82
№ 8011 «Негізгі өндірістегі материалдар» шотына ұқсас (жалпы
шаруашылық мұқтаждықтарға материалдар босату кезінде) № 7210
«Әкімшілік шығыстар» шоты және шығындардың басқа шоттары
пайдаланылады.
№ 3310 «Жеткізушілер мен мердігерлерге қысқа мерзімді бе-
решек» шотында банктегі есеп айырысу шотынан жабылуға тиіс
қарыздар пайда болады.
Фактурленбеген жеткізіп берулер (яғни, жасалған құжат: шот-
фактурасыз келген материалдар) есепті бағалар бойынша бағаланып
және № 1310 шоттың дебеті мен № 3310 шоттың кредиті бойынша
бейнеленеді. Шот-фактураны алған кезде бұл проводка түзетіліп
жазылады (сторно), ал оның орнына жеткізушінің фактурадағы
құны бойынша дұрыс жазылу беріледі.
Түгендеу кезінде анықталған материалдық құндылықтардың кем
шығуы № 7210 «Әкімшілік шығыстар» шотының дебеті мен № 1310
«Шикізат пен материалдар» шотының кредиті бойынша жазылады.
Келіп түскен материалдық құндылықтар бойынша қосымша
құнға салынатын салықтың есебі № 65 бөлімшеде беріледі.
Синтетикалық есеппен қатар, материалдар мен құрал-саймандар
сандық-сомалық есептің карточкаларында түрлері, типтері, сортта-
ры мен мөлшерлері бойынша есептеледі. Ай сайын материалдардың
нақты бар-жоғын есептегі жазулармен салыстырып отыру керек.
Қайталау үшін сұрақтар:
1. Өндірістік қорларға нелер жатады?
2. Материалдар қай шоттарда есептеледі?
3. Материалдарды сатып алу қай шоттарда бейнеленеді?
4. Түгендеу кезінде анықталған материалдардың кем шығуы
қалай бейнеленеді?
Достарыңызбен бөлісу: