Бухгалтерлік есеп



Pdf көрінісі
бет10/167
Дата21.12.2022
өлшемі2,74 Mb.
#163838
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   167
Байланысты:
Бухгалтерлік есеп

Соңғы (жаңа) қалдық:
20000 + 
50000 — 50000 = 20000 теңге
С.б. 20000
4) 50000
1) 30000
2) 20000
Айн. 50000
Айн. 50000
С.с. 20000
Қайталау үшін сұрақтар:
1. Сальдо деген не?
2. Шот ашу деген не?
3. Шоттағы айналымдар қалай есептеледі?
4. Активті шотта соңғы қалдықты қалай есептейді?
5. Пассивті шотта соңғы қалдықты қалай есептейді?
6. Шоттарда не жазылады?
7. Шот қандай жақтардан тұрады?
8. Қосарлы жазудың есептегі маңызы қандай?
6. Синтетикалық және аналитикалық шоттар. Субшоттар
Тәптіштеудің дәрежесі бойынша шоттар синтетикалық, анали-
тикалық және субшоттар болып бөлінеді.
Синтетикалық шоттар, бұл — есептегі қорытындылаудың ең 
жоғарғы деңгейі. Синтетикалық шоттарда құралдар немесе олардың 
көздерінің түрлері бойынша есеп тек қана құндылық көрінісінде 
жүргізіледі. 
Қазақстан Республикасында есептегі бірлікті қамтамасыз ету 
үшін 1997 жылдың 1 қаңтарынан бастап кәсіпорындарда қолданылып 
жүрген синтетикалық шоттардың арнайы тізімі (номенклатурасы) 
келтірілген, субъектілердің қаржы-шаруашылық қызметі бухгал-
терлік есеп шоттарының Бас жоспарына енгізілген болатын. Одан 
соң, 2003 жылдың 1 қаңтарынан оның орнын шоттардың Типтік 
жоспары басты. Ал, 2006 жылдың 5 қаңтарынан бастап олардың ор-
нын бухгалтерлік есеп шоттарының Жұмыс жоспары басты. 


20
Құралдар мен олардың көздерін одан әрі тәптіштеу үшін 
аналитикалық шоттар қолданылады. Мысалы, № 1310 «Шикізат 
пен материалдар» синтетикалық шотында кәсіпорында бар барлық 
материалдар ақшалай түрде есепке алынады. Бірақ, бұл шоттан біз 
алатын ақпарат жеткіліксіз, өйткені қоймада қандай материалдар 
бар екенін, мөлшsерде дұрыс жұмыс жүргізу үшін дәл қандай мате-
риалдар және қанша жетіспейтіндігін біз біле алмаймыз.
Бұл сұрақтарға жауабын алуға мөлшерлі сипаттары, бірліктің 
бағасы мен т.б. көрсеткіштермен қоса, шаруашылық құралдардың 
(немесе олардың көздерінің) әрбір аталуына жүргізілетін (ашыла-
тын) аналитикалық шоттар жәрдем етеді.
Мысалы, материалдың екі түрі: кабель мен сым бар делік. Онда
№ 1310 «Шикізат пен материалдар» шоты бойынша екі аналитикалық 
шот ашамыз.
КАБЕЛЬ
Өлшем бірлігі — ұзындық/метр. Бір ұ/м-ң бағасы — 250 теңге
Дебет
Кредит

Операция 
мазмұны
Мөл-
шері
Сома-
сы

Операция 
мазмұны
Мөл-
шері
Сома-
сы
1.
20…ж. 1 қаң-
тарына С.
40
10000
2.
Ташкенттен 
келіп түсті
120
30000 1.
Өндірістік 
мұқтаждар-
ға осатылды
238
59500
3.
Семейден келіп 
түсті
80
20000
4.
Қаңтар айының 
айналымы
200
50000 2.
Қаңтар 
айының 
айналымы
238
59500
5.
20…ж. 1 ақ-
панына С.
2
500


21
СЫМ
Өлшем бірлігі — ұзындық/метр. Бір ұ/м-ң бағасы — 100 теңге
Дебет
Кредит

Операция мазмұны
Мөл-
шері
Сома-
сы

Операция 
мазмұны
Мөл-
шері
Сома-
сы
1.
20…ж. 1 қаң-
тарына С.
100
10000
2.
Қаңтар айында 
келіп түсті


1.
Өндірістік 
мұқтаждарға 
босатылды
5
500
2.
Қаңтар айының 
айналымы


2.
Қаңтар айының 
айналымы
5
500
3.
20…ж. 1 ақ-
панына С.
95
9500
Аналитикалық шоттардың мәліметтері синтетикалық шоттардың 
мәліметтерімен салыстырылады.
1. Айдың басына сальдо: 10000 + 10000 = 20000 
2. Дебет бойынша:
50000 + 0 = 50000
3. Кредит бойынша: 
59500 + 500 = 60000
4. Айдың соңына сальдо: 500 + 9500 = 10000
Аналитикалық есеп мөлшерлі сомалық есептің карточкаларын-
да (келтірілген мысалға қараңыз) немесе, егер мөлшерлі бейнелеуді 
талап етпеген жағдайда, контокоррентті (күнделікті) карточкаларда 
жүргізіледі. Сол себептен оларда жеткізушілермен есеп айырысудың 
аналитикалық есебін жүргізуге болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   167




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет