Қайталау үшін сұрақтар :
1. Қай шоттарда және баланстың қай жағында негізгі құралдардың
бастапқы құны мен олардың тозуы бейнеленеді?
2. Негізгі құралдардың қалдық құнын қалай есептейді?
3. Аяқталмаған өндіріс қай шотта есепке алынады?
4. Есептелген еңбекақы, кәсіпорынның құралдары немесе олар-
дың көздерінің қайсысына апарылады?
5. Кассадағы қолма-қол ақша мен есеп айырысу шотындағы
ақша қайда, кәсіпорынның құралдары немесе олардың көздерінің
қайсысына апарылады?
42
15. Кіріспе баланстың мәліметтері бойынша синтетикалық шоттарды ашу. Синтетикалық шоттарда шаруашылық операцияларды жазу Баланстың активінен шаруашылық құралдар туралы мәліметтер
нәтижесінде дебет бойынша қалдықтарымен қоса, синтетикалық
шоттар ашыңыздар. Шаруашылық құралдарының көздері туралы
мәліметтер жөнінен кредит бойынша қалдықтарын қоса, синтети-
калық шоттар ашыңыздар.
20___ жылы қаңтар айында кәсіпорында төмендегі шаруашылық операциялар жасалды: 1.
Алынған материалдар үшін жеткізушінің шоты
қабылданды
— 100000 теңге
2.
Еңбекақы беру үшін есеп айырысу шотынан
қолма-қол ақша алынды
— 400000 теңге
3.
Кәсіпорын қызметкерлеріне еңбекақы берілді
— 400000 теңге
4.
Өндіріске берілген материалдар
—
80000 теңге
5.
Кәсіпорын қызметкерлеріне еңбекақы есептелді
— 500000 теңге
6.
Қызметкерлердің еңбекақысынан табыс салығы
ұсталды
— 100000 теңге
7.
Кәсіпорынның есеп айырысу шотынан
жеткізушілердің қарызы есебіне ақша аударылды — 140000 теңге
8.
Қоймаға дайын өнім өткізілді
—
60000 теңге
9.
Алушыларға дайын өнім жіберілді
— 240000 теңге
10. Алынған материалдар үшін жеткізушінің шоты
қабылданды
— 160000 теңге
11. Банктен алған несие жабылды (төленді)
— 200000 теңге
Қаңтар айындағы шаруашылық операцияларды шоттарда бейне-
леу.
Бірінші операция: шоттарда оның бейнелеу тәртібі бұдан алдын
қаралған.
Екінші операция: кәсіпорынның есеп айырысу шотынан кассаға
ақша келіп түсті, сондықтан бұл операция бойынша № 441 «Ағымдағы
банктік шоттардағы теңгемен ақша қаражат» мен № 1010 «Кассадағы
теңгемен ақша қаражаты» шоттары байланысады. Бұл операцияның
нәтижесінде банктік шоттағы ақша 400000 теңгеге кемиді және сол
сомаға кассадағы теңгемен ақша көбейеді. Бұл екеуі де активті (олар-
да кәсіпорын ақшаларының бар болуы мен қозғалысы бейнеленеді),
43
сондықтан бұл операция № 1010 шоттың дебеті және № 1040 шоттың
кредиті бойынша жазылады.
1040 «Ағымдағы банктік шоттағы 1010 «Кассадағы теңгемен
ақша қаражаты»
ақша қаражаты»