметкерлерге еңбекақы төлеу кезінде Шығыс кассалық ордеріндегі «Приложение» деректемесіне мыналар көрсетіледі:

  22. Кәсіпорын кассасынан қызметкерлерге қолма қол ақша берілген жағдайда Шығыс кассалық ордеріндегі «По документу» деректемесіне мына ақпараттар жазылады:

  23. Кіріс кассалық ордеріндегі «Основание» деректемесіне мына деректер жазылады:

  24. Кәсіпорын кассасына сатып алушылардан колма - қол ақша келіп түскенде Кіріс кассалык ордеріндегі «корр.счет» деректемесіне мына шоттар көрсетіледі:

  25. Кәсіпорын кассасына есеп беруші тұлға ақша өткізгенде Кіріс кассалық ордеріндегі «корр.счет» деректемесіне мына шоттар көрсетіледі:

  26. Есеп айырысу шотындағы ақша қаражаттарының қалдығын қандай құжат көрсетеді:

  27. Кассадағы ақша қаражаттарының қалдығын қандай құжат көрсетеді:

  28. Құжат арқылы күрылған проводкаларды қалай көруге болады ?

  29. Кассалық кітапшаны құру мына командалар көмегімен орындалады:

  30. Типтік операцияны журналға жазғанда

  31. Қандай режимде журналдарды жеке - жеке көру үшін бірнеше нөмірге бөлуге болады:

  32. Типтік операция тізімі мына келесі бағаналардан тұүрады:

  33. Материалдар есебін қай жерден көруге болады ?

  34. 1C: Бухгалтерия деректерімен диаграмма жасауға бола ма ?

  35. Жабдықтаушылармен қолма-кол есеп айырысу қай құжат арқылы жүргізіледі:

  36. Жабдықтаушылармен қолма-қолсыз (аудару арқылы) есеп айырысу қай құжат арқылы жүргізіледі:

  37. Сатыпалушылардан қолма-қол ақша түсу мына құжат арқылы жүргізіледі:

  38. Анализ счета дегеніміз

  39. Типтік операциялар дегеніміз не?

  40. Еңбекақы төлеуге есеп айырысу шотынан кассаға ақша түсіру келесі құжаттар арқылы жүргізіледі:

  41. Көрсеткен қызметтері үшін қолма-қол ақша төлеу мына құжат бойынша жүргізіледі:

  42. Ертеректе сатып алынған материалдар үшін колма-қолсыз есеп айырысу мына құжат арқылы жүргізіледі:

  43. Кассадан еңбекақы төлеу мынау құжат арқылы жүргізіледі:

  44. Материалдык құндылықтарды жабдықтаушылардан қабылдап алу үшін кәсіпорын қызметкеріне берілетін құжат:

  45. Бюджетке жеке табыс салығын төлеу мына құжат арқылы жүргізіледі:

  46. Бюджетке жеке табыс салығын төлеуде құжаттағы «корр.счет» деректемесіне мына шот көрсетіледі:

  47. Еңбекақы есептегенде құжатка мына шот көрсетіледі:

  48. Кассадан еңбекақы төлеу барысында құжатта «корр счет» деректемесіне мына шот көрсетіледі

  49. Негізгі қүралдарды кірістеу мына құжат арқылы жүргізіледі:

  50. Материалдық емес активтерді кірістеу мына құжат арқылы жүргізіледі:

  51. Дайын өнім «Номенклатура» анықтамалыгын баспаға (печать) қалай беруге болады?

  52. Операциялар Журналының соңына бірден көшу мына перне арқылы орындалады

  53. Шот — фактура қандай жағдайда қолданылады ?

  54. Мына төмендегі шығару құжаттарының қайсысы стандартты есеп беру кұжаттарына жатады ?

  55. Есеп беру кезеңінің (ай, тоқсап) сонында мына шоттар бөлімшесінің қайсысы жабылады ?

  56. Есеп беру кезеңінің (ай, тоқсан) соңында 6000, 7000, 8000 шоттар бөлімшесі қандай шоттармен жабылады ?

  57. Қосымша кұжаттарды қай жерден көруге болады ?

  58. Операциялар Журналын баспаға қалай беруге болады ?

  59. 1C: Бухгалтерия программасында бір деректер қорымен бір уақытта қанша бухгалтер жұмыс істей алады ?

  60. Типтік операцияны қолдану реті

  61. Типтік операция шаблонын құрудын мағанасы неде ?

  62. Типтік операцияны құру реті

  63. Шахматка дегеніміз:

  64. Шоттар айналымы (бас кітап) дегеніміз:

  65. Операциялар журналынан проводкаларды, құжаттарды жою үшін 1C: Бухгалтерия программасын мына режимде орындау керек:

  66. «Управление бухгалтерскими итогами» режимінің атқаратын қызметі:

  67. «Управление оперативными итогами» режимінің атқаратын қызметі:

  68. Операциялар жайлы бөлшектемелі (детальный) ақпаратты қандай стандартты есептеме береді ?

  69. Көрсетілген кезең аралығында басқа да шоттар бойьшша жиынтық айналымды мына стандартты есептеме арқылы көруге болады

  70. Көрсетілген кезең аралығындағы бастапқы қалдық, кіріс жэне шығыс, сонымен бірге соңғы калдықтарды мына стандартты есептеме арқылы көруге болады

  71. Контрагенттер арасында өзара есептесу мына құжат арқылы жүргізіледі

  72. Көрсетілген кезең аралығында шоттар аралық айналымды кесте түрінде көрсететін стандартты кұжат

  73. 1C: Бухгалтерия программасында есеп берулердің (отчеттардың) қанша түрі бар ?

  74. Касса кітапшасы есеп берудің қай түріне жатады

  75. Салық органдарына есеп берулерге мыналар жатады

  76. Есеп беретін түлғаның есеп беру құжаты:

  77. Кәсіпорынның өзінің банктегі шотынан кассаға қолма-қол ақша түсіру мына құжат арқылы жүргізіледі:

  78. Конфигурациядан деректерді қалпына келтіру мына командалардың көмегімен орындалады:

  79. Ай немесе тоқсан сайын айналымдар мен қалдықтарды алуға арналған стандартты құжат

  80. Нәтижелердің күнінің өзектілігін қою жэне нәтижелерді сақтаудың жаңа кезеңін ашу командасы

  81. 1C: Бухгалтериядагы бухгалтерлік нәтижелер жүйесін басқару командасы

  82. Көрсетілген кезең аралығындағы бастапқы қалдық, кіріс жэне шығыс, сонымен бірге қалдықтар бойынша талдамалы ақпаратты мына стандартты есеп беру арқылы көруге болады

  83. Көрсетілген кезең аралығындағы есеп беруші түлғамен есеп айырысу бойынша жиынтық ақпаратты мына стандартты есеп беру арқылы көруге болады

  84. Еңбекақы төлеу мына құжат арқылы жүргізіледі

  85. Құжаттарды нөмірі бойынша іздеу мына пернелердің қосындысы арқылы

  86. Тауарларды, өнімдерді жөнелту мына құжат арқылы жүргізіледі

  87. Материалдардың түсуі мына құжат арқылы жүргізіледі

  88. Материалдық құндылықтар қалдығын көрсетіңіз

  89. Кассадан кеткен қолма — қол ақша мына құжат арқылы жүргізіледі


15. Ағымдағы үлгерімді бақылауда студенттердің оқу дәрежесі әр орындаған тапсырмасына қарай 100 баллдық шкаламен бағаланады (сабақтағы жауаптары, үй жұмысын тапсыру, студенттің өзіндік жұмысы (СӨЖ), аралық бақылау) және ағымдағы үлгерімді бақылаудың соңғы қорытындылары академиялық кезеңде алған бағаларының арифметикалық ортасын есептеу бойынша жүргізіледі.
15.1. Студенттің рейтингін қою шкаласы




Бақылау түрі

Апта

Жиыны

2

3

4

5

6

7

8

1 САБ

1

Дәрістік сабақтар

*

*

*

*

*

*

*

-

2

Тәжірибелік сабақтар

*

*

*

*

*

*

*

-

3

СОӨЖ

*

*

*

*

*

*

*

-

4

СӨЖ



















*

-

Жиыны






















0-100%






Бақылау түрі

Апта

Жиыны

9

10

11

12

13

14

15

САБ 2

1

Дәрістік сабақтар

*

*

*

*

*

*

*

-

2

Тәжірибелік сабақтар

*

*

*

*

*

*

*

-

3

СОӨЖ

*

*

*

*

*

*

*

-

4

Курстық жұмыс (СӨЖ)
















*




-

Жиыны






















  1. 100%

* білім алушының әрбір оқу жұмысының бағалануы қарастырылған; академиялық кезеңнің 8 және 14 аптасында СӨЖ бір мезгілде қойылады; курстық жұмыс (қарастырылса) СӨЖ-дің тапсырмасы және ол екінші САБ –ның 14 аптасында қойылады, осы жағдайда СӨЖ 9 және 14 апталар кезеңінде ПОӘК-де жоспарланбайды.


15.2. Жиынтық бағаны есептеу

Пәннің жиынтық пайызды бағалау төменде көрсеткен формуламен анықталады:


ЖБ% = Р1+Р2 *0,6+Е*0,4

2

Мұнда:



Р1- 1-рейтингтің пайыздық бағасы;

Р2- 2- рейтингтің пайыздық бағасы;

Е – емтиханның пайыздық бағасы (емтихан- тест)

15.3. Төмендегідей көрсетілген жүйе бойынша оқушылардың білімі мен

біліктілігі және үлгерімділігі бағаланады:



Өтежақсы


А

А-


95-100%

90-94 %


4 балл

3,67балл


жақсы

В+

В

В-



85-89%

80-84%


75-79%

3,33 балл

3,0 балл


2,67 балл

Қанағаттанарлық

С+

С

С-



Д+

Д


70-74 %

65-59 %


60-64 %

55-59 %


50-54 %

2,33 балл

2,0 балл


1,67 балл

1,33 балл

1,0 балл


Қанағаттанарлықсыз

F

0-49 %

0 балл


15.4 Академиялық тәртіп саясаты
Академиялық тәртіп саясаты оқытушымен анықталады. Білім алушылардың академиялық тәртіптерін бағалау келесі позициялар анықтау мүмкін: сабаққа кешігіп келуі, сабақ кезінде ұялы телефонмен сөйлескені үшін, тәжірибелік сабаққа жақсы қатысқаны үшін, басқа да критерилері оқытушымен анықталатын.





Баға қою критериясы

Балл саны

1.

Сабаққа кешігіп келуі

-5

2.

Сабақ кезінде ұялы телефонмен сөйлескені үшін

-5

3.

Тәжірибелік сабаққа жақсы қатысқаны үшін

+10

4.

Басқа да критерилер:

-5 – -10

Т. Рысқұлов атындағы Қазақ экономикалық университеті


«Есеп және статистика» факультеті
«Бухгалтерлік есеп және аудит» кафедрасы

Д ә р і с К Е Ш Е Н І

«1SВ 3221 1С Бухгалтерия» пәні бойынша
«5B050800 Есеп және аудит» мамандығы

Алматы, 2013 ж.



Дәріс-1. Программаның негізгі мүмкіндіктері мен қағидалары
Лекция мақсаты: 1С:Бухгалтерия программасының мүмкіндіктері мен қағидаларын студенттерге таныстыру.
Дәріс сұрақтар:

1. Қазақстанда қолданылатын бухгалтерлік программаларға жалпы шолу

2. 1С:Бухгалтерия программасының негізгі түсініктері және оның атқаратын қызметі.
ҚАЗАҚСТАНДА ҚОЛДАНЫЛАТЫН БУХГАЛТЕРЛІК ПРОГРАММАЛАРҒА ЖАЛПЫ ШОЛУ
Дербес ЭЕМ-нің дамуына байланысты кәсіпорындарда бухгалтерлік есеп жүйесін автоматтандыру 90-жылдардан бастап есептеу орталығынан, жүйені автоматтандыру бөлімдерінен тікелей бухгалтердің жұмыс орнына берілді. Содан бері бухгаптерлік есеп, қазіргі экономика жағдайында кәсіпорындардың барлық меншік формалары мен мөлшерлерінің қаржы-шаруашылык, қызметі жайлы ақпараттарын тіркеудегі, өңдеудегі және сақтаудағы кәделі экономикалық пән болып отыр. Қазіргі кезде қазақстандық, шетелдік, ресейлік фирмалар ірі және шағын кәсіпорындарға бағытталған ең озық үлгідегі жаңа технологияға негізделіп жасалған кешендік бухгалтерлік программаларды ұсынуда. Мұндай өнімдерді жасаушы фирмалар АйТи, Галактика, Диц ІС:, Парус, Информатика, Инфрософт, Инфин, Инэк, КомТех+, Ланкс, ЛокИС, Цефей, Никос-софт, Гарант, Консультант, Кодекс және басқалар әр түрлі кәсіпорындарға арналған талдау мүмкіндіктері мол кешендік бухгалтерлік программалар жасауға зор көңіл бөлуде. Мұндай программаларға 1994 жылдан бастап дамыған: ЛУКА-ПРО, ГАЛАКТИКА, 1С: Бухгалтерия, ТСВ БУХГАЛТЕРИЯ, SОlOМОN 4, Алтын, (ВЕ-2), Турбо Бухгялтер, КОМТЕХ және тағы басқалар жатады.

Кез келген кәсіпорында бухгалтерлік есепті автоматтандыру, онда бухгалтерлік программалар жүйесін жасау деген сөз. Қазіргі уақытта сондай программалық жүйелерді жасауда, кәсіпорынның өз күшімен программалық кешендер жасау емес, автоматтадыру мәселелерін тиімді шешетін дайын программалық өнімдерді сатып алуда. Алайда осындай программалар кәсіпорынның барлық ерекшеліктерін (қызмет аясын, ұйымының көлемін, автоматтандыруға қойылатын талаптарды) қанағаттандыра алмайды, сондықтан олар параметрлік икемге келтіру үшін үлкен резервпен жасалады және программаның негізгі сипаттамаларын кеңінен түрлендіруге қосымша мүмкіндіктер береді. Осыған байланысты программалық кешенді нақты жұмыс жағдайына бейімдеу қажеттілігі туады.

Бухгалтерлік программалардың құрылымы икемді және ашық жүйелі болуы керек. Бұл бухгалтерлік есеп саласында болатын өзгерістерге байланысты кез келген уақытта үлгіге (бухгалтерлік формаға) өзгеріс енгізе алады деген сөз. Бұл талаптар автоматтандырылатын объектілердің қатаң параметрленуі және модульдік принцип бойынша іске асырылады.

Икемді түрге келтірудің біреселігі (ендіру сәтіне), жүйедегі пайдаланушылардың санын, физикалық құрылғылардың ерекшеліктері мен құрамын, қызмет көрсету барысында технологиялық ерекшеліктерін, сонымен қатар бухгалтерлік технологияның өзгеруін қамтамасыз етеді. Бухгалтерлік технологиялардың өзгеруіне байланысты (шоттар жоспары және баланс құру алгоритмінің өзгеруі) икемді күйге келтіру ағымдағы болуы мүмкін, мұндай жағдайда оны бухгалтердің өзі жасай алады.

Икемді күйге келтіру спекторына байланысты кәсіпорындағы программалық өнімнің бейімделуі және енгізілуі 1-2 айдан 3 жылға дейін, кейде менюді күйге келтіру, есеп беру формасын жасаудан бастап мүлдем жаңа программалық модуль жасауға дейін өзгереді. Жүйені икемді күйге келтіруді шартты түрде келесі жұмыс мезетіне бөлуге болады:



  • Кәсіпорында қолданылатын шоттар жоспарын құру;

  • Талдамалы есеп жүргізуді ұйымдастыру;

  • Бастапқы қалдықтарды енгізу;

  • Алғашқы құжаттар жиынтығымен қамтамасыз ету;

  • Керекті бухгалтерлік проводкаларды құру;

  • Стандартты емес есеп беру үлгілерін құру.

Қазіргі кезде әртүрлі меншік формаларындағы кәсіпорындарда бухгалтерлік есеп жүргізу деректерді компьютерлік өңдеусіз тиімділігі шамалы, сондықтан жаңа технологиялар негізінде бухгалтерлік программалар жасау жұмысының үлкен мәні бар.

Бухгалтерлік есепті автоматтандыруға арналған ақпараттық жүйелерді шартты түрде үш топқа бөлуге болады:



  • мини –жүйелер;

  • шағын және орта кәсіпорындарға арналған әр жақты (әмбебап) жүйелер;

  • ірі кәсіпорындарға бағытталған кешендік жүйелер.

Мини-жүйелер айналымы шағын және жүйенің жұмыс істеу мүмкіндігіне қойылатын талаптары жоғары емес кәсіпорындарға арналған. Бұл жүйелерге БАС БУХГАЛТЕР, 1С:БУХГАЛТЕРИЯ және тағы басқалар жатады. Әр жақты (әмбебап) жүйелер терең талданыммен сипатталады және олар бухгалтерлік есептің барлық бөлігінде жүргізіледі. Мұндай жүйелерге ЛУКА-ПРО, 1С:ПРЕДПРИЯТИЕ, тсв бухгалтерия, ПАРУС, Турбо Бухгалтер ЖАТАДЫ.

Ірі кәсіпорындарға бағытталған ірі кешендік программалар мен жүйелер, жергілікті есептеу желісі мен есептің белгілі бір бөлігіне бағытталған: Негізгі құралдар, Банктік операциялар, Касса, Жалақы, Материалдар, Қойма және тағы басқа осы сияқты ЖОА-ның жиынтығын береді.

Мұндай жүйелердің сипаттық белгілері деректерді басқару және өңдеу құралының, сонымен қатар енгізу және шығару формаларының көзі болып табьылады. Ондай жүйелерге ЛУКА-ПРО,ИНТЕГРАТОР, БОСС 1.0., RS- баланс, СУПЕР МЕНЕДЖЕР және тағы басқалар жатады.

Енді осы бухгалтерлік программалардың кейбіреуіне шолу жасайық.



«Турбо Бухгалтер» жүйесі.

Программа банк және касса операцияларын, жалақы есептеу, негізгі құралдар және материалдық емес активтер есебін, тауарлы-материалдық қорлар есебін автоматтандыруға, сонымен қатар жинақтау, талдау, сандық және көпвалюталы есеп жүргізуге мүмкіндік береді.



«Турбо Бухгалтер 6.5» алғашқы бухгалтерлік құжаттар құруға, сақтауға және ішкі есептемелерді (қалдық-айналым ведомосын, шахматканы, бас кітап тағы басқалар) баспаға шығару мүмкіндіктері бар.

Жүйенің ашықтығы сонда оны кейінгі өзгерістерге байланысты пайдаланушы өз бетінше икемді күйге келтіре алады.

Программаны жұмысқа қосу барысында пайдаланушылардың әртүрлі санатына (категориясына) арналған бес модификациясы жасалған.


  • Лайт – кіші және орта кәсіпорындарға арналған меңгеруге оңай бухгалтерлік программа.

  • Негізгі (Базовая) – валютаның бір түрімен есеп жүргізетін кіші және орта кәсіпорындарға арналған кешендік программа.

  • Соло – орта және ірі кәсіпорындардың бухгалтерлік есебін автоматтандыруға арналған программа.

  • Желілік версия – бірнеше пайдаланушылардың бірнеше жұмыс орнымен бір деректер базасы арқылы жұмыс істеуге мүмкіндік беретін желілік программа.



«Турбо Бухгалтер 6.5-ке» қосымша ішкі жүйелер:

«Еңбекақы» модулі

Бұл кез келген меншіктегі кәсіпорын үшін еңбекақыны есептеуге және кадр жұмысын жүргізуге арналған кәделі программадан тұратын ішкі жүйе.

Бұл жүйе есеп айырысу-төлем құжаттарын және тағы да басқа салық органдарына тапсыратын құжатарды автоматты түрде құрады.

«Негізгі құрал» модулі.

Нақты объекті бойынша негізгі құралды кіріске алу және пайдалануға беру, негізгі құралдардың қозғалысын, негізгі құралдың шығынын, қайта бағалау және тағы басқаларға байланысты егжей-тегжейліесеп жүргізеді.

«Салық төлеуші» модулі.

Программа мемлекеттік салық инспекциясына нақты тұлғаның табысы туралы ақпарат, сонымен бірге зейнетақы қорына талап етілетін үлгіде мәліметтерді магниттік жинағыштарда дайындап береді. Жүйенің жұмыс істеу мүмкіндігі:



  • есеп беру құжаттарын қолмен құру;

  • есеп беру құжаттароын автоматты түрде құру.

«Сауда және қойма» модулі

Жүйе көтерме сауда және ұсақ көтерме сауда, өткізу бөлімі мен өндірістік кәсіпорындарды жабдықтау және қызмет көрсету саласына арналған. Жүйе сауда және қойма қызметіне байланысты мынадай

Бухгалтерлік операцияларды автоматтандыруға арналған:


  • тауарлар қозғалысының есебі (сату, сатып алу, қабылдау, босату, ішкі қозғалысы, түгендеу, есептен шығару);

  • қоймадағы тауар қалдығының орташа бағасы, Фифо әдістері бойынша бағалау;

  • сатуға берілген тауарлар есебі;

  • тауарлы-материалдық құндылықтарға берілетін тапсырыс есебі;

  • тауарлар қозғалысына байланысты банкілік және кассалық операцияларды жүргізу;

  • өндіріске материалдарды жіберу (босату) және өндірілген өнім есебі.

Жүйеде сауда қызметіне талдау және бақылау жасау мүмкіндіктері бар:

  • сатып алушылар мен жабдықтаушылар бойынша бақылау және талдау жасау;

  • сату көлемін талдау;

  • пайда мен шығынды талдау;

  • ақша қаражатының қалдығын, тауарлар қорын талдау.

«ЛУКА-ПРО» жүйесі. Қазақстандық ПЛЮСМИКРО фирмасы жасаған «ЛУКА-ПРО» жүйесі әртүрлі ауқымдағы кәсіпорындар есебін автоматтандыруға арналған.

«ЛУКА-ПРО»-ның көмегімен кез келген деректерді өңдеуге болады. Мұндай программаның басқаруымен: жалақы, кадрлар есебі, шаруашылық қызметін талдау есептері жүргізіледі.

«ЛУКА-ПРО» жүйесінде талдамалы есеп жүргізу картоткалар көмегімен ұйымдастырылады. Кәсіпорындағы нақты есеп объектісіне талдамалы карточка-шоты сәйкес келеді. Шаруашылық актілері журналға «қолмен» немесе авоматты түрде енгізіледі. Барлық жазулар проводкаларды тіркеу журналына жазылады. Журналдағы жазулар корреспонденттік шоттар және проводкалардың ақшалоай сомасын, құжаттарды көрсететін актілерге сілтемелдерді және қажет болса заттық (натурал) немесе-және еңбек сипаттамаларын, талдамалы есеп карточкаларына сілтемелерді көрсетеді. Әр кезең үшін, сәйкес жазуларды тіркеу журналы ашылады. Есепті кезеңді жабу кезінде, осы мәліметтердің мәндерімен қоса барлық деректер үшін автоматты түрде мұрағат (архив) құрылады.

«ЛУКА-ПРО» бірнеше шоттар жоспарымен, басты журналмен бір уақытта жұмыс істеуге мүмкіндік береді. Әр шоттар жоспары үшін өзіндік базалық валюта, өзіндік есеп беру кезеңі және есеп жазбаларын тудырудың өзіндік ережесі көрсетілуі мүмкін. Осы мүмкіндіктерді пайдалана отырып,өндіріске, саудаға немес мемлекеттік бюджеттік мекемелерге бағытталған бухгалтерлік есептің көп өлшемді, көп валюталы жүйелерін құруға болады. Өңдеуді автоматтандыру деңгейі бірқатар қосымша құралдармен: есептік тәсімдер (схемалар), түзетуге, құжат жасауға мүмкіндік беретін қолайлы мәтіндік редакторлар көмегімен орындалады.

Программамен жеке режимде және желі бойынша жұмыс істеуге болады. Желідегі жұмыс Novella фирмасының Net-Ware3.XX және 4.XX басқаруымен немесе Pervasive Softwave фирмасының 5.XX, 6.XX версияларының ДҚБЖ Btrieve пен MS Windows NT жүйелерінің басқаруымен орындалады.

Жергілікті есеп желісімен жұмыс кезінде әр пайдаланушы тіркелу үшін жеке атау алады. Ол мәліметтерді пайдалануға құқығы барын көрсететін топқа енгізіледі. Пайдаланушының аты парольмен қорғалуы мүмкін.



«ГАЛАКТИКА» жүйесі.

Галактика корпорациясының көмегімен жасалған «ГАЛАКТИКА» жүйесі ірі фирмалар (корпорация) қызметін басқаруға арналған желілік жүйе болып табылады. Бұл жүйе әртүрлі саланы: өндіру, тасымалдау, шикізат қорын қайта өңдеу, химиялық және мұнай өнеркәсіптерін, машина жасау, құрылыс индустриясын және жеңіл өнеркәсіпті қамтиды. Кәсіпорын ерекшеліктерін ескере отырып, олардың бір-бірімен байланысын бірыңғай жүйе құру арқылы, күнделікті жұмыс жағдайын айқын кескіндеп, келешекті көрсету барысында батыстық аналогтар деңгейінде қызмет атқарады. Жүйенің икемді құрылымы, бір уақытта бірнеше филиалдармен немесе кәсіпорын бөлімшелерімен бірнеше стандарттар бойынша көп жоспарлы қосарлас есеп жүргізуге мүмкіндік береді. Сонымен қатар экономикалық талдау құралдарының арқасында жүйе салық салудың айқын тәсімін және салықты артық төлеу мен айып-пұлдардан аман болу мақсатында төлемдер құрылымын анықтауға мүмкіндік береді. «Клиент-сервер» технологиясы бойынша жасалған өте танымал программалық өнім болып табылады. Деректер қорының сервері ретінде Pervasive Software фирмасының немесе Microsoft фирмасының MS SQL Sever ДҚБЖ-і пайдаланылады. Ол қазіргі кезде Oracle, Sybase және Infortix тұғырнамалары бойынша іске асырылуда. Галактика программалық кешені Microsoft Word мәтіндік редакторы және Excel кестелік процессорымен OLE механизмі арқылы өзара байланысады.

Галактика жүйесінің құрылымы мынадай контурлардан тұрады:


  • әкімшілікті басқару контуры;

  • жедел басқару контуры;

  • өндірісті басқару контуры;

  • бухгалтерлік есеп контуры.

Корпоративті ақпараттар жүйесін әкімшілік басқару мынадай модуьдерден тұрады:

  • маркетингті басқару;

  • қаржылық жоспарлау;

  • шаруашылықты жоспарлау;

  • жобаны басқару;

  • қаржылық талдау және шаруашылық қызметі;

  • есеп және кадрды басқару.

Жедел басқару контуры мынадай программалық модульдерден тұрады:

  • сатып алуды басқару (жабдықтау);

  • қойма есебі;

  • сатуды басқару (өткізу);

  • көлік;

  • жабдықтаушылар және сатып алушылармен есеп айырысу;

  • консигнациялық тауарларды басқару;

  • сауда құжырасы;

  • өндірістегі материалдық құндылықтар есебі.

Super Tree жүйесі. Экономикалық программалар нарығында «АДМ» фирмасы жасаған «Super Tree» атты жаңа өнім пайда болды. «Super Tree»-дің батыс және ресей бизнесінде қолданылып жүрген басқа программалардан айырмашылығы сонда, ол бір уақытта бірнеше есеп формаларымен: қаржылық есеп, қойма, кадр, сондай-ақ қамсыздандыру компанияларының, ресторандардың негізгі қызметін автоматтандыруға арналған. «Super Tree» программасындағы кешендік есеп мәселелері көрнекті және оңай шешіледі. Программамен жұмыс нақты кәсіпорынды көрсететін ағаш тәріздес құрылымды құрудан басталады.

Программаның басты менюі негізгі үш тармақтан тұрады: ЕНГІЗУ, ТҮЗЕТУ және ҚАРАУ,ТҮЗЕТУ пункті жүйеде бар негізгі компоненттерден: БҰТАҚ, ОБЪЕКТ, КЕСТЕ, ЕСЕП БЕРУ және АНЫҚТАМАЛЫҚТАР-дан тұрады.

Программа іске қосылғаннан кейін экранға басты меню мен каталогтардың ағаш түрі шығады. Жаңа тармақ қосу үшін курсорды сол тармаққа қойып ТАРМАҚ ҚОСУ кнопкасын басыңыз. Экранға тармақтың атауын сұраған терезе шығады. Әр сипаттама өзіне сәйкес келетін атаудан, типтен (САН, ЖОЛ немесе ҚҰН) және МӘНнен тұрады.

Бұдан кейін программаны қалпына келтіру, яғни кәсіпорынның қызметі кезінде тармақ бойынша қозғалысын анықтайтын ОБЪЕКТ-іні (ақшалар, тауарлар, қызметкерлер, тағы басқалар) беру керек. Ол үшін программаның басты менюіндегі ОБЪЕКТІНІ ТҮЗЕТУ тармағын таңдау жеткілікті.

Кәсіпорынның шаруашылық қызметі жайлы барлық ақпарат объектілерді ағаш бойынша жылжыту арқылы деректер қорында сақталады. Жаңа жылжытуды орындау үшін ЖЫЛЖЫТУДЫ ОРЫНДАУ кнопкасын басып, экранда пайда болған терезедегі өрісті толтырыңыз.

«ТСВ БУХГАЛТЕРИЯ» жүйесі. ТСВ СОФТ фирмасы жасаған «ТСВ БУХГАЛТЕРИЯ» жүйесі ірі кешендік программалардың бірі болып табылады. Шаруашылық операциялар журналына талдау есебі бойынша екі жақты жазу әдісімен берілген сәйкес бастапқы проводкалар енгізіледі. Енгізілген проводкалар мен қалдықтар негізінде программа кез келген кезеңде, кез келген шоттар бойынша экранға келесі ведомостарды береді: операциялар есебінің ведомосы; журнал-ордерлер; бас кітап; шахматка; барлық шоттар бойынша қалдық-айналым ведомосы; баланс. Талдау жүргізілетін шоттар бойынша тапсырыскерлер (клиенттер) карочкасы және қалдық-айналым ведомосы беріледі. Керекті бөліктердегі кез келген анықтамалықтарды қарап шығуға және түзетуге болады.

Жалақы қосалқы кешенінде жалақыны есептеу, одан ұстап қалу, қорларға аудару және қосалқы бөлім тізімдеріне байланысты операциялар орындалады. Сәйкес кестеде бірқалыпты ұстау тәсілі бойынша табыс салығы автоматты түрде өсу қорытындысы бойынша есептелінеді. Жалақы бойынша келесі тізімдемелер алуға болады: жалақыны есептеу тізімдемесі; кассадан беру ведомосы; табыс және табыс салығын ұстап қалу кестесі; ақша есептеу, ұстап қалу және қорға аударымдар, есеп айырысу парақшаларының жиынтығы және тағы басқалар.

Тауарлы-материалдық есеп шексіз қоймалары мен материалдық жауапты тұлғалар бойынша есеп жүргізуге мүмкіндік береді. Тауарлардың (материалдардың) барлық қозғалысы жүкқұжат үрінде іске асырылады. Кірістік жүкқұжаттар (накладнойлар) арқылы материалдар кірістеледі (мұнда көлік шығындары, кедендік тарифтер, сертификаттар, акциздер өзіндік құнмен қоса есептелінуі мүмкін) және ағымдағы қалдықтарға қосылады. Ағымдағы қалдықтар бойынша шот фактуралары, шығындық жүкқұжаттар, ішкі қозғалыстағы жүкқұжаттар және қайтарымдық жүкқұжаттардың көшірмесі алынады. Жүкқұжаттардың кез келген түрі бойынша жүкқұжаттардың өзін және жүкқұжаттың тізімін баспаға немесе экранға шығаруға болады. Негізгі құралдар мен материалдық емес активтр бойынша өтелім (амортизация) есебінің тізімдемелерін толығымен және топтап алуға болады.



Программаның көппайдаланымдық үлгісі желілі және электрондық пошта арқылы алыстатылған компьютерлермен ақпарат алмасу мүмкіндігі бар.

«SOILOMON 4» жүйесі. «SOILOMON 4» жүйесі көптеген тілдерде көп валюталы есеп жүргізуге арналған бухгалтерлік программа. Бұл деректер қорына тез кіруге және алыстатылған ақпарат алмасу мүмкіндігін жасайтын ең тиімді жүйе болып табылады.

1С Предприятие 7.7 компоненті

1С Предприятие 7.7 үш түрлі вариантпен негізгі үш компонентке негізделіп жасалған: 1С Бухгалтерия (компонент "Бухгалтерлік есеп"),1С Торговля и Склад (компонент ” Оперативтік"), 1C Зарплата и кадры (компонент "Есептеу"). Программалармен жеке режимде және желі бойынша жұмыс теуге болады. “Сауда және қойма ” модулі – жүйе көтерме сауда және ұсақ көтерме сауда, өткізу бөлімі мен өндірістік кәсіпорындарды жабдықтау және қызмет көрсету саласына арналған.

Еңбекақы модулі – кез келген меншіктегі кәсіпорын үшін еңбекақыны есептеуге және кадр жұмысын жүргізуге арналған кәделі программадан тұратын ішкі жүйе.
Өз-өзін бақылау сұрақтары

  1. Субконто, меню, мұрағат, айды жабу, кезеңді жабу, типтік операция режимі, журнал, проводкаларды тексеру анықтамалығын т.б. қалай түсініктеме бересіз?

  2. Мини –жүйелер, шағын және әр жақты (әмбебап) жүйелер дегеніміз не, оларға қандай программалар жатады, мысал келтіріңіз.

  3. Ірі кәсіпорындарға бағытталған кешендік жүйелер дегеніміз не, оларға қандай программалар жатады, мысал келтіріңіз.

Негізгі әдебиеттер тізімі:

  1. Чистов Д. В. Основы компьютерной бухгалтерии. Учебный практикум по ведению бухгалтерского учета в 1С: Бухгалтерии№ Москва 2002 ж.

  2. Умнов Э.А., Чистов Д. В. Бухгалтерский учет на персональной ЭВМ. Учебный практикум по ведению бухгалтерского учета в «1С: Бухгалтерии». Москва 2004 ж.

  3. Фигурнов В., Давыдова В., Нуралиева С., Постнова С. 1С: Бухгалтерия – проф для WINDOWS .

  4. Ковбасюк М.Р., Соколовская З.Н., Беспалов В.И. «Анализ финансовой деятельности предприятия с использованием ПЭВМ. М: Финансы и статистика» 1997 ж.

  5. В. В. Радостовец «Сквозной пример» по бухгалтерскому и налоговому учету с заполнением форм бухгалтерской и налоговой отчетности, Алматы 1998 ж.

  6. Подольский В. И., Дик В. В. Бухгалтерский учет на персональных ЭВМ. М., 1996 ж.

  7. Васючков Е. Ф., Гамодская Л. Е. Практическое пособие «Бухгалтерский учет с 1С: Бухгалтерией 7.7», Алматы, Раритет 2002 ж.

  8. Васючков Е. Ф. Индивидуальный предприниматель+1С7.7. - Алматы : 2006.

  9. Сұлтанбекова, А. О. Бизнестегі қазіргі заманғы ақпараттық технологиялар - Алматы : Экономика, 2009 ж.

  10. Таттибаев, К. М. 1С Предприятие 7.7 Казахстанская стандартная версия: учеб. пособие / К. М. Таттибаев. - Алматы : 2005г.

Қосымша әдебиеттер тізімі

  1. Журнал «Бухгалтер плюс компьютер», 2009-2010 ж.ж.

  2. Васючков Е. Ф., Сапа Т. И. «1С: Предприятие 7.7., 8.0 Бухгалтерский учет для Казахстана» Самаоучитель, Алматы 2007 ж.

  3. Руководство пользователя по «1С: Предприятия» версия 7.7 Москва 2001 г. Фирма 1С.

  4. Таттибаев К. М. «1С: Бухгалтерия с МСФО для Казахстана», Алматы 2009 ж.


Дәріс-2 Программаны жұмысқа дайындау. Талдамалы, жинақтамалы, сандық және валюталық есептерді ұйымдастыру
Дәрістің мақсаты: 1С:Бухгалтерия программасында талдамалы, жинақтамалы, сандық және валюталық есептерді ұйымдастыру.
Дәрістің сұрақтары:

1. 1С:Бухгалтерия программасында талдамалы, жинақтамалы, сандық және валюталық есептерді ұйымдастыру

2. Субконто және субконто түрлерін анықтау.

3. Мәліметтерді анықтамалықтарға енгізу.

4. Анықтамалықтарды шоттармен байланыстыру.

5. Шоттар Жоспары. Талдамалы, жинақтамалы, сандық және валюталық есептер жүргізу белгілерін қою.


Талдамалы есеп жүргізу және алғашқы құжаттарды құру барысында анықтамалықтардың құрылымын пайдалану ең негізгі ақпарат болып табылады. 1С: Бухгалтерия жүйесінде көп деңгейлі анықтамалықтар (5 деңгейге дейін) ұйымдастыруға болады. Бұл шоттар бойынша көп деңгейлі талдамалы есеп жүргізуге мүмкіндік береді. Жүйеде бағынышты анықтамалықтар механизмі қарастырылған. Мұндай механизм әр түрлі анықтамалықтардың элементтерін бір-бірімен, мысалы, кәсіпорынмен жасалған шартты, тауарлар мен олардың өлшем бірлігін, тағы басқаларын байланыстыруға мүмкіндік береді. Бағынышты анықтамалықтардағы әрбір элементі негізгі (иемденуші) анықтамалықтың нақгы бір элементімен байланысты. Жұмыс барысында бағынышты анықтамалық терезесінен таңдалған элементтер жиынтығы негізгі иеленуші анықтамалықтың ағымдағы элементі болып табылады. Мысалы, ұйымның анықтамалығында курсор нақты элементке қойылған болса (нақты ұйым), онда оның бағынышты келісім-шарттар анықтамалығында тек ағымдағы ұйымның келісім-шарттары туралы деректер шығарады.

Анықтамалықпен жұмыс екі режимде жүреді:

=> анықтамалықтан элементті таңдау;

=> анықтамалықтағы элементтерді түзету және қарап шығу.

Қарап шығу және таңдау режимінде анықтамалықтарды программаның басты менюінен, құралдар тақтасынан, басқа формалардың немесе басқа амалдардың кнопкасын басу арқылы ашуға (қол жеткізуге) болады.

Тандау режимінде субконто мәнін, тұрақтыларды, басқа анықтамалық деректемелерін немесе құжат деректемелерін енгізу үшін, F4 пернесін немесе кнопкасын басу арқылы анықтамалықты ашуға болады. Бұл екі режимнің айырмашылығы сонда таңдау режимінде анықтамалықтан курсорды керекті элементке қойып, Enter пернесін немесе құралдар тақтасынан керекті кнопканы басу арқылы түзетілетін деректемені (реквизитті) немесе тұрақтының мәні ретінде ағымдағы элементті енгізе аласыз.

Анықтамалық формасына программаның басты менюіндегі "Амалдар (Операции)" пунктінен "Анықтамалық (Спрвочник) бөлімін немесе құралдар тақтасынан



кнопкасын таңдау арқылы қол жеткізуге болады. Әкранға жүйедегі тізімде бар анықтамалықтар тізімі шығады. Маустың немесе перненің көмегімен тізімнен керекті анықтамалықтың атауын таңдап OK кнопкасын басыңыз. Экранға жүйеде бар анықтамалықтар тізімі шығады. Егер анықтамалық көп элементтен және көп бағанадан тұрса, оңда анықтамалық кестесіне оның нақты бөлігі шығады, ал кестенің сол жағына және төменгі бөлігіне қарау сызығы шығады. Егер ағымдағы анықтамалық үшін менюдің Әрнкет(Действия) пунктіндегі Сатылы(Иерархиялық) тізім командасы таңдалған болса, онда анықтамалық бағанасының сол жағына жолдың типін көрсететін шартты белгілер шығады:

- Бұл жол анықтамалықтың элементін көрсетеді.

- Бұл жол анықтамалық тобына сәйкес келеді. Топтардың тақырыбы анықтамалық тізімінің жоғарғы жағында орналасқан. Маустың оң жақ кнопкасын екі рет басу арқылы осы топқа кіретін анықтамалық элементін таңдауға болады.

- Бұл жол қарап шығуға ашылған топтар атауын көрсетеді. Мұндай жолдар анықтамалық атауы ретінде кестенің жоғарғы бөлігінде орналасады және түзетуге болмайды. Маустың сол жақ кнопкасын осы топқа екі рет басу арқылы топты жабуға болады. Бұдан басқа анықтамалықтар элементін және анықтамалықтар тобын жоюға арналған, шартты белгілер болуы мүмкін.

Анықтамалықты қарап шығу

Аныктамалықтағы жолдың екі түрі болуы мүмкін: анықтамалықтың элементі және акықтамалық тобының атауы. Анықтамалықтағы топты ашу келесі тәсілдердің бірімен орындалуы мүмкін:

- Кестедегі керекті топ атауының таңбасына маустық көмегімен екі рет басу

немесе

- Курсорды керекті топ атауына қойып CTRL+

немесе


-Курсорды керекті топ атауына қойып программанын басты менюіндегі «Әрекет (Действш)" пунктінің «Келесі деңгей (Следующии уровснь)" командасын таңдау.

Осы топ атауы және жоғарғы деңгейдегі барлық топтардың атауы кестенің бірінші жолында көрсетіледі. Алдыңғы деңгейге қайта оралу үшін CTRL+ пернесінің қосыңдысын басыңыз. Егер бірінше деңгейді аттап өткіңіз келсе, керекті жолдағы топ атауының таңбасна маустың көмегімен екі рат басыңыз.

Топтың бұтақ тәріздес түрін қарап шыгу

Топтың бұтақ тәріздес түрінің құрамы анықтамалықтағы топтың атауынан тұрады және ол біріншіден, анықтамалықтың құрылымын қарап шығу үшін, екіншіден, анықтамалықтың нақты тобына кіретін элементтерге тез өту үшін ыңғайлы. Бұтақтағы "+" таңбасы осы бұтақтың ішінде қосалқы бұтақ барын білдіреді. Топты ашу маустың көмегімен таңбаға екі рет басу арқылы орындалады "+" таңдасы "-" ке ауысады. Ал топты жабу ушін "-" таңбасын маустың көмегімен екі рет басу жеткілікті.



Анықтамалық элементтерін реттеу

Анықтамалық терезесі көруге немесе элементтерді таңдауға ашылғанда оны коды, элементтердің атауы немесе кез келген деректемесі бойынша реттеуге болады. Реттеуді программаның басты менюіндегі "Әрекет (Действия)" пунктінің "Реттеу (Сортировка)" командасын таңдау арқылы орындалады. Реттеуді жылдамдату үшін келесі пернелер қосындысы қолданылады:

CTRL+1 элементті коды бойынша реттеу;

СTRL+2 элементті атауы бойынша реггеу;

CTRL+3 кез келген деректеме бойынша реттеу.

Аиықтамалыққа жаңа элемеит енгізу

Анықтамалыққа жаңа элемент енгізу үшін келесі амалдар орындалады:

- Анықтамалық терезесіндегі құралдар тақтасынан кнопкасын таңдаңыз

немесе

- INS пернесін басыңыз



немесе

- Программаның басты менюіндегі "Әрекет (Действия)" пунктіндегі "Жаңа (Новый)" командасын таңдаңыз.

Анықтамалықтағы элементтерді түзету үшін курсорды түзетілетін ұяшыққа қойып ENTER пернеcін басыңыз немесе маустың көмегімен сол элементке екі рет басыңыз. Егер түзету элементтерді таңдауға ашылған анықтамалықта болса, онда түзету режимінен ұяшықтарға өту SHIFT+ Enter пернелерінің көмегімен орындалады. Деректемелерді түзету барысында жолдың басқа бағанасына өту үшін Таb және SHIFT+ Enter пернелері қолданылады. Деректемелердегі өзгерістерді аяқтау үшін құралдар тақтасындағы кнопкасын немесе Enter пернесін басу керек. Ал, түзетуден бас тарту үшін ЕSC пернеcін басыңыз. Қарап шығу көппайдаланымды режимде, яғни бір ақпарат қорымен бір уақытта бірнеше пайдаланушы жұмыс істеген кезде қолданылады. Анықтамалық элементтерін қарап шығу үшін курсорды жолдың керекті элементіне қойып, келесі іс-әрекеттердің бірін орындаңыз:

- Анықтамалық терезесіндегі құралдар тақтасынан кнопкасын таңдаңыз

немесе

- Программаның басты менюіндегі "Әрекет (Действия)" пункті бойынша "Қарау (Просмотр)" командасын таңдаңыз.



Анықтамалықтың элементтерін жою(жоюға белгілеу)

Анықтамалықтан элементтерді жою және жоюға белгілеу үшін курсорды керекті элементке қойып келесі ісәрекеттердің бірін орындаңыз:

- Del пернесін басыңыз

немесе


- Анықтамалық терезесіндегі құралдар тақтасынан кнопкасын таңдаңыз

немесе


- Менюдің "Әрекет (Действия)" пунктінің "Жою (Удалить)" командасын таңдаңыз.

Экрандағы сұранысқа Иә (Да) деп жауап бергенен кейін, элемент жойылады (жойылуға белгіленеді).



Жойылуға белгіленген белгіні алып тастау.

Анықтамалық элементтеріндегі белгіні алып тастау үшін

курсорды керекті элементке қойып, келесі әрекетгердің бірін орындаңыз:

-DEL пернесш басыңыз

немесе

- Анықтамалық терезесіндегі құралдар тақтасындағы кнопкасын таңдаңыз



немесе

- Программаның басты менюінің " Әрекет (Действия)" пунктінің "Жоюдағы белгіні алып тастау (Отменить пометку на удаление)" командасын таңдаңыз.

Экранға элементтердегі белгіні алып тастау сұранысы шығады. Иә (Да) деп жауап бергенен кейін анықтамалықтағы элемент қайта қалпына келеді, яғни белгіні алып тастайды.

Анықтамалық элементін көшіру

Жаңа элемент немесе элементтер тобын көшіру, анықтамалықта бар элементтерді немесе элементтер тобын көшіру арқылы енгізілуі мүмкін. Ол үшін курсорды керекті элементке немесе элементтер тобына қойып, келесі әрекеттердің бірін орындау жеткілікті;

- F9 пернесін басыңыз

немесе


- Анықтамалыктар терезесінің құралдар тақтасынан кнопкасын басыңыз

немесе


Программаның "Әрекет (Действия)" пунктінен "Көшіру (Копировать)" командасын таңдаңыз.

Тұрақтылар анықтамалығы

Кәсіпорын жайлы барлық ақпарат "Тұрақтылар тізіміне" енгізіледі. Анықтамалықтың ыңғайлылығы сонда, оған ақпарат бір рет енгізіліп, құжат құру, нәтижелерді есептеу, есеп беру құжаттарын алу барысында көп рет қолданылады. Белгілі бір құжаттардағы кәсіпорынның атауына өзгеріс енгізу үшін, тұрақтылар анықтамалығына өзгеріс енгізу жеткілікті, ал құжаттардағы барлық осы тұрақты кездесетін жол автоматты түрде өзгереді.

Тұрақтылар анықтамалығы экранға программаның басты менюінің "Амалдар (Операции)" пунктінен "Тұрақтылар(Константы)" бөлімін немесе құралдар тақтасынан кнопкасын таңдаңыз. Тұрақтылар мәнін өзгерту үшін, курсорды керекті мәнге қойып Enter немесе Sһіft+Еnter пернелерінің қосындысын басыңыз. Тұрақтылар тізімінде соңғы енгізілген мәндер ғана емес, бұғанға дейін енгізілген мәндер де күні бойынша сақталады. Мұндай механизм тұрақгының кез келген мәніне, кез келген күні бойынша қол жеткізуге мүмкіндік береді.

Тұрақтылар мәні тарихын қарап шығу үшін керекті тұрақтыны таңдап келесі әрекеттердің бірін орындаңыз:

- F5 пернесін басыңыз;

немесе


- Тұрақтылар анықтамалығы құралдар тақтасынан кнопкасын таңдаңыз;

немесе


- Программаның басты менюінің " Әрскет (Действия)" пункті бойынша "Тарихи мәні (История значения)" командасын таңдаңыз.

Тұрақтрылар мәні тарихы терезесі экранга екі бағанадан күнінен және тұрақтылар мәнінен тұратын кесте түрінде шығады. Кесте жазулардың күні бойынша ретгелген. Тұрақтылар тарихына өзгеріс екі түрлі әдіспен: жаңа мән енгізу арқылы немесе тұрақтылар тарихында бар мәнге өзгеріс енгізу арқылы жүргізіледі. Тұрақтылар тарихы мәніне өзгеріс енгізу Тарих (История) терезесінде жүргізіледі.

Жаңа жол енгізу үшін келесі әрекеттердің бірін орындаңыз:

- Тұрақтылар тарихи терезесінің құралдар тақтасынан кнопкасын басыңыз;

немесе


- INS пернесін басыңыз немесе

- Басты менюдің "(Әрекет) Действия" пунктінің "Жаңа жол (Новая строка)" командасын таңдаңыз.

Кестеге күнін және тұрақтының мәнін енгізуді сұраған жаңа жол енгізіледі. Тұрақтылар тарихына жаңа жол енгізуден бас тарту үшін ESC пернесін басыңыз.

Жаңа жолды тұрақтылар анықтамалығына бар мәнді көшіру арқылы енгізеді. Ол үшін курсорды керекті жолға қойып келесі әрекеттердің бірін орындаңыз:

-F9 пернесін басыңыз

немесе


- Шоттар жоспары терезесінің құралдар тақтасынан кнопкасын тандаңыз

немесе


- Программаның “Әрекет (Действия)” пунктінен "Жолды көшіру (Копировать строку)" комаңдасын таңдаңыз.

Керекті түзетулерді орындағаннан кейін ENTER пернесін басыңыз.

Тұрақтылар тарихынан жолды жою үшін курсорды керекті жолға қойып, келесі әрекеттердің бірін орындаңыз:

- DEL пернесін басыңыз

немесе

- Шоттар жоспары терезесіндегі құралдар тақтасынан кнопкасын тандаңыз



немесе

- Программаның басты менюінің " Әрекет (Действия)" пунктінің "Жолды жою (Удалить строку") командасын таңдаңыз.

-Экранға жолды жою туралы сұранысы Иә ( Да) деп жауап бергенен кейін

Тұрақтылар тарихынан жол жойылады.

Шоттар жүйесі

Программамен жұмысты бастамас бұрын бухгалтер пайдаланушы кәсіпорында жүргізілетін есептің негізгі принципін және оны жүргізу барысында қолданылатын шоттарды анықтап алып, оны қазақстандық шоттар жоспарына ауыстыруы керек, осы шоттар негізінде бухгалтерлік есеп жүргізіледі және керекті құжаттар алынады. Кәсіпорында нормативтік құжаттармен берілген стандартты шоттар жоспары және басқада арнайы шоттар жоспары қолданылады. Шот­тар жүйесі кәсіпорынның есеп саясатына байланысты. 1C: Бухгалтерия жүйесінде есепті бірнеше шоттар жоспарында жүргізу мүмкіндіктері қарастырылған.

Шоттар жоспары басты менюдің "Амалдар (Операции)" пунктінен "Шоттар жоспары (План счетов)" бөлімін тандау арқылы немесе құралдар тақтасынан кнопкасын басу арқылы іске қосылады. Шоттар жоспарының әр жолы бухгалтерлік есептің нақты немесе қосалқы шоттың көрсететін кестесінен тұрады:

Код - шоттың толық коды(нөмірі);

Атауы (Наименование) - шоттың/қосалқы шоттың атауы;

Вал. - валюталық есеп жүргізу белгісі. Егер берілген шот немесе қосалқы шот бойынша валюталық есеп жүргізілсе, онда "Вал." бағанасына (+) таңбасы қойылады;

Кол. - сандық есеп жүргізу белгісі. Егер берілген шот немесе қосалқы шот бойынша сандық есеп жүргізілсе, онда "Кол." Бағанасына (+) таңбасы қойылады;

Заб. – баланстан тыс шоттар белгісі;

Акт. - активтік шоттар белгісі. Нақты белгілер мынадай мәндерді қабылдайды: А - активтік, П - пассивтік, АП -активті-пассивтік;

Субконто 1,..,Субкоито 5 - Субконто түрінің мәні, бағанада көрсетілген берілген шоттың талдамалы есебін анықтайды. Мысалы, кестеде көрсетілгендей Субконто1 бағанасындағы Негізгі құралдар бірінші деңгейдегі субконто түрі - "Негізгі құрал", ал Субконто2 бағанасындағы екінші деңгейдегі субконто түрі — "Бөлімшелер" екенін, яғни осы шот бойынша талдамалы есеп жүргізіетінін білдіреді.

Егер жүйеде бірнеше шот қолданылатын болса, онда терезенің жоғарғы жағына шоттар жоспарының атауы көрсетілген кескін (закладка) шығады. Керекті шоттар жоспарын тандау үшін сол кескіннің бірін таңдаған жеткілікті немесе басты менюдегі "Әрекет (Действия)" пунктінен "Шоттар жоспарын тандау (Выбрать план счетов)" командасын таңдау керек.


Өз-өзін бақылау сұрақтары
1. Субконто және субконто түрлері дегеніміз не, мысал келтіріңіз.

2. Мәліметтерді анықтамалықтарға енгізу, түзету, көшіру, өшіру барысында қолданылатын командалар мен батырмаларды атаңыз.

3. Анықтамалықтарды шоттармен қай жерде байланыстырылады.

4. Талдамалы, жинақтамалы, сандық және валюталық есептер жүргізу белгілері деген не, және олар қай жерде қойылады.


Негізгі әдебиеттер тізімі:

  1. Чистов Д. В. Основы компьютерной бухгалтерии. Учебный практикум по ведению бухгалтерского учета в 1С: Бухгалтерии№ Москва 2002 ж.

  2. Умнов Э.А., Чистов Д. В. Бухгалтерский учет на персональной ЭВМ. Учебный практикум по ведению бухгалтерского учета в «1С: Бухгалтерии». Москва 2004 ж.

  3. Фигурнов В., Давыдова В., Нуралиева С., Постнова С. 1С: Бухгалтерия – проф для WINDOWS .

  4. Ковбасюк М.Р., Соколовская З.Н., Беспалов В.И. «Анализ финансовой деятельности предприятия с использованием ПЭВМ. М: Финансы и статистика» 1997 ж.

  5. В. В. Радостовец «Сквозной пример» по бухгалтерскому и налоговому учету с заполнением форм бухгалтерской и налоговой отчетности, Алматы 1998 ж.

  6. Подольский В. И., Дик В. В. Бухгалтерский учет на персональных ЭВМ. М., 1996 ж.

  7. Васючков Е. Ф., Гамодская Л. Е. Практическое пособие «Бухгалтерский учет с 1С: Бухгалтерией 7.7», Алматы, Раритет 2002 ж.

  8. Васючков Е. Ф. Индивидуальный предприниматель+1С7.7. - Алматы : 2006.

  9. Сұлтанбекова, А. О. Бизнестегі қазіргі заманғы ақпараттық технологиялар - Алматы : Экономика, 2009 ж.

  10. Таттибаев, К. М. 1С Предприятие 7.7 Казахстанская стандартная версия: учеб. пособие / К. М. Таттибаев. - Алматы : 2005г.

Қосымша әдебиеттер тізімі

  1. Журнал «Бухгалтер плюс компьютер», 2009-2010 ж.ж.

  2. Васючков Е. Ф., Сапа Т. И. «1С: Предприятие 7.7., 8.0 Бухгалтерский учет для Казахстана» Самаоучитель, Алматы 2007 ж.

  3. Руководство пользователя по «1С: Предприятия» версия 7.7 Москва 2001 г. Фирма 1С.

  4. Таттибаев К. М. «1С: Бухгалтерия с МСФО для Казахстана», Алматы 2009 ж.


Дәріс-3 Операциялар журналы. Бастапқы қалдықтарды енгізу
Лекция мақсаты: Бастапқы қалдықтар түсінігі және оны операциялар журналына енгізуді үйрету.
1. Операциялар, проводкалар, құжаттар журналының қызметі және форматы. Журналдар параметрі және оны орнату.

2. Журналдармен орындалатын операциялар.

3. Бастапқы қалдықтарды шоттар бойынша енгізу. Талдамалы, жинақтамалы, валюталық және сандық есеп қалдықтарын енгізу

4. Қалдықтардың дұрыстығын тексеру. Қателердің түрлері. Қалдық айналым ведомосы. Шоттар карточкасы.

5. Қалдықтар бойынша Кіріспе Баланс.
Проводкалар журналы

Проводкалар журналы енгізілген операцияларды бухгалтерлік проводкалар тізімі түрінде қарауға мүмкіндік береді. Әр операция бір немесе бірнеше проводкалардан тұруы мүмкін.

Проводкалар журналын шақыру үшін программаның "Амалдар (Операции)" басты менюінің "Журналдар)" бөлімін таңдаңыз немесе құралдар тақтасынан кнопкасын басыңыз. Проводкалар журналы әр жолы проводкалардың корреспонденцияларынан тұратын кесте түрінде бейнеленеді. Проводка журналының бағаналарында проводкаға, сондайақ операцияға тиісті проводкаларға байланысты мәліметтер көрсетіледі. Төменде проводка журналының бағаналарының атаулары және оның құрамы келтірілген. Бағана атаулары нақты конфигурацияға байланысты болады.


  • "Уақыты" - операция (құжат) уақыты;

  • "Құжат" - осы операцияға тиісті құжат атауының түрі. Егер операция қолмен енгізілген болса, онда ол арнайы "Операция" түріне жатады.

  • Нөмер-операция нөмірі.

  • "Түсініктеме" - операцияның түсініктемесі.

  • "Операция сомасы" - операция сомасы. Берілген мәнді пайдаланушы көрсетеді немесе операцияны құжат арқылы жазғанда автоматты түрде құрылады.

  • "Проводка нөмірі" - операцияға тиісті проводканың реттік нөмірі. Егер проводкалар журналының жолы проводкалардың корреспонденциясынан, яғни, оның бөлігінен тұрса, онда корреспонденция нөмірін екі жолдан тұрады.

  • "Шоттар жоспары" - проводканың дебеттік және кредиттік шоттарын анықтайтын шоттар жоспарының атауы.

  • "Дебет шоты" - проводканың дебеттік шоты.

  • "Кредит шоты" - проводканың кредиттік шоты.

  • "Субконта" – проводка субконтосы.

  • "Валюта" - проводкадағы валюта атауы. Егер конфигурацияда анықгалған болса, валюталық есеп жүгізу үшін қолданады.

  • "Бағам " – проводканың ағымдағы валюта бағамы

  • "Саны "- прводка саны. Сандық есеп жүргізу үшін қолданады.

  • "Вал. Сомасы "-валютамен берілген проводка сомасы. Валюталық есеп жүргізу үшін қолданылады.

  • "Сома "- проводка сомасы.


Журналдағы жазулардың орналасу тәртібі

Журналдардағы жазу:



  • күні бойынша;

  • күнінің ішінде құжаттың уақыты бойынша; егер жүйеге бірнеше құжат бір күнде немесе бір ұақытта енгізілген болса, онда олар енгізілген тәртібі бойынша реттеледі.


Журналға енгзілген кұжаттармен жұмыс

Барлық құжаттар "Құжаттар журналына" тіркеледі. Құжаттарды қарап шығуға және түзетуге ашу үшін, журналдағы сол құжатты таңдап Enter пернесін басыңыз. Түзету енгізілгеннен кейін оны сақтау үшін "ОК" кнопкасын немесе түзету енгізуден бас тарту үшін "Бас тарту (Отмена)" кнопкасын басыңыз. Бар құжат негізінде жаңа құжат енгізу үшін, журналдағы жаңа құжат енгізуге негіз (үлгі) болатын құжатты таңдаңыз. Программаның басты менюінің "Әрекет (Действия)" пунктінен (Негізде енгізу) Ввести на основании" режимін тандап және құжаттар тізімінен құжаттың түрін таңдап "ОК" кнопкасын басыңыз. Экранда кейбір деректемелері толтырылған құжаттың түрі шығады, қажетті деректемелерді толтырып журналға жазу үшін "Ок" кнопкасын басыңыз. Ал құжатты көшіру үшін құжаттар журналынан сол көшірілетін құжатты таңдап, менюдегі "Әрекет (Действия)" пунктіндегі "Көшіру (Копировать)" режимін таңдаңыз. Экранда берілген кестеден керекті деректемелерді түзетіп, оны журналға жазу үшін "Ок" кнопкасын басыңыз. Құжатты жою үшін құжаттар журналынан жойылуға тиісті құжатты таңдап, программаның басты менюіндегі "Әрекет (Действия)" пунктінен "Жою (Удалить)" режимін немесе құралдар тақгасынан кнопкасын таңдаңыз, экранда шыққан сұраныстан жойылуға тиістісін таңдап "Ок" кнопкасын басыңыз. Құжат жойылуға белгіленеді. Оны алып тастау үшін барлық терезелерді жауып менюдің "Амалдар (Операции)" пунктінен "Белгіленген объектілерді жою (Удалить помеченных объектов)" режимін таңдаңыз.


Құжаттар операциясыныц проводкасын қарауға және түзетуге ашу

Құжат операциясы проводкаларын ашу үшін келесі амалдардың бірін орындаңыз:

- Журнал терезесі немесе құжат құралдар тақтасынан кнопкасын таңдаңыз;

немесе


- Программа менюінің "Әрекет (Действия)" пунктінен "Операция проводкасы (Проводки операции)" командасын таңдаңыз.
Құжаттар операциясын қарау және түзетуге ашу

Ағымдағы құжат операциясын ашу үшін:

- Журнал терезесі немесе құжат үлгісіндегі құралдар тақтасынан кнопкасын таңдаңыз

немесе


Программа менюінің "Әрекет (Действия)" пунктінен "Құжат (Документ)" бөлімін таңдап онан "Операция ашу (Операция операцию )" командасын таңдаңыз.
Оперяциялар журналына өту

Операциялар журналына өту үшін келесі амалдардың бірін орындаңыз:

- Құралдар тақтасынан кнопкасын таңдаңыз

немесе


- Программаның басты менюінен "Әрекет (Действия)" пунктін ашып "Операциялар журналына өту (Перейти в журнал операций) " командасын таңдаңыз.

Немесе


  • Ctrl+F11 пернелерін басыңыз.


Проводкядар журналына өту

Операциялар журналына өту үшін келесі амалдардың бірін орындаңыз:

- Құралдар тақтасынан кнопкасын тандаңыз

немесе


- Программаның басты менюінен "Әрекет (Действия)" пунктін ашып "Проводкалар журналына өту (Перейти в журнал операций)" командасын таңдаңыз.

немесе


-Ctrl+F12 пернелерін басыңыз.
Журналдан іздеу

Журналдан іздеу курсор тұрған жерден бастап төмен қарай жүргізіледі. Құжаттарды нөмірі бойынша іздеу үшін менюдің "Әрекет (Действяя)" пунктінен "Нөмірі бойынша табу (Найти по номеру)" режимін таңдаңыз. Экранда "Құжатты нөмірі бойынша іздеу (Поиск документа по номеру)" терезесі шығады, құжаттың нөмірін теріп "Ок" кнопкасын басыңыз. Құжатты кез келген шарт бойынша іздеу үшін менюдің "Әрекет (Действия)" пунктінен "Іздеу (Поиск)" режимін таңдаңыз. Экранда "Іздеу (Поиск)" терезесі шығады.

- қалдық-айналым ведомосы;

- карточка-шоттары;

- шоттарды талдау (күні бойынша, талдамалы есеп объектісі бойынша);

- журнал-ордерлер;

- шоттарды талдау;

- бас кітап;

- шахматка;

- ведомостар және тағы басқалар.


Бастапқы қалдықтарды шоттар бойынша енгізу
Бухгалтерлік есепті 1С:Бухгалтерия программасымен жүргізуді жаңа тоқсаннан бастау ұсынылады.

Бастапқы қалдықты енгізбес бұрын мынадай амалдарды орындау керек:

1. Кәсіпорында қолданылатын шоттарды анықтау.

2. Субконто түрін және субконтоның өзін анықтау.

3. Талдамалы, сандық, валюталық есеп жүргізу белгілерін қою.

4. Есепті кезенді анықтау (ай, тоқсан, жыл). Қалдық өткен кезеңге (жыл болса өткен жылдың соғы айына, тоқсан болса өткен тоқсанның соңғы айына, ай болса өткен айдың сонғы күніне) енгізіледі.

5. Операциялардың көріну аралығын анықтау.

6. Қалдықты енгізу күнін (датасын) анықтау. Қалдықты енгізу күні үшін әдетте айдың соңғы күні алынады.


Көру аралығы
Көру аралығы журналды қарап шығу барысында нақты уақыт аралығында құжаттардың көрінуін анықтайды. Журналдағы жазулардың көріну аралығын қою үшін программаның басты менюіндегі "Әрекет (Действия)" пунктіндегі "Аралық (Интервал)" бөлімін немесе журналдағы құралдар тақтасынан кнопкасын таңдаңыз. Экранға "Журналдың параметрлері (Параметры журнала)" диалогы шығады. Сәйкес өріске құжаттардың көріну аралығының бастапқы және соңғы күнін теріңіз. Журналда осы көрсетілген күнге байланысты ғана құжаттар, операциялар, проводкалар шығады.
Қалдықтың дұрыстығын тексеру

Қалдықтарды журналға енгізіп болғаннан кейін оның дұрыстығы тексеріледі. Ол үшін "Қалдық-айналым ведомосын" қарап шығу жеткілікті. Егер қалдық дұрыс енгізілсе, 00 шоты бойынша соңғы Дебеттік және Кредиттік қадықтар нөлге тең болуы керек. Қалдык-айналым ведомосының дұрыстығын тексергеннен кейін қалдық бойынша Баланс алынады. Одан кейін кәсіпорынның шаруашылық қызметі басталады. Бұл кезеңде күнделікті кәсіпорында болған шаруашылық операциялары проводка немесе құжат түрінде Журналға енгізіледі және осы енгізілген проводкалар мен құжаттар негізінде керекті есеп беру құжаттары алынады.

Енгізілген проводкалар негізінде нәтижені тоқсан, жыл, ай және кез келген кезенде алуға болады. Нәтижені есептегеннен кейін программа мынадай тізімдемелерді береді:

- жиынтық проводкалар;

- қалдық-айналым ведомосы;

- талдамалы есеп объектісі бойынша қалдық-айналым ведомосы;

- карточка-шоттары;

- талдамалы есеп объектісінің нақты объектісі бойынша карточка-шоттары;

- шоттарды талдау (күні бойынша, талдамалы есеп объектісі бойынша);

- барлық шоттар бойынша талдау есебінің объектісіне талдау жасау;

- барлық шоттар бойынша талдау есебі объектісінің карточкасы;

- журнал-ордерлер;

- шоттарды талдау;

- бас кітап;

- шахматка;

- ведомостар және тағы басқалар.

Журналдарда деректер жыл бойына сақталады, яғни бұрынғы проводкаларға түзету енгізуге, қарауға және тағы басқа да деректерге қол жеткізуге болады.

Өз-өзін бақылау сұрақтары
1. Операциялар, проводкалар, құжаттар журналының атқаратын қызметі және форматы. Журналдар параметрі қай жерде қойылады.

2. Бастапқы қалдықтар қай жерге қалай енгізіледі.

3. Қалдықтардың дұрыстығы қай жерде және қалай тексеріледі.

4. Қалдықтарды енгізу барысында жиі кездесетін қателер.

5. Қалдықтар бойынша Кіріспе Баланс қай жерде алынады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет